Әдістемелік нұсқаулар: Теориялық сұрақтарға берілген оқулықтар бойынша жауап беру
керек.
Негізгі схемалар, формулалар: Биологиялық ұғымдардың дамуы графигін құру.
Сұрақтар:1.Ұғымдардың білімді қалыптастырудағы маңызы.
2.Биологиялық ұғымдарға сипаттама бер.
3.Экологиялық ұғымдарға сипаттама бер.
4.Ұымның түрлерін жіктеп айтып бер.
Әдебиеттер: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж
2.Б.В.Всесвятский «Общая методика биологии» М, 1960ж.
Лабораториялық сабақ № 5, 6.
Тақырып: Биологияны оқыту процессіндегі сөздік әдістер.
1.6-шы сынып оқушыларына «Кіріспе» бөліміндегі «Тірі ағзалар» тақырыбына әңгімелесуді
құрастыру.
2.«Биологиялық ғылымдар» тақырыбына әңгіме әдісін пайдаланып конспект жазу.
Мақсаты:Сөздік әдіс туралы дәріс материалы бойынша алған білімдерін одан әрі жетілдіру.
Тапсырмалар: Сөздік әдіске мына түрлер жатады: Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, баяндау.
Әңгімелесу сұрақтарға оқушылар мен мұғалімдердің жауап беруі. Мақсатты әңгімелесу сұрақтан
туындап, оған жауап берумен аңықталады. Әңгімелесудің нәтижесінде оқушылар мұғалімнің
басшылығымен қорытынды жасап, шешімге келеді. Әңгіме оқушылардың білмейтін оқу
материалынан болмау керек. Бұл бос уақыт өткізу. Әңгімелесу қорытынды, қайталау, жаңа сабақта
өткен білімді жаңа біліммен байланыстыруда маңызды. Әңгіменің индуктивті құрылымы бірнеше
ұқсас объектілер немесе құбылыстарды оқығанда құрылады. Егер материал оқушыға белгілі немесе
түпкіліпті белгісіз болса, негізі белгілерден дәлелді, фактілерді табуда әңгіменің дедуктивті
құрылымы түзіледі. Мысалы, гүлді өсімдіктердің тұқымда тұқымдасты сарамандық жұмыста
әңгімелесу түрлері. Әрі қарай 3-4 тұқымдасты оқу ол дедуктивті. Яғни тақырыпты алғашқы
түсіндіруде индуктивті әңгімелесу әрмен оқу материалын қорытындылауда дедуктивті әңгіме
жалғасады. Әңгіме биология сабағында құбылыстарды, процестерді, жаңалықтарды ашылу тарихын,
ғалымдардың өмірін айтқанда қолданады. Ол әңгіме педагогикада сөздік, көрнекілік образға ие.
Әңгімеде индуктивті болады. Фактілерді қарастырғанда, ал фактілерді қорытындылағанда дедуктивті
болады. Әңгімедің түсіндіру ерекшеленеді. Түсіндіру оқу материалының мазмұны қорытындысын
айтуда, дәлелдемелерде қолданылады. Дәріс орта сыныптарда сабақ бастына жүрмейді, 10-11
сыныптарда тіршіліктануды оқығанда сабақтын түгелімен оқу материалын түсіндірумен
шектелмейді. Дәріс кезінде мұғалім оқушыдан сабақ сұрайды, үй тапсырмасын тексереді. 10-11
сыныптарда оқу материалдарының қиындығына байланысты әр түрлі сөздік әдістер қолданылады.
Олар бір бірімен байланысты. Мысалы, әңгімелесу-әңгіме, әңгімелесу, дәріс, әңгіме-дәріс кезінде
оқушылар сабақтың негізгі сұрағын түсіну керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Верзилин оқулығындағы әдістемелік таблицаларды пайдалану.
Негізгі схемалар, формулалар:Б.Е.Райковтың ұсынған әдістемелік схемасын құру.
Сұрақтар:1.Сөздік әдістің оқу процесіндегі маңызы.
2.Сөздік әдістің түрлерін атап,мысал келтір.
Әдебиеттер: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.
3.В.И. Кузнецов Уроки биологии 6-7 кл. М. Просвещ. 1991 г.
4.К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.
5.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;
Лабораториялық сабақ № 7, 8.
Тақырып:
Өркен тақырыптары бойынша физиологиялық мазмұндағы сабақтардың өтілу әдістері.
1. Осы тақырыптағы физиологиялық ұғымдардың көлемі мен мазмұны.
2. Сабақта биологиялық эксперименттерді пайдалану әдістері.
3. Сабақта эксперименттерді меңгеру техникасын мына тәртіп бойынша жазу.
Мақсаты:
Өркен тақырыптары бойынша физиологиялық мазмұндағы сабақтардың өтілу әдістерімен
танысу және қою.
Тапсырмалар: 1. Осы тақырыптағы физиологиялық ұғымдардың көлемі мен мазмұны.
Төбе-өркеннің ұшында орналасқан бүршік. Қолтық-өсімдіктің төменгі бөлігіндегі майда бүр-
шіктер.Қосалқы-кез келген мүшенің әр жерінен дамыған бүршік.Жанама-жапырақ қолтығына
орналасқан бүршік.Бұйыққан-тыныштық күйге ауысқан бүршік.
2. Сабақта биологиялық эксперименттерді пайдалану әдістері.
Сарамандық әдіс-арқылы қойылған тәжірибені демонстрациялау.
3. Сабақта эксперименттерді меңгеру техникасын мына тәртіп бойынша жазу.
б) Қай сабақта, қалай пайдаланады. Өркен тақырыбы бойынша.
в) Құрал-жабдықтар.
Топырақта өсірілген бұршақтың 3-5күндік өскіні немесе 10-14күндік фасоль,бөлме өсімдігі.
г) Тәжірибені қою мезгілі және оған дайындық.
Жас өркеннің ұзындығынан өсуі-3-7күн; өркеннің әртүрлі сыртқы жағдайларға байланысты өсуі-5-
10күн.
д) Суретін салу, схемасын сызу.
Әдістемелік нұсқаулар:Тәжірибелерді демонстрациялау керек.
Негізгі схемалар, формулалар: Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді таблицаға толтыру,
суретін салу, схемасын сызу.
Сұрақтар:1.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелердің маңызы неде.
2.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелердің орнын қалай анықтаймыз.
3. Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді қою уақыты.
Әдебиеттер:Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
А.В.Бинас и др. Биологический экспермнт в школе М.Просв. 1990
В.А. Тетюрев. Методика эксперимента по физиологии растений. Учпедгиз 1955 г
И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.
А.М. Розенштейн. Самостоятельные работы уч-ся по ботанике. М. Просвещ. 1977г.
В.И. Кузнецов Уроки биологии 6-7 кл. М. Просвещ. 1991 г.
Лабораториялық сабақ №9, 10.
Тақырып:
Өсімдіктану курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері .
Мақсаты: Өсімдіктану курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістерімен
таныстыру.
Тапсырмалар: 1.Микроскоппен жұмыс істеу ережелері
2.«Өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбындағы зертханалық жұмыс (конспект құру)
3.Физиологиялық мазмұндағы зертханалық жұмыстар (конспект құру)
Әдістемелік нұсқаулар:Төменде берілген әдебиеттерден зертханалық жұмыстарды жүргізу
әдістерін жазу.
Негізгі схемалар, формулалар:Микроскоптың құрылысын және өсімдік жасушасының құрлысын
меңгеру бағытында суреттерін салу.
Сұрақтар:1.Биологиялық эксперимент дегеніміз не.
2.Зертханалық жұмыстарды орындауға қанша уақыт бөлінеді.
3.Зертханалық жұмыстар қалай бағаланады.
4.Зертханалық жұмыстардың орнын қалай анықтаймыз.
Әдебиеттер: А.В.Бинас и др. Биологический эксперимент в школе М.Просв. 1990
В.А. Тетюрев. Методика эксперимента по физиологии растений. Учпедгиз 1955 г
И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.
К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.
Лабораториялық сабақ №11, 12.
Тақырып: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту әдістері.
1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын
ұйымдастыру:
2. №15 Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын
бақылау Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі. жазбаша)
2. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері (жазбаша)
Мақсаты: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту және омыртқасыз
жануарларды өсіру әдістемесін меңгерту.
Тапсырмалар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен
оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.
Жауын құртын зерттеу оның сыртқы құрлысымен танысудан басталады.Үлестірме материалдарымен
оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды,жауын құртын оқушыларға үлестіріп беруден
бастаймыз.Оқушылар жауын құртының цильиндір пішіндес,буылтық болып келетінін көреді.Жауын
құртының сыртқы құрлысын зерттеп болғаннан кейін,ішкі құрлысын қарайды.Тітіркенуге жауап
реакциясын бақылау керек.
2. Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын
бақылау Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі.
Мақсаты:Жауын құртының сыртқы құрлысымен тіршілік әрекеті топырақ арасында тіршілік етуге
бейімдеушілігінің басты белгілерімен таныстырып,олардың топырақ түзудегі,құнарлы- ғын
арттырудағы рольін түсіндіру.Зертханалық жұмысты нұсқау карточкасы бойынша жүргіземіз. Мына
терминдерге түсінік беріледі:целом,параподия,трохофора,гирудин.
3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері (жазбаша)
Жауын
құртын
әртүрлі
жәшіктерде
сақтап,температурасы
пльюс3-5градус
погрубте
сақтайды.Жәшіктің түбіне 1см.құм төсейді.Оның үстіне құнарлы топырақ төсейді.Топырақ- тың
үстіне ағаштан түскен жапырақтарды төсеп оның үстіне тағы да топырақ салады. Ең үстіне құм
себеді.Құрттарды құмның үстіне төгу керек.Оқушылар құрттардың бірігіп түйдектелуі арқылы едәуір
дәптерге ылғалдықты сақтай алатын,рефлекторлық қорғаныс бірлестігін ,соның нәтижесінде
тіршілігін ұзарта алатынын бақылады.Содан соң топырақты ылғалдаса болды,құрттар бірте бірте жан
жаққа тарап кетеді.
Әдістемелік нұсқаулар:Нұсқау карточкасы,петри табақшасы,лупа,пинцет құралдары.
Негізгі схемалар, формулалар:Жауын құртының суреті,құрлысының схемасы.
Сұрақтар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың
жұмысын қалай ұйымдастырасың.
2.Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау
үшін қандай жұмыстар жасайсыңдар.
3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері қандай.
Әдебиеттер: Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж
Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984
К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981
Г.С.Нога «Мектеп тірі бұрышында қолда өсірілетін жануарлар», 1988
Л.А.Луцкая, А.И.Никишов «Самостоятельная работа по зоологии», 1987 ж.
П.Виниченко «Лабораторные занятии по зоологии», 1978
И.Ф.Филатов «Уроки зоологии», 1981
В.Ф.Шалаев «Методика обучения зоологии», 1979
А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975
Лабораториялық сабақ№13, 14.
Тақырып: Эволюциялық ілім тарауын оқыту әдістемесі.
1. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі тақырыбына сабақтық жоспар құрастырып, панарамалық түрде
көрсету.
2. №2 Өзгергіштікті зерттеу Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі.
Мақсаты: Эволюциялық ілім тарауын оқыту әдістемесін студенттерге меңгерту.
Тапсырмалар: 1. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі тақырыбына сабақтық жоспар құрастырып,
панарамалық түрде көрсету.
«Органикалық дүниенің эволюциясы туралы Ч.Дарвин ілімі»тақырыбына 9сағат бөлеміз. Сабақты
мынадай тақырыптарға бөлуге болады:1.Дарвинге дейінгі кезеңдегі тірі табиғаттың дамуы жайлы
ұғымдар.2.Дарвиннің эволюциялық ілімі және оның негізгі қағидалары.3.Микр
-оэволюция.Популяция-эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.4.Өзгергіштік. 5.Қолдан сұрыптау.
6.Табиғи сұрыптау. 7.Бейімдеушілік-табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі. 8.Түр- эволюция
әрекетінің негізгі кезеңі. 9.Түр түзілу-микроэволюцияның нәтижесі. Берілген тақырыптарды әр түрлі
әдістерді қолдана отырып өткізуге болады.Сабақ мазмұнындағы негіз
гі бөлімдерге Дарвин ілімі;Англияда ауыл шаруашылығына капитализімнің енуі; Практикалық
селекцияның табыстары; Дарвиннің өмірбаяны;үй тапсырмасын беру жатады.
2.Өзгергіштікті зерттеу. Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі.
Сабақ мазмұнының негізгі бөліктері:1.Тұқым қуалау мен өзгергіштік туралы алғашқы түсініктер
2.Мәдени және жабайы ағзалардың өзгергіштігі.3.Айқын және айқын емес өзгергіштік.4.Өзгер-
гіштіктің себептері.5.Үй тапсырмасын беру. Зертханалық жұмысын өткізу үшін 2-4 оқушыдан топқа
бөлінеді.Бір топқа виола өсімдігін,екінші топқа емен жапырағын ,үшінші топқа бұғы қоңыз және
т.б.өсімдіктер үлестіріп беріледі.Өзгергіштікті зерттеуге қызықты материал пішіні мен мөлшері әр
түрлі болатын мүк жидегінің жемісі.Зертханалық жұмыста әр түрлі материал қолдану өзгергіштік
ағзалардың бәріне тән деген айқын қортынды жасауға мүмкіндік береді. Өзгергіштікті зерттеуге
арналған зертханалық сабақ нәтижесін дәптерге жазады. Сабақтағы және тірі табиғат бұрышындағы
тәжірибелер нәтижесі таблица түрінде жазылады.
Әдістемелік нұсқаулар:ауызша «Бигль»жолын картадан,жануарлар таблицасынан,Дарвин
суретін көрсете отырып баяндау.
Негізгі схемалар, формулалар:Үй малдары тұқымдарының таблицалары,Дарвин көрген жануарлар
таблицасы.
Сұрақтар:1. Эволюциялық ілім тарауын оқытуда қандай әдістер қолданылады.
2.Дарвин тарауы бойынша қолданылатын көрнекі-құралдардың орны.
3. Өзгергіштікті зерттеу тақырыбында қолданылатын әдіс,тәсілдер.
Әдебиеттер:1.Т.Қасымбаев.«Тіршіліктану оқулығы»А, «Мектеп»2002ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
3.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
4.Л.П.Анастасова «Самостоятельные работы учащихся по общей биологии»1989г.
Лабораториялық сабақ №15, 16.
Тақырып: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабақ
1. Сабақ барысы. Сабақтын уақытын тиімді пайдалануды үйрену.
Мақсаты: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабақ туралы түсінік бере отырып,маңызына
тоқтау,сабақтың құрлымын ашу.
Тапсырмалар: 1. Сабақ барысы. Сабақтын уақытын тиімді пайдалануды үйрену.
Биология сабағында мұғалімнің басқаруымен оқушылар, жүйелі мемлекеттік бағдарламалардың
тобына сай теориялық білім практикалық дағды білікті алуы және жан- жақты жеке дамуы жүзеге
асады. Сабақта жас ұрпақтың дүниетанымдық негізі қаралады. Негізгі оқу материалы сабақта
оқылады. Онымен басқа биологияны оқыту түрлерімен ( топ серуен ) тәжірибе қою, тірі табиғи
бұрышты бақылау, кеш өткізу сыныптан тыс оқу байланысты. Сабақта мұғалімнің басқаруымен
оқушылар білімнің қарапайым сатысынан күрделіге аяқ басады. Логикалық ойлауға үйренеді.
Биологиялық ұғымның құрамын ескере отырып, мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу
материалын берудің әдісін тандайды. Сол сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз етеді. Жергілікті
жердің маусымдық ерекшелігіне байланысты мұғалім қандай үлестірме құралдарды міндетті түрде
жинап алу қажет, тірі табиғат бұрыш үшін қандай өсімдіктер мен жануарларды қай уақытта жинап
алу қажет, қай кезде топ серуен өткізуге мұражайға баруға болады соның барлығын ескеру
қажет.Мұғалім қандай сарамандық жұмыс тәжіребелерді дасап, демонстрациялауды сабақты қай
кезінде пайдалану қажеттілігі ғылыми кеш, конференция өткізуге болады, қай әдебиеттерді,
сыныптан тыс оқуға ұсыну қарастыру қажет. Барлығын алдын- ала қарастырып жоспарлауы қажет.
Тақырыпқа сағаттарды бөлу, жылдық жоспар құру кезінде өтілу мерзіміне мейрамды күндер тура
келсе, оны ескеру керек.
Әдістемелік нұсқаулар:Жеке сұрау,әңгімелеу,тексеру бағытында әңгімелесу.
Негізгі схемалар, формулалар:«Көру анализаторы»,«Көз гигиенасы»таблицасы,ми муляжы.
Сұрақтар:1. Сабақ барысы қандай құрлымдардан тұрады.
2.Сабақ құрлымдарын уақытқа бөліп түсіндір.
3.Сезім мүшелерін ата.
4.Алыстан және жақыннан көргіштіктің айырмашылығы неде.
5.Көз ауруларының алдын алу шараларын сипатта.
Әдебиеттер: 1.Е.П.Брунов. «Уроки по анатомии,физиологии гигиене человека» .
2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
3.А.И.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, Просвещение1974г
4.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;
Лабораториялық сабақ № 17, 18.
Тақырып: «Жануартану»курсында ойын түрлерін пайдалану.
1.«Жануартану»курсы
бойынша
белгілі
бір
таңдаған
тақырыптарыңызға
ойын
түрлерін пайдаланып сабақ өткізу
Мақсаты: Биологиялық ойындардың сабақ сапасын арттырудағы маңызына тоқталу.
Тапсырмалар: 1.«Жануартану»курсы бойынша белгілі бір таңдаған тақырыптарыңызға ойын
түрлерін пайдаланып сабақ өткізу
Биология сабақтарында ойын түрін қолдана отырып,сабақты түрлендіріп өткізуге болады.
Ойынды қолдануда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Ойын элементін
пайдалануда оқушылар оқу материалына қосымша материалдар іздейді және ұжымдық іскерліктері
артады.Сабақта ойынды әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады.
2.Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орны.
Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орнын дұрыс анықтай білу,сабақтың мақсатына жетуіне
жәрдемдеседі.Өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршіліктану курстарында ойынды сабақ сұрау
барысында ,үлкен тарауды қорытындылау кезінде қолдануға болады.Ойын арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттырып,нашар деген оқушының өзін сабаққа тартуға болады.Сондықтанда
сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы өте жоғары болады.Ойында оқушылардың шығармашылық
қабілеті
ашылады.Ойындар-эмоциялық
және
қызығушылықпен
кірісетін,жоғарғы
деңгейлі
мотивация туғызатын,оқушының негізгі бір қабілетін ашатын білім берудің формасы.Ойындардың
бірнеше түрі бар. Жарыс ойындары,рольдік ойындар, имитационды ойын.т.б.Бұл ойындардың
барлығы оқушылардың пәнге,табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастырып,экологиялық білімдерін
кеңейтеді.Жарыс ойыны-бұл оқушылар дың ақыл-ойы мен білімін көрсететін және активтілігі мен
шапшаңдығын байқататын түрі.
Конкурс-аукцион-тематикалық тапсырма мен сұрақтар жиынтығынан тұратынатын,белгілі проблемада
жарысып
қатысушылардың
жоғары
білім
көрсетуі.
Жүргізуші
тапсырманы
хабарлап,ойнатылатын призді шығарады.(мыс:луппа немесе носеком бейнеленген
открыток)Жыртқыш жәндікткрді атау тапсырылады.
-жужелица,-залдан айтылады.
-ж...,бір- жүргізушінің столды балғамен соққысы,
-ж.....,екі .........
-жук-плавунец......осылай жүргізуші үш рет қайталағанша жалғасады.
Конкурс-проектов-табиғатты
қорғаудан.Күні
бұрын
тақырып
хабарланады.мыс:қалдықсыз
технология,т.б.Прокетаны
қорғауға
топпен
немесе
2-3адам
шығады.Баяндамаға-
5мин.көрермен пікіріне 2мин.жюри үздік проектана атап жеңімпазды марапаттайды.
Конкурс-кроссвордов-бұндаоқушылар көптеген справочник пен әдеби энциклопедиямен жұмыстанады.
Әдістемелік нұсқаулар:Ойын түрлері студенттерге бөлініп беріледі,берілген тақырыптары бойынша
дәстүрсіз сабақ күйінде өткізіледі.
Негізгі схемалар, формулалар: Ойын сабағына қажетті жануарлар бейнеленген суреттер.
Сұрақтар:1.Ойын сабағының сабақ сапасын арттырудағы маңызы.
2.Жануартану пәні бойынша ойын сабағының орны.
3.Ойын сабағын өткізуде қандай әдіс-тәсілдер қолданылады.
Әдебиеттер: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.Л.А.Луцкая, А.И.Никишов «Самостоятельная работа по зоологии», 1987 ж.
3.А.И.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, Просвещение1974г
4.А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975
5.Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклаассную работу по биологии» М,1978г
Лабораториялық сабақ № 19, 20.
Тақырып: Генетика және селекция негіздері тарауын оқыту әдістемесі.
1.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы.Осы тарауда тірек сигналдары арқылы оқыту
технологиясын қолдану.
2.Модульды технологияны пайдаланып сабақ конспектін дайындау.
Мақсаты: Генетика және селекция негіздері тарауына модульдік технологияны
қолданып,сабақ өткізу әдістемесін меңгерту.
Тапсырмалар: 1.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы.Осы тарауда тірек сигналдары
арқылы оқыту технологиясын қолдану.
Мутация-ағзадағы ДНК мөлшері мен құрлымының өзгеруі.1900ж.Г.Де-Фриз осы терминді енгізді.
Тәжірибе жасау арқылы мутацияның берілгіштік қасиеттерін анықтады.Кейін өзгергіш- тіктің
барлық тірі ағзаларға тән қасиет екенің дәлелдеді.Мутация құбылысының 4типі бар:геном
ды,хромосомалық,гендік,цитоплазмалық.Геномды
мутация
2-ге
бөлінеді:полиплойдия
және
гетероплоидия.Хромосомалық мутация 4-ке бөлінеді:жетіспеушілік,инверсия,дупликация,транс-
локация.Осы мутация түрлерін тірек ретінде таблицаға енгізу керек.
Н.И.Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштігі гомологтық қатарлар заңын ашты.Бұл заңның қағи-
далары:генетикалық жағынан жақын түрлердің және туыстардың тұқым қуалайтын өзгергіштік
қатарлары ұқсас болып келеді және олар белгілі бір дұрыс жүйе құрайды.Туыс және түрдің жалпы
жүйесіндегі генетикалық жағынан неғұрлым жақын орналасса соғұрлым оңай гомолгтық қатарлар
ұқсастығы мол болады;өзгергіштік цикілі туыс пен түрлерде ортақ..
2.Модульды технологияны пайдаланып сабақ конспектін дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |