Жаратылыстану институты биология кафедрасы


САПАЛЫ БІЛІМ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі127,88 Kb.
#83941
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
ОңғарбекБақерке. Тарих.104топ

САПАЛЫ БІЛІМ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытуда біз айтарлықтай жетістікке жеттік. Дегенмен партиялық қабылдауда айтылатын шағымның көбі осы салаларға қатысты болғандықтан, проблемалар да аз емес. Бізде әлеуметтік инфрақұрылым әлсіз. Біз барлық қордаланған мәселелерді шешуге тырысамыз.
ЖЕКЕ БАСПАНА МЕН ЖАЙЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Қазақстандықтардың көпшілігі үшін тұрғын үй сатып алу мәселесі күрделене түсті. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен инфляция айтарлықтай шектеу тудырып отыр. Бейберекет құрылыс, тозған инфрақұрылым, үйлердің апаттық жағдайы осы саладағы проблемалардың қатарын көбейте бермек. Мұндай мәселелер ондаған жыл бойы қордаланып, қазір шұғыл әрекет етуді қажет етеді.
ҚУАТТЫ ӘРІ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКА
Отандық өндіріс негізінде мықты экономика құрамыз. Әрбіріміз экономика патриоты және өнеркәсіп прагматигі болуымыз керек. Қазақстан жерінде өндірілетін шикізат. Қазақстан жерінде өңделуі, қазақстандық тауар өндірісінде пайдаланылуы тиіс. Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканын күшіне нық сенеміз.
ТҮЛЕГЕН АУЫЛ, АУҚАТТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ауыл- қазақ жерінің өзегі. Біз ауыл тұрғындарының болашаққа деген сенімін, ерік- жігерін, даму қуатын арттыруымыз қажет. Біз ауыл экономикасын көтереміз, ауылдық жерде еңбек ету абыройлы әрі пайдалы болатындай жағдай жасаймыз.
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ОРТАҚ, БІРТҰТАС ҚОҒАМНЫҢ МҮШЕСІ БОЛУ
Біз мызғымас ортақ құндылықтарды нығайтамыз. Олар білім, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, өзара көмек, адалдық, сыйластық, отбасылық мұратқа адалдық. Біз бір-бірімізге қамкөңіл болуымыз, дәстүрлі ахлақ қағидаларын ұстануымыз, ана тілімізді, яғни мемлекеттік тілді дамытуымыз, әйел құқығын қорғауымыз, барлық көзқарасты түсініп, оны құрметтей білуіміз керек.
ЖАСТАРМЕН БІР ТОЛҚЫНДА
Қазақстан Тәуелсіз мемлекетте дүниеге келген, ескі түсініктерден ада, ойлау көкжиегі кен жастар елі. Біздің жастарымыз бойында болашаққа деген сенімі мығым, қабілет-қарымы ұшқыр, бар күш-жігерін ел дамуына жұмсауға дайын азаматтар. Біз жас қазақстандықтардың озық буынын тәрбиелейміз, оларға еңбек нарығына тиімді кірігуге, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға көмектесеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет