Штангенциркульмен өлшеу. Штангенциркуль неміс тілінен аударғанда (Stangenzirkel) жылжымалы өлшеуіш немесе қозғалмалы сызғыш деген мағынаны береді. Штангенциркульдің әр түрі болады. Осы суретте қарапайым штангенциркуль мен қазіргі нгенциркуль бейнеленген.
Біз білетін сызғыштың дәлдігі 1 мм. Одан да жоғары дәлдікте өлшеу үшін штангенциркуль пайдаланылады. Бұл әмбебап құрал. Оның көмегімен тереңдікті, қуыс жерлерді, сыртқы өлшемлдерін алуға болады.
. сурет-1
Олар өлшеу дәлдігімен ерекшеленеді. 1-суретте көрсетілген штангенциркульді қарастырайық. Ол екі жылжымайтын ернеулері бар (1,2) штангадан тұрады. Оның бойымен ернеулері (3,8) бар жылжымалы қоршау қозғалып тұрады.
Осы қоршауды қажетті аралықта бекітіп қоятын бұранда(4) бар. Негізгі (5) штангада (сызғышта) миллиметрлік шкала бөліктері көрініп тұр. Оның бөлік құны -1мм. Оның ұзындығы әр түрлі болады.
сурет-3
Ж
сурет-2 ылжымалы ернеулерде нониус деп аталатын көмекші шкала бар. Ол 10 бөліктен тұрады, ал нониусты шкаланың барлық ұзындығы 19 мм, демек әрбір бөліктің құны 1,9 мм (2-сурет). Бұл шкала нониустың бөлік құны деп аталады.
Штангенциркульмен өлшеу кезінде миллиметрдің бүтін саны миллиметрлік шкаланың нөлдік штрихына дейінгі аралықпен есептелсе, оның ондық бөлігі нониус бөлігінің нөлдік белгісіінен бастап миллимтрлңк шкалаға сәйкес келетін (оң жақтағы сурет) белгіге дейінгі аралыққа тең.
3-суретте штангенциркульмен өлшеуден алынған мәндер а)-0,5 мм;б)6,9 мм; в)34,3 мм көрсетілген.
2.Микрометрмен өлшеу
Микрометр–Бұласпапсызықтықөлшемдердітүйіспелі әдіспен өлшеу үшін пайдаланылады.Микрометрменөлшеу қозғалмайтынгайкағақатысты бұраманың жылжып қозғалуына негізделген. Бұраманың жылжуы – оның өз осінен айналубұрышынапропорционал. Бұраманың толық айналысы микрометрдіңсабындамежеленгеншкалабойынша, ал айналыстыңүлестері барабандағыдөңгелекшкаламенанықталады. Осы принциппен жұмыс жасайтын микрометрлердің түрлері өте көп. Солардың ішінде МК типті микрометрдің құрылысын қарастырайық. 1-қапсырма доға, 2- беті тегіс табан, 3-микрометрлік винт, 4-тоқтатқышжәнеқысқыш тетік, 5-өзекше, 6-өзекшеден айналатын барабан, Микрометрдіңөлшеу шегі 0 – 25 мм, 25 – 50 мм, т.б. болып жасалады.Микрометрдіңәр түрлі заттардың жуандығын, қалыңдығын, ұзындығын, саңылаулар мен тесіктердіңдиаметрін, ойықтардың тереңдігін анықтауға, сондай-ақ оймаларды өлшеуге арналған түрлері бар.
Микрометрмен өлшеуге нақты мысл келтірейік. Суреттегі микрометрдің көрсетуін алайық. Айналмалы барабадағы шкала 50 бөліктен тұрады. Оның әрбір бөлігі 0,01 мм-ге сәйкес келеді. Егер барабан тағы да бір айналатын болса, онда шпинель көлденеңінен 1 бөлікке жылжиды. Келтірілген мысалда барабанның нониусы 27/100=0.27мм-ге келіп тұр, яғни горизонталь өзекшедегі егі негізгі шкаланың ортасындағы сызыққа бұрандадағы шкаланың 27 бөлігіне сәйкес келіп тұр. Сол себепті жалпы өлшеудің нәтижесі былай жазылады: 8,5 мм+0,27мм=8,77 мм.