L, M, T – жүйенің негізгі үш бірлігі. Өлшемдік туралы ізденіс жасау Ең алғаш тараған бірліктер жүйесі өлшеуіштердің метрлік жүйесі болған. Ол екі негізгі бірлікке: метр мен килограмға негізделіп құрылған ұзындық, аудан, көлем, массаны өлшейтін бірліктер жиыны.
Гаусс негізгі бірлік ретінде миллиметр, миллиграмм және секундты алуды ұсынған болатын. Оның жүйесі өлшеуіштердің метрлік жүйесінен тіпті өзгеше. Гаусстың бірліктер жүйесінде қандай физикалық шама болсада бір таңбалы, яғни тек бірмен ғана беріледі. Метрлік жүйеде қандай физикалық шама он еселік метрлік принцип бойынша құрылған бірліктермен беріледі.
Бұдан кейін Англияда 1861 жылы құрылған Ғылымды дамытушы Британ ассоциациясы комитеті абсолют электростатикалық және абсолют электромагниттік екі жүйені қабылдады.
Олар Гаусс пен Вебердің бірліктер жүйесіне қарап, бірліктердің абсолют жүйесінің негізіне үш бірлікті: сантиметр, грамм, секундты алды. Бұл екі жүйе «Гаусстың абсолют жүйесі» деп аталып, қысқаша СГС деп белгіленді. Бұл жүйеде электрлік εₒ және магниттік µₒ өтімділік 1-ге тең деп алынды.
Ғылым және техниканың көптеген салаларында кездесетін физикалық шамаларды өлшеуге арналған бірнеше бірліктер жүйелері жасалынған. Олардың ішінде абсолюттік жүйеге негізделген механикалық және акустикалық бірліктер жүйесі (мұның өзі жеті түрлі:СГСЭ, СГСМ, СГС(симметриялы), СГСεₒ және СГСµₒ ,СГСФ және СГСБ) құрылған болатын.
Өлшеуіштер мен таразылар жөнінде IХ(1948 ж.) және Х (1954 ж) Бас конференцияларда халықаралық деңгейдегі қолданылатын өлшеу бірліктерінің бірыңғай жүйесін жасау туралы мәселе талқаланған болатын. Сөйтіп, Х Бас конференцияда барлық физикалық шамалардың өлшеу бірліктерінің жүйесін өлшеу бірлігі эталонымен анықталатын негізгі алты физикалық шаманың негізінде құрылуы тиіс деген ұсыныс жасады. Олар: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд, ток күші бірлігі ампер, температура бірлігі – Кельвин градусы, жарық бірлігі – шам.
Метр, килогамм, секунд, ампер, Кельвин градусы өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі ХI Бас конференцияда (1960 ж) негізгі бірліктер болып бекітіліп, осы негізгі алты бірлікке негізделген жүйе «Бірліктердің халықаралық системасы» деп аталды да , оның халықаралық қысқаша таңбасы «SI» (Systema International) деп белгіленді.
Өлшеуіштер мен таразылар жөнінде XI Бас конференцияда қабылданған бұл бірліктер халықаралық жүйесінің кестесінде бұрыннан қолданылып жүрген қосымша екі бірлік – радиан (жазық бұрыштардың өлшеу бірлігі), стерадиан(денелік бұрыштардың өлшеу бірлігі) негізгі бірліктер арқылы өрнектелетін, өлшеу жұмысының түрлі салаларында қатысты жиырма сегіз туынды бірлік енгізілді.
Итальян физигі Джорджи идеясымен құрылған бұл халықаралық жүйенің бастапқы үш негізгі бірлігі арқылы механика және акустика саласындағы туынды бірліктер шығарып алынады, ал электрлік және магниттік туынды бірліктерді шығарып алу үшін оларға төртінші бірлік ретінде ампердін жылулық бірліктерді шығару үшін Кельвин градусын, жарық үшін шамды қо сады.
Енді халықаралық жүйенің негігі шамаларының анықтамасына тоқталайық.
Метр – криптон- 86 ( )атомының сәлелену вакуумында және деңгейлері аралығанда көшуіне сәйкес келетін 1650763,73 толқын ұзындығына тең ұзындық.