Сағат типті индика́тор де микрометрлердің бір түрі. Оның құрылысы мынадай: 1-өлшеуішөзекше, 2-триб, 3-екі жақты тісті доңғалақ, 4-корпус, 5-стопор, 6-үлкен шкала, 7- құрсау, 8-кіші шкала, 9-гильза, 10- сүңгі, 11-қосымша губчатое колесо, 12-13-серіппе.
Үлкен шкала 6-100 бөліктен тұрады, оның бір бөлігі 1/100=0,01 мм. Бүтін миллиметрдің санын 8 кіші шкаладан алынады, оның бөлік құны 1 мм.
Индикатордың шкаласын нөлге келтіру үшін 7 ободокты бұру керек. Көрсеткішті жазып алу үшін 5 стопор пайдаланылады.
Осы типті индикатордың өлшеу шектері 0-10, 0-5, 0-2 мм.
Индикатор тек бір ғана жазықтықты өлшейтіндіктен ол өлшенетін жазықтыққа қатысты қозғалмайтындай етіп арнайы бағанға бекітілуі керек.
Сферометр . Сферометр (гр. sphaira — шap және грек. гр. metre - өлшеймін) - әрбір бұйымдардың қисықтық радиусын өлшеуге арналған құрал.
Орталық қиманың хордасы және оған сәйкес түзу сызық өлшенеді. Өлшеу шегі 40 ... 40 000 мм, қателігі 0,02 ... 0,5 %. Оптикада, машина жасауда кеңінен қолданылады.
Практикалық сабақ №4. Массаны өлшеу Қажетті құрал-жабдықтар:иінді таразы, серіппелі таразы, электронды таразы. Таразылар және түрлеріне сәйкес гирлері. Өлшенетін заттар. №1.Тапсырма. Иінді таразының массасы 200 гр дейінгі заттардың массасын өлшеу. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
№2.Тапсырма. Қатаңдықтары әр түрлі серіппелі (өлшеу шектері де әр түрлі) таразымен заттардың массаларын өлшеу. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
№3.Тапсырма. Электронды таразының көмегімен өлшемі аз заттардың массасын өлшеу. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
№4.Тапсырма. Жоғарыдағы тапсырмаладың өлшеу дәлдігін бағалау арқылы салыстыру, өлшеу әдсінің қателігінің болу себептерін анықтау.