Жаратылыстану институты


Практикалық сабақ №5.Күшті өлшеу



бет35/39
Дата26.12.2023
өлшемі12,4 Mb.
#143420
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
fiz kuraldar umkd f-22-1у 3

Практикалық сабақ №5.Күшті өлшеу
Қажетті құрал-жабдықтар:Сағат тәріздес динамометр, серіппелі динамометр
1.Тапсырма. Сағат тәріздес динамометрдің көмегімен бір сызықтың бойымен әсер ететін күштерді өлшеу. Олардың өлшеу шегі мен дәлдігі және қолданылу мақсатын анықтау.
2.Тапсырма. Қатаңдықтары әр түрлі серіппелі (өлшеу шектері де әр түрлі) динамометрлермен денеге түсірілетін бірнеше күштердің шамасын анықтау. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
3.Тапсырма. Электронды динамометрдің көмегімен денеге түсірілетін күштердің шамасын анықтау. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
4.Тапсырма.Жоғарыдағы тапсырмаладың өлшеу дәлдігін бағалау арқылы салыстыру, өлшеу әдсінің қателігінің болу себептерін анықтау.
Теориялық мәліметтер:
Динамометрлер. Оладың түрлері.
Д инамометр-күшті өлшеу үшін арнайы кұралдар - динамометрлер (грекше динамис – күш және метрео - өлшеймін) колданылады. Динамометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойымен жылжитын кәрсеткіш бекітіледі.
Тігінен орналасқан серіппеге әр түрлі күш түсіре отырып,оның әр жолы қаншалыкты созылғанын шкаланың көмегімен анықтауға болады. Ол үшін алдымен серіппе шкаласы градуирленеді. Градуирлеу дегеніміз-құралды накты бөліктері бар шкаламен жабдыктау. Алдымен серіппе созылмаған кездегі кәрсеткіштің орны белгіленеді. Осыдан кейін оған 1Н күш түсіріледі.
Түсірілген күш әрекетінен серіппе, мысалы, 1 см-ге созылған болсын. Гук заңына сөйкес серіппенің созылуы түсірілген күшке пропорционал екенін білеміз. Онда 2 см серіппе созылуына 2 Н күш, 3 см серіппе созылуына 3 Н күш сәйкес келеді. Осылайша градуирленген серіппе -динамометр көмегімен әр түрлі күштерді өлшеуге болады.

Динамометрдің бірнеше түрі бар. Қолдың Бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, тракторлардың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы динамометрлер пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет