Жаратылыстану институты



бет32/39
Дата26.12.2023
өлшемі12,4 Mb.
#143420
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
fiz kuraldar umkd f-22-1у 3

Теориялық мәліметтер:
Таразылар. Таразылардың түрлері. Заттың массасын өлшеу
1. Аналитикалық (1-сурет) электронды т.б таразылар қолданылады.
Техно – химиялық таразыда заттың салмағын 0,01грамға дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Бұл таразыда синтез жұмыстарында бастапқы алынған зат пен реакциядан шыққан заттарды өлшеу жиі қолданылады.
Аналитикалық таразының дәлдігі техно- химиялық таразыдан дәлірек болады. Анализ жұмыстарына қолданылады. Бұл таразыда заттарды 0,0001-0,0002 грамға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Әрбір таразының өзіне сәйкес гирлері болады. Техно-химиялық немесе аналитикалық таразы үшін арнаулы қорапқа салынған майда гирлер болады. Кәдімгі гирлерді қолмен алады. Техно-химиялық гирлер мен аналитикалық майда гирлерді қолмен алуға болмайды, себебі олардың дәлдігі өзгереді, сондықтанмайда гирлерді қысқышпен алу керек. Шамамен өлшеуге арналған таразыларды кез келген столға қоюға болады.
Электронды таразының
Электрондық таразыда теңестіретін жүк те, серіппе де жоқ. Дегенмен, өлшенетін заттың күшін электронды сигналға айналдыратын тіркеуіштер бар. Осы сигналды өңдегеннен кейін сандық салмақ көрсеткіштері Электронды тақтаға шығарылады. Таразыны басқару пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады.

Электронды таразының негізгі элементтері


Электрондық таразылар тиімді электромеханикалық жабдықтың бірі. Оның артық бөлек бөлшектері жоқ, төзімді, ұзақ қолданылады және дәлдігі жоғары. Мұндай таразылардың төзімді болуы тепе-теңдік күйінде болуынан, өйткені құрылғының барлық бөлшектері иінді таразыдағыдай қозғалмайды, сол себептен тозбайды. Электронды таразының көмегімен өлшеуге, тексеруге болады. Электрондық таразылардың негізгі элементтері -тіркеуіш (санауыш, датчик), индикаторлар, пернетақталар.
Тіркеуіш (датчик). Тіркеуіштің жұмыс принципі жүктің астындағы төсенішке (платформа) түсетін күш әрекеті болып табылады. Күштің бұл өзгерісі (яғни деформацияны электр сигналдарына айналдыратын түрлендіргішпен механикалық байланыстағы бірінші ретті тіркеуішке беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет