Жаратылыстану институты



бет11/39
Дата26.12.2023
өлшемі12,4 Mb.
#143420
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
fiz kuraldar umkd f-22-1у 3

2.Өлшемдердің шығу тарихы. Қазіргі кезде ғылым мен техникада, тұрмыста қолданылып жүрген физикалық шамалар мен өлшеу құралдары ғасырлар бойы қоғаммен бірге дамып, жетілдіріп отырған. Олардың пайда болуы адамның күнделікті тұрмыс тіршілігінің қажеттілігінен туындады. Тарихи жазбалар бойынша өлшемдер мен өлшеу құралдарының пайда болуы халықтың мал, егін шаруашылығымен, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастарының болуымен байланыстырылады.
Тұрмыста, ғылымда, техникада қолданылатын өлшемдер мен құралдардың түрлері өте көп. Мысалы ұзындық өлшемі ретінде метр, километр, дециметр, сантиметр, миллиметр т.б ал, масса үшін тонна, центнер, килограмм, грамм, миллиграмм т.б. уақыт қлшеміне сағат, минут, секунд алынады. Ал осы физикалық шамаларды өлшеу үшін арнайы өлшеу құралдары: сызғыш, таразы, сағат, секундомер, т.б. қолданылады. Осындай өлшеу құралдары тұрмыстық ( газ есептегіш, электр энергиясын есептеуіш, өлшеуіш лента, сағат, термометр, т.б.) және техникалық(микромет, нутометр, штангенциркуль, т.б.) болып бөлінеді.
Өлшеуіштердің ішінде бұрын шыққаны ұзындық, уақыт және салмақ өлшемдері болды. Бұл өлшемдер негізінен ауыл шаруашылық жұмысын ұйымдастыруда, өңделетін жердің, жайылымдардың, аң аулайтын жерлердің қашықтығын, ауданын, ауыл шаруашылық өнімдерінің салмағын анықтауға байланысты туды. Кейін құрылыс ісіне байланысты түрлі геометриялық денелер мен фигуралардың аудандарын, көлемдерін, бұрыштарын өлшеу дамыды.
Ертеректе қолданылған өлшеу бірліктері өте қарапайым болды. Олар тек бірнеше шамалардың бір бірінен ұзын-қысқа, аз-көп екенін ғана айырды. Кейін өлшеу шамаларының бір- бірінен неше есе кем, я артық екенін анықтауға мүмкіндік туды. Байырғы өлшеу бірліктері көбінесе адамның дене тұрқына және үй жануарларымен байланысты : а) ұзындық өлшемі: елі, сүйем, қарыс, қарыс сүйем, тұтам, білем, шынтақ, қолтық, құлаш, табан, адым, аттам; ә) тереңдік өлшемдері: тобыққа дейін, тізеге дейін, белуардан, кісі бойы, т.б. белгілі болса, үй жануарларынабайланысты, ат тұяғынан, ат сауырынан, ат шашасынан, ат бауырынан, ат құлағынан, т.б. деген. Сонымен бірге, сауда-саттықта қолданылып келген кез (71,12см ) ұзындық өлшеміде осы ғасырдың басына дейін халық арасында кеңінен қолданылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет