Жаратылыстану-географиялық факультеті «Биология және экология»



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,97 Mb.
#9630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

№ 3 дәріс 

Тақырып:Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері. 

 1. Биологияны  оқытудағы тәрбие жүйесі 

 2. Ғылыми дүние тануды тәрбиелеу.  

 3. Патриоттық тәрбие. 



Дәріс  мақсаты:  Биология  пәні  бойынша  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмыстарындағы  тәрбие  және 

оның түрлерімен танысу,маңызына тоқталу 



Ұғымдар: этикалық. эстетикалық, патриоттық, жыныс тәрбиесі. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 

1. Биологияны  оқытудағы тәрбие жүйесі 

Биологияның  мазмұны  және  әдістері  оқушыларды  жан  жақты  тәрбиелейді.  Биосфераға  қатынас, 

өзіндік ойлау және дамуы т.б. теортя мен практиканы ұштастырады, еңбек мәдениетін  және білімді 

жұмыста пайдалануға дағдыландырады табиғат пен қарым қатынаста отанға деген махаббат  сезімін 

оятуға эстетикалық тәрбие, ұжымда өзін ұстауға, табиғатты қорғауға этикалық мінез-құлық. Тәрбие 

білім  берумен  байланысты  өте  күрделі  үлкен  шеберлікті  қажет  етеді.  Тәрбие  тек  өзінің  оқу 

материалдарын  есте  сақтаумен  ғана  шектелмейді.  Тәрбие  жоспарлы  тек  сабақта  емес  барлық  оқу 

жұмыстарында белгілі бір жүйені керек етеді. Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі 

процесс.  Ол  мұғалімнің  біліктілігін  талап  етеді.  Тәрбие  беру  дегеніміз    оқушылардың  пәннен  алған 

білімінің  сеніміне  айналуы,ал  сенім  одан  әріжүйелі  көзқарасқа  қалыптасады.  Сенім  әрбір  жеке 

тұлғаның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасында әдетінде жүріс тұрысында және іс әрекетінде 

айқындалады.  Тәрбие  элементінін  бір  бірімен  байланысы  әлемдік  көзқарасты  тәрбиелеу 

оқушылардың  дербес  ойлау  қабілетінің  дамуымен  қоршаған  әлеміне  дұрыс  көз  қарасымен  тығыз 

байланыста  болуы  ,  ойлауды,  тәрбиелеуді  практикада  қолдану  және  эстетикамен  байланысы 

эстетикалық  тәрбие,  табиғатқа,  еңбекке  және  тұрмысқа  әрекетті  қатынаста  болатын  таным  мен 

этикаға  байланысты  этикалық  тәрбие,  әлемдік  көзқарас  ұжымдарын  танымдық  қызметпен  еңбек 

табиғатындығы  және  отбасындағы  іс-әрекетпен  байланысты  әрбір  тәрбие  элементі  түсініктер 

жүиелілігі мен әдістермен жүзеге асады. 

2.  Ғылыми  дүниетанымды  тәрбиелеу  Дүниетану    адамның  дүниеге  көзқарасын  өзара  қарым 

қатынасын  сипаттайтын  жүйе.  Әлеиге  көзқарас  әрбір  жеке  тұлғаның  өмірлік  бағдарламаларын, 

мұраты  мен  сенімін,  ынтасы  мен  құндылығын  анықтаудың  нәтижесінде  адамның  тәртібінің 

қалыптасуына  мүмкіндік  туғызады.  Дүниетанымның  теориялық  негізі  философия.  Философиялы 

білім жүйесі 4 топтан тұрады. Болмыс туралы ұғым, практика туралы ұғым, таным туралы қғым және 

рухани бастаулар туралы ұғым.   



3. Патриоттық тәрбие  Бұл тәрбие- сабақта және кластан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың 

тарихы  мен  өз  елінің  және  басқа  да  елдердің  көрнекті  ғалымдардың  ғылыми  қызметі  мен 

ғалымдардың отандық және  әлемдік  ғылымға қосқан  үлестерімен  танысу  және  оқушылардың  туған 

жерінің табиғатын қорғаудағы үлесі тағыда басқа үлкен мәнісі бар.   



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Білім берудегі тәрбиенің маңызы. 

2.Биологиялық тәрбие дегеніміз не. 

3.Экологиялық тәрбие дегеніміз не. 

4. Патриоттық тәрбие дегеніміз не. 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 



№ 4 дәріс 

Тақырып: Биологиялық  ұғымдардың дамуы. 

1. Ұғымның даму теориясы 



2. Биологиялық   ұғым. 

3. Ұғымның даму әдістемесі. 



Дәріс  мақсаты:  Биологиялық    ұғымдардың  дамуы  туралы  баяндай  отырып,  олардың  белгілі  бір 

жүйемен дамуының әдістемесіне тоқталу.Сабақта ұғымды қалыптастырудың кейбір түрлерін айту. 



Ұғымдар:жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,ағза. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 

1. Ұғымның даму теориясы

Оқытудың  мақсаты  оқушыларға  жүйелі,  саналы,  нақты  білім  беру.  Оқушылардың  ойлауын  дұрыс 

ұйымдастыру  оқытудың  ең  маңызды  шешуші  жағдайы  және  білімнің  ең  жоғарғы  сапасы.  Білім 

ұғымнан  тұрады.  Ғылым  негізінде  қалыптасып  құбылыстар  мен  заттардың  белгілері  туралы 

процестер және олардың өзара байланысы туралы ұғым адамға әлемді тануға көмектеседі. Ұғыммен 

адам  ойлайды.  Ой  шынайы  өмірді  көрсетеді,  білімсіздікті  білімге  апарады.  Ұғымды  алғаш сезінеді, 

сезінуден  қабылдау  туындайды,  одан  елестетеді.  Ол  әрмен  қорытындыға  жалғасады.  Одан  ұғым 

қалыптасады,  мұғалім  әрбір  курста  негізгі  ұғымдарды  көрсетіп  бұл  ұғымдарды  әр  түрлі 

материалдармен  түрліше  байланыстырып  оқушылармен  қайталап  отырған  жөн.Биология  –ұғымдар 

жүйесіне толы пән.   



2. Биологиялық және экологиялық ұғым. 

 Білік биологиялық біліммен байланысты арнайы ұғымда анықталады өсімдік, жануар, адам  туралы 

курстарда білік біріктіріліп келесі топқа бөлінеді: 

Морфология  бойынша:  мүшелер  формасын  анықтау  және  талдау;  систематика  бойынша-

өсімдіктермен  жануарларды  анықтау  және  салыстыру.  Анатомия  бойынша-лупа,  микроскоппен 

жұмыс.  Препарат  дайындау.  Физиология  бойынша-тіршілік  процестерін  бақылау.  Экология 

бойынша-ағзаның  бейімделу  түрлерін  экологиялық  білімін  табу.Іскерлік  біліктіліктің  дамуы 

біртіндеп  жүреді,  жайдан  күрделіге  қарай  оқушылар  бірінші  сабақта  өсімдік  мүшелерін  анықтауды 

үйренсе  келесі  тұқымдарды  даражарнақты,  қос  жарнақты  айыра  біледі,  кейіннен  анықтамалық 

кестені пайдалана отырып жапырақ формаларын анықтайды. Түйнек тамыр, сабақ, пиязшықты айыра 

алады. 

Бұл 


морфологиялық 

анықтаусыз 

систематикалық 

анықтауға 

көшуге 

болмайды. 



Морфологиялық ұғым және біліктілік систематикалық ұғыммен біліктілікке жалғасады. Экологиялық 

біліктілік бақылау тірі материалды жинау, табиғатқа топ серуенге шығу жазғы тапсырма орындаумен 

шектеледі.   

3. Ұғымның даму әдістемесі. 

 Бір  тақырыпта  немесе  сабақтағы  ұғым  әрмен  дамымай  байланыспай  қалуы  мүмкін.  Сондықтан 

мұғалім  ұғымының  әрмен  дамуына  үлкен  шеберлікпен  жұмыстануы  керек.  Мұғалім  ұғымның  бір 

тақырыптан келесі тақырыпқа, бір курстан келесі курсқа қалай өтетінін білуі қажет. Ең маңызды қай 

кезде  ұғым  басталады  және  қортындыланады  мұғалім  соны  білуі  керек.  Алғаш  ұғымды  шешуде 

табиғи  объектінің  маңызы  зор.  Табиғи  көрнекіліктер  мен  қатар  сурет,  кесте  қолданылады. 

Ұғымдардын дамуы  оқушының ойының да мұнсыз жүзеге аспайды. Ал ойлау проблемадан, сұрақтан 

туындайды.  Мұғалім  оқушыға  тақырып  бастамастан  проблемалық  сұрақ  қоюы  өте  тиімді.  Мұғалім 

таырып ішіндегі негізгі дегендерді қарастырады. Сабақта пән аралық байланыс үлкен рөл атқарады. 

Оқушылар өз білімдерін басқа пәндерде қолдана білуге үйренуі керек. Сабақ ұғымның дамуын үлкен 

сұрақ қоюдың өзінше мәні бар. Әсіресе сұрақтың қарапайымнан күрделіге қарай өтуі ойдың дамуын 

жоғарылатады. Осыған байланысты сұрақ деңгейі жоғарылай беру керек. Ойлаудың төменгі деңгейі 

үшін:1. жай сұрақтар керек. Екінші деңгейі талдау беру; 2. Түсіндіру сұрақтары-бұл мәтіндегі негізгі 

идеялардың арасындағы байланысты көрсететін сұрақтар фактілермен оқиғаның арасын ажырататын 

сұрақтар; 3. Салыстырмалы сұрақтар; 4. Жаңа ақпаратты қолдану сұрақтары-өмірмен байланыстыра 

сұрақ қою; 5. Талдау сұрақтары; 6. Синтез сұрақтары. 



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар 

1.Ұғымдардың білімді қалыптастырудағы маңызы. 

2.Биологиялық ұғымдарға сипаттама бер. 

3.Экологиялық ұғымдарға сипаттама бер. 

4.Ұымның түрлерін жіктеп айтып бер. 

Пайдаланылатын әдебиеттер: 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 



5 дәріс 

Тақырып: Биология  оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері. 

1. «Оқыту әдісі» ұғымы.  

2. Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық.  



Дәріс  мақсаты:  .  «Оқыту  әдісі»туралы  түсінік  беру.Оқыту  әдістерінің  түрлеріне  тоқталу  және 

олардың сабақтағы орнын анықтауға үйрету.  



Ұғымдар:оқыту әдісі, «сөздік», «көрнекілік», «сарамандық». 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 

1.«Оқыту әдісі» ұғымы. 

Оқушылардың  жас  ерекшілігіне  және  тақырып  мазмұнына  байланысты  оқушыға  сабақ  беру  әдісін 

таңдау жоғары сапалы білім негізін  салады. Бұндай әдістер ұғым және дағды дамуына, дұрыс білім 

алуға және тәрбиеге мүмкіндік береді. Мұғалім сабақ беру әдісін орындап, қолдана білуі тиіс. Онсыз 

алға  қойған  мақсатына  жете  алмайды.  Ол  үшін  мұғалім  оқу  материалын  пәннің  мазмұнына 

сәйкестендіріп,  әрі оқыту әдісін дұрыс таңдау тиіс.«Оқыту әдісі» дегеніміз оқытушының оқушының 

алдына қойған     мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері, яғни мұғалімнің білімді беріп, сол бір 

мезгілде оқушының білімді қабылдауы. 

       Бұл анықтамада әдіс екі жақты ұғымды қамтып тұр. Білімді беруші мұғалім және білімді алушы, 

қабылдаушылар оқушылар. Бұл арадағы байланыс білім көзіне тікелей байланысты. Білімнің көзі оқу 

процесіндегі оқу материалының мазмұнымен анықталады. Практикада  биологияны оқытуда әртүрлі 

әдістерді  қолданамыз.  Сонда  оқыту  ұстаздың  білім  беру  әдістерінен  тұрса,  ал  екінші  жағынан 

оқушының  білімді  игеру,  қабылдау  қабілеттіктер  жиытығынан  тұрады.  Оқыту  әдісін  барлығын 

көптеген    белгілері  бойынша  біріктіріп  жинақтауға  болады.  Білім  көзі,  мұғалімнің  іс-әрекеті,  оқу 

процесіндегі оқушылардың  іс-әрекеті. Осы үш белгі бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан осы 

үш белгіні бөліп қарастырмай, әдістерді классификациялауда негіз ретінде аламыз. 



2.Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық.  

  Сабақ  беру  әдістері  ертеден  бері  қалыптасқан  әдістегі  ең  басты  мақсат  оқушыға  білім  берудің  ең 

ұтымды үрдістерін табу, іздеу. Олар негізінен:үшке бөлінеді. 

1.Сөздік әдіс. 

2.Көрнекілік әдіс. 

3.Практикалық әдіс. 

1.Сөздік әдіс-әңгімелеу,әңгімелесу,баяндау,түсіндіру,дәріс сияқты түрлерге бөлінеді. 

2.Көрнекілік 

әдіс-сабақ 

түсіндіру 

барысында 

дидактикалық 

құралдарды,үлестірме 

материалдарды,сызба нұсқалар,таблицалар,кестелерді т.б.қолдану түрі. 

3.Практикалық  әдіс-зертханалық  жұмыс  барысында  тірі  немесе  өлі  обектьілерді  қолдана 

отырып,демонстрациялау және тәжірбиені қою нәтижесін демонстрациялау. 



 Негізгі кесте мазмұны 

  

                                                             Әдістер 



Практикалық 

 

Көрнекілік 



Сөз 

Оқулықпен жұмыс 

Техниканы 

қолдану әдісі 

 

Эксперимент 



бақылау 

объектіні  тану 

және аңықтау 

 

Демонстраия, 



иллюстрация, 

бақылау 


 

Әңгіме 


түсіндіру 

әңгімелесу 

дәріс 

 

Оқу 



зерттеу 

жеңілшағу  

қарау рефераттау, 

компьютерлеу, 

мазмұндау 

 

Техниканың 



құралдар  арқылы 

жаттығу, 

көру, 

бақылау 


қорытынды. 

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1.«Оқыту әдісі» дегеніміз не. 

2.Сөздік әдіс дегеніміз не. 

3.Көрнекілік әдіс дегеніміз не. 

4..Практикалық әдіс дегеніміз не? 

Пайдаланылатын әдебиеттет 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 



№ 6 дәріс 

Тақырып: Сөздік әдіс  

1. Сөздік әдістерінің түрлері. 

 

2. Мұғалімнің сөзі мен сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. 



Дәріс  мақсаты:  Сөздік  әдістің  түрлеріне  тоқталу  және  сабақты  ұйымдастырулда  түрлерін  тиімді 

пайдалану ,орнын анықтауға үйрену. 



Ұғымдар:әдіс,түрлері,тәсілдері. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны  

1.  Сөздік әдістерінің түрлері. 



 

   Сөздік әдіске мына түрлер жатады: Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, баяндау, дәріс. 

Әңгімелесу  сұрақтарға  оқушылар  мен  мұғалімдердің  жауап  беруі.  Мақсатты  әңгімелесу  сұрақтан 

туындап,  оған  жауап  берумен  аңықталады.  Әңгімелесудің  нәтижесінде  оқушылар  мұғалімнің 

басшылығымен  қорытынды  жасап,  шешімге  келеді.  Әңгіме  оқушылардың  білмейтін  оқу 

материалынан  болмау  керек.  Бұл  бос  уақыт  өткізу.  Әңгімелесу  қорытынды,  қайталау,  жаңа  сабақта 

өткен  білімді  жаңа  біліммен  байланыстыруда  маңызды.  Әңгіменің  индуктивті  құрылымы  бірнеше 

ұқсас объектілер немесе құбылыстарды оқығанда құрылады. Егер материал оқушыға белгілі немесе 

түпкіліпті  белгісіз  болса,  негізі  белгілерден  дәлелді,  фактілерді  табуда  әңгіменің  дедуктивті 

құрылымы  түзіледі.  Мысалы,  гүлді  өсімдіктердің  тұқымда  тұқымдасты  сарамандық  жұмыста 

әңгімелесу  түрлері.  Әрі  қарай  3-4  тұқымдасты  оқу  ол  дедуктивті.  Яғни  тақырыпты  алғашқы 

түсіндіруде  индуктивті  әңгімелесу  әрмен  оқу  материалын  қорытындылауда  дедуктивті  әңгіме 

жалғасады. Әңгіме биология сабағында құбылыстарды, процестерді, жаңалықтарды ашылу тарихын, 

ғалымдардың  өмірін  айтқанда  қолданады.  Ол  әңгіме  педагогикада  сөздік,  көрнекілік  образға  ие. 

Әңгімеде индуктивті болады.   

2. Мұғалімнің сөзі мен сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. 

 Мұғалімнің сұрағы оқушыға негіз ретінде көмекші немесе олардың оқушыға негіз ретінде  көмекші 

немесе  олардың  осыған  дейінгі  білім  деңгейін  тексеруде  сол  сұраққа  оқушының  өздерінің  жауап 

беруін сұрауға да болады. Сонымен қатар жаңа материалды түсіндіруде мұғалімнің алдын-ала беріп 

қойған  тапсырмасы  тірі  табиғи  бұрышты  бақылау,  тәжірибенің  нәтижесін  жазғы  тапсырмасының 

қорытындысын,  оқу  тәжиребелік  аймақтағы  жұмысын  балалардан  әңгімелік  беруін  сұрау 

оқушылардың  ойлауына  мүмкіндік  сабаққа  қызығушылығын  арттырады.  Тіпті  оқылған  кітабы 

бойынша  реферат  оқытуға  да  болады.  Мұғалім  әдістің  түрлерін  пайдалануда  оқушының  сөйлеу 

мәнеріне аса назар аудару керек. Олардың жүйелі, нақты сөйлеуін қадағалаған жөн. Оқушылардың өз 

ойын айтуға мүмкіндік беріп, қорытынды шешімді өздеріне айтқызған тиімді.  

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар 

1.Сөздік әдістің түрлерін ата 

2.Әңгімелесуге мысал келтір. 

3.Әңгімеге мысал келтір. 

4.Әңгіме мен әңгімелесудің айырмашылығы неде. 

5.Түсіндіруге түсінік бер. 



Пайдаланылатын әдебиеттер  

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 



№ 7 дәріс 

Тақырып: Көрнекі әдіс. 

1. Көрнекі әдістердің түрлері. 

2. Оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері, талаптары. 

Дәріс  мақсаты:  .  Көрнекі  әдістердің  түрлері  туралы  түсінік  беру.  Көрнекі  әдістерінің  сабақтағы 

орны мен қойылатын талаптар. 



Ұғымдар:көрнекі,табиғи,суреттеме. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны 

1. Көрнекі әдістердің түрлері. 

 Биологияның барлық сабақтарда қолданады. Бірақ бұл сабақты көрнекілік әдіспен өткізу керек деген 

емес.Сөздік  әдіс  кезінде  мұғалім  әңгімелеп  тұрып,  көрнекіліктерді  илюсстрация  есебінде 

пайдаланады.  Мысалы,  өсімдіктері  жануарларды  әңгімелеп  турғанда  бұларды  табиғи  көрсету 

мұмкіндігі  бар  жағдайда  көрсетуде,  ғалымдарды,  суреттерді,  кесте,  фотоларды.  Бұл  кезде  ақпарат 

көзі  мұғалімнің  сөзі,  оның  әңгімесі,  түсіндіруі.          Сабақ  өткізуде  көрнекілік  әдісте  көрнекі 

құралдардың  басқада  ролі  бар.  Соның  ішінде  тәжіребелі,  тірі  объект,  кино,  кесте  бұлар  оқушылар 

үшін  ақпарат  көзі.  Оқушылар  көрсетілген  көрнекіліктерді  қарап,  қорытынды  жасап,  қайталайды. 

Көрнекілік  әдісті  қолдану  оушының  белсенділігін  ойлауын  арттырады.  Дұрыс  қойылған  сұрақ 


объектіні,  тәжиребені  демонстрациялауда  баланың  назарын  аудартуы.  Оқушыларда  мақсатты 

бақылауға жетелеп саластырып қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 

     Көрнекіліктер  биология  сабақтарда  табиғи  және  суреттеме  болып  екіге  бөлінеді.  Көрнекілік 

әдістің  түріне  демонстрациялау,  тәжиребе,  табиғи  объектілерді,сүреттелерді  көрсетеді.Табиғи 

объектілерді  демонстрациялау  биологияны  оқытуда  маңызды  себебі  өсімдік,  жануарларды  тірі 

күйінде  көрсетеді.Ыңайлы  және  тірі  объект  бұд  өсімдіктер.Оны  өсімдіктану,  тіршіліктану 

сабақтарында 

демонстрациялайды.Өсімдіктерді 

алдын 

ала 


табиғатта, 

үйде 


дайындаауға 

болады.Өсімдіктанудын көптеген сабақтарында көрнекілік әдіс ерекше орын алады. Ал,жануарларды 

жануартану, тіршіліктану  сабақтарында демонстрациялауға болады. Оқушыға көрсетуге ыңғайлысы 

орташа  көлемдегі  құстар  мен  сүткөректілер.Оларды  торда  ұстау  демонстрациялау  кезіңдесталға 

қояды.                     2. Оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері, талаптары. 

Суретеме көрнекіліктер кесте, сурет, схема. Оқушыға объектінің формасы, құрылысы, түсін тіршілік 

образын түсінуге мүмкіндік  береді. Оқушылар көре алмайтын жануарларды, мұғалім суреті  арқылы 

көрсетеді.  Бірақ  міндетті  түрде  жануарлардың  өлшемдерін  айту  керек.  Суретті  мұғалім  тақтада 

көрсете  тұрып,  материалды  береді.Оқушылар  мұғалімнің  ойына  сүйеніп,  бар  ынтасымен 

қабылдайды.  Әсіресе,  мұғалімнің  суретті  тақтаға  салуы  оқушылар  үшін  өте  маңызды.  Себебі 

оқушының  көзінше  бұл  сурет  құрастырады.  Оқу  материалын  сол  бір  уақытта  тыңдап,  мұғалімнің 

қолының қозғалғанын бақылап, тақтадағы суретті мұғалімнің түсіндіруімен өзінің дәптеріне көшіріп 

салады.  Бұнда  оқушы  толығымен  машықтанады.  Суретті  мұғалім  өзі  айтқан  кезде  ғана  бастап 

көрсету оқушының назарын аудартады. Биологияны оқытуда қолдан жасалған көрнекіліктердің ролі 

зор.  Мысалы,  оралса  қағаз  немесе  кестелер  биологияны  оқытуда  оқу  кинофильмдерді 

демонстрациялауда  маңызды.  Бұл  кинофильмді  сабақта  көрсетуде  оқушыға  алдын-ала  сұрақ  беріп, 

кино қарағаннан кейін. 

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар 

1.Көрнекі әдістердің түрлерін ата. 

2.Көрнекі әдістеріне қойылатын талаптар. 

3.Көрнекі әдістерінің басқа әдістермен байланысы. 



Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 



№ 8 дәріс 

Тақырып: Биологияны оқытудағы практикалық әдіс. 

1. Практикалық әдістердің  түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент . 

2. Әр түрлі әдістерді қолдану  

Дәріс мақсаты:Практикалық  әдістің түрлеріне сипаттама бере отырып,маңызына тоқталу. 

Ұғымдар:зертхана,сараман,эксперимент,обьекті. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны 

1.Практикалық әдістердің  түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент. 

    Әдістің  үшінші  тобы  практикалық.  Бұл  объект  сойып  жару,  анықтау,  мүшелерді  жеке  алу, 

эксперимент,  тәжиребелер  жасай  білу  оқушылардың  жұмыс  кезінде  алған  нәтижесі  практикалық 

методты  қолғанғанда  да  оқытушы  сөзі  қажет.  Нұсқау  беру,  жұмыс  барысын  тексеру,  қорытынды 

шығаруға  көмектесу,  жұмысқа  басшылық  ету.  Дегенмен,  оқушының  білім  алу  қызметіне 

практикалық  жұмыс  басым  болады.  Өсімдіктану  курсында  сарамандық  жұмыс  фронтальды 

бұйрықпен жүргізіледі. Өсімдіктану курсының соңында жануарларды шағылыстыруды (зертханалық 

тышқан,  егеуқұйрық)  түсіндіру  үшін  тәжірибе  жүргізіледі.  Көптеген  әр  түрлі  эксперимент  оқу 

тәжірибелік  аймақта  жүреді.  Әсіресе  жаз  айларында,  вегетациялық  периодта  оқушыларға  сұрақ 

немесе  тапсырма  тапсырылады.  Олар  тәжірибе  және  бақылау  оъктілерін  салыстыру  нәтижесінде 

жауап  береді.  Тәжірибе  кезенде  өлшеу  дәл  бақыланады.  Оқушылар  практикалық  дағдыны  бір 

сабақтан-ақ  меңгеріп  кетпейді.  Ол  күнделікті  сабақта  мұғалім  көптеп  қолданып  қалыптастырады. 

Өсімдіктерден  кеппешөп  жасауды  1-2  сабақта  үйренбейді.  Жазғы  тапсырмада  үйренеді.  6  класста 

алған  білімін  7  класста  қолданады.  Жануартану  курсында  жануарларды  союды  оқушылар,  егер 

мұғалім өткізсе ғана олар өз беттерімен союға дағдыланып үйренеді. Алғаш бірінші сабақта сою тек 

мұғалімнің бұйрығымен жүрсе, келесі сабақта азғаны оқушылардың өз бетімен жұмысына мүмкіндік 

беру керек. Келесіде оқушылар толық өз бетімен орындаған жөн. 



2.Әр түрлі әдістерді қолдану  

  Биологияны оқытуда әдістерді таңдау үлкен жұмыс. Ол 2 педагогикалық талапқа сай болуы 

керек.1.оқу материалына.           2.балалардың жас ерекшілігіне сай. 

 Әдісті  таңдау  мектептегі  құрал-жабдықтарға  да  байланысты.  Бірақ  құрал-жабдықтар  негізгі  және 

әдіс  таңдаудағы  шешуіші  момент  емес.  Егер  сабақ  материалы  сарамандық  немесе  көрнекілік 

әдістермен өтілуі керек болып, құрал-жабдықтар жоқ болған жағдайда, онда мұғалім көрнекіліктерді 

қолдан  істесе  де,  сабақты  сол  құралмен  қамтамасыз  етеді.  Оқушылар  өсімдіктану  сабағында  жауап 

берген  кезде  немесе  қайталап  қорытындылағанда  тірі  өсімдіктерді,  кеппешөптерді,  тәжірибелерді, 

кестелерді,  сурет,  кинофильмдерді  қолданады.  Өсімдіктану  сабағының  80  %    тірі  немесе  үлестерме 

материалдарды  демонстрациялаудан  тұрады.  Өсімдіктану  курсы  сарамандық,  көрнекілік  әдістерін 

талап етеді. Өсімдіктануда әдістерді қолданудан жануартанудағыдан ерекшелектері бар. Жануардың 

морфолого-анатомиялық  құрылысын  оқыту  сарамандық  әдістерді  талап  етеді.  Кейбір  жануарларды 

табу қиын болса, ал кейбіреулері және келесі курстарда оқушылар жұмысты өз бетімен жүргізеді  



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1.  Практикалық әдістердің  түрлеріне сипаттама бер. 

2.  Эксперимент дегеніміз не. 

3.  Тәжірбиелерді қалай демонстрациялайды. 

4.  Практикалық әдістің маңызы неде. 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 



№ 9 дәріс 

Тақырып: Жалпы білім беретін мектептерде биология курстарының жүйесі, құрлымы мен 

мазмұны. 

1. «Оқу пәні» түсінігі, биологиялық циклдегі оқу пәндерінің жүйесі. 

2. «Өсімдіктер» курсының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет