Білім беру бағдарламасы
|
«6В01582 – Физика мұғалімдерін даярлау» бойынша білім бакалавры
|
Курс. Академиялық кезең
|
І курс, 2 семестр
|
Оқу тобы
|
Ф-22-1у оқу тобы
|
Оқыту тілі
|
Қазақ
|
Пән мәртебесі:
|
Базалық пәндер. ЖОО компоненті
|
Кредит саны
|
3
|
Жалпы сағат саны
Лекция
Практика
БАОӨЖ
БАӨЖ
|
90
15
15
5
55
|
Дәріс беруші оқытушы :
Практика сабағын жүргізуші:
|
Алмағамбетова Айгүл Алдажарқызы, «Физика және математика» кафедрасының қауымд. проф., п.ғ.к. эл.пошта: aldajarovna_1971@mail.ru,
Байланыс тел: 87772766371
|
Сабақ өтетін дәрісхана:
|
ҚУ-нің №6 оқу ғимараты, 206 зертхана.
|
Офис-сағаттар:
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
Қызылорда 2022
Силлабус «Физика және математика» кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама №1 , «____» ___________ 2022 жыл.
Кафедра меңгерушісі: ___________ Л.С.Кайынбаева
Силлабус Жаратылыстану институтының академиялық сапа жөніндегі комитетінде қаралып, мақұлданған.
Хаттама № 1 , « »___________ 2022 жыл.
Пәнді оқытудың мақсаты: Қазіргі заманда ғылым мен техникада қолданылып жүрген физикалық шамалар мен өлшеу құралдары ғасырлар бойына қоғаммен бірге дамып, жетіліп келген. Сондықтан да физикалық шамалар мен өлшеу, бірліктер жүйесі, өлшеу қателіктерінің түрлері мен олардың болу себептерін анықтай білу, өлшеу нәтижелерін өңдей білу кәсіптік білім беру мамандығы бойынша даярланып жатқан студенттерге келешекте зор пайдасын тигізеді. Осы мақсатта алған білімдерін келешекте практикада пайдалана алуы өте маңызды.
Пәннің қысқаша мазмұны:физикалық құралдар мен олардың классификациясы; физикалық шамалар және олардың түрлері; физикалық шамаларды өлшеу әдістері; өлшеу қателіктері және олардың түрлері; өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері (статистикалық, графиктік және ең аз квадраттар); өлшеу нәтижелерін бағалау критерийлері.
Міндеттері: Бұл пәнді оқыту барысында студенттер мына төмендегі теориялық және практикалық білімдерді меңгеруі тиіс:
Физикалық шамалар.Физикалық шамалардың бірліктері. Бірліктер жүйесі.
Физикалық шамаларды өлшеу әдістері. Өлшеудің түрлері.
Физикалық құралдар. Физикалық құралдардың түрлері. -
-Өлшеу қателіктері. Өлшеу қателіктерінің түрлері мен оны анықтау жолдары;
-Өлшеу қателіктерін анықтаудың қарапайым әдістері;
-Қателіктерді анықтаудың статистикалық әдістері;
-Өлшеу қателіктерін анықтаудың графиктік әдістері;
-Өлшеу нәтижелерін бағалау критерийлері;
Пререквизиттер: «Физикалық құралдар және өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері» таңдау пәні бойынша теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студентке орта мектепте физика және математика пәндерінен алған білімдері жеткілікті.
Постреквизиттер: Пәнді меңгерген білім алушы алдағы уақытта жалпы физика курсының кез-келген бөлімінің (механика, молекулалық физика және термодинамика негіздері, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросы физикасы) физикалық практикумдарын орындау барысында өлшеу приборларымен жұмыс жасауға, зертхана жұмыстарын еркін жасай алады және өлшеу нәтижелерін толық өңдей алады. Сонымен қатар білім алушы осы курста меңгерген білімдерін болашақта кәсіби практикаларында (педагогикалық) қолдана алад.
Достарыңызбен бөлісу: |