Дірілдеуіш таразы. Мұндай таразылар өте арзан бағада болғандықтан тұрмыста көп қолданылады. Дәлдігі аз болғандықтан да өндірісте қолданудың тиімділігі төмен.
Иінді таразы иіндердің теңесуіне негізделген.
Иінді таразыда дененің массасын өлшеу ережесі:
Өлшейтін затты таразы табақшаларына бірден салуға болмайды.
Ыдысқа немесе қағазға салып өлшеу керек.
Өлшенетін затты таразының сол табақшасына , гирлерді оң табақшасына салады. Өлшенетін зат пен гирлер табақшаның дәл ортасына қойылады.
Гирлерді қысқышпен алуға және таразыдан алынғангирлер қораптың қай ұясынан алынса, сол ұяға салынады. Гирлерді стол үстіне қоюға болмайды, өйткені олар тез ластануы немесе жоғалуы мүмкін.
Өлшенгеннен кейін таразыда еш нәрсе қалдырмау керек.
Жұмыс бітісімен таразы мен гирлер тексеріледі.
Назар аудар !
Сұйықты өлшегенде таразының табағына төкпеу керек. Әсіресе қышқылдарды өлшегенде өте сақ болу қажет.
Есіңде болсын!
Таразы табақшаларына ыстық, дымқыл және лас заттарды қоюға болмайды. Сұйықтарды өлшегенде таразыға және гирлерге сұйық тигізуге болмайды.
Серіппелі таразы
Серіппелі таразы Гук заңына негізделген. Серіппе мен тілше алдын-ала градуирленген шкаласы бар бір негізге орналасқан. Оның нөлдік шкаласы реттеліп отырады. Серіппелі таразыларда екі ілмешек болады. Бұл ілмешектің бірі жоғарғы жағында және бұнымен осы таразыны жоғарғы жағынан іліп қоюға болады. Ал екінші төменгі жағындағы ілмешекке массасы өлшенетін зат ілінеді. Қандай да бір заттың массасын өлшейік. Осы заттың Жерге тартылу күші серіппені осы дененің салмағына тең күшпен төмен қарай созады. Бұл күштің шамасы серіппелі таразының көрсетуіне тең болады.
Егер қандай да бір денені өлшеу керек болса, яғни оған әсер ететін ауырлық күшін өлшеу үшін серіпппелі таразыны қолданады. Әрбір зертханада грамммен не болмаса килограммен градуирленген серіппелі таразылар табылады. Ал егер салмақты өлшеу қажет болған жағдайда масса мен күштің арасындағы қатынасымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |