Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Зат алмасу туралы түсінік және зат алмасудың реттелуі



бет28/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
УМК Окушылар физиол дамуы (1)

1. Зат алмасу туралы түсінік және зат алмасудың реттелуі.
Зат және энергия алмасу дегеніміз –бұл организмге сыртқы ортадан әрі түрлі заттардың келіп түсуі, олардың қортылуы және өзгеруі, құралған ыдырау өнімдерінің шығарылуы. Мұның үстіне организмде оның тіршілік, термикалық және механикалық құбылыстар байқалады. Зат алмасу мен энергияның пайда болуы бірінен-бірі бөлек алынып қаралмайды. Өйткені олар белгілі материя мен энергияның сақталу заңы бойынша жүреді. Балаларда зат алмасу ересектерге қарағанда әрқашанда жоғары болады, әрі бұның өзі бір топтағы балалардың өзінде де тұрақты болмайды, өйткені ол организмнің өсуі мен дамуына және жүйесінің жай-күйіне байланысты. Организмдегі зат алмасу екі жолмен жүреді: нервтік және гуморалдық. Аралық мида белок, май, көміртегі және су-тұз алмасуды басқаратын учаске болады. Зат алмасудың гуморалдық жолын қарын асты безінен қан алып келген инсулиннің әсерімен глюкозаның гликогенге айналу мысалынан келтіруге болады.
2.Белок алмасу. Балалардағы азоттың оң балансы.
Организмде белоктар клетканың басты құрылыс материалы болып табылады. Ферменттер мен гормондарды құрай отырып олар организмде өтіп жататын процестерді реттейді, қорғаныш қызметін атқарады, организмнің түрі мен өзіндік айырмашылығын анықтайды.
Организмде белоктар энергетикалық роль атқарады. Олардың полипептид және амин қышқылдарына бөлшектенуі, сондай-ақ сіңуі және организмнен шығарылуы үздіксіз жүріп отырады. Сондықтан организм белокпен үздіксіз қамтамасыз етуді талап етеді.
3. Балалардағы май алмасудың ерекшеліктері.
Майлар организмде негізінен энергиялық материал ретінде пайдаланылады, сондай-ақ организмнің аса маңызды тіршілік процестеріне қатысады, иммунитеттің жай-күйінің ойдағыдай болуын қамтамасыз етеді. Олар А,Д,Е,К витаминдерінің көзі болып табылады. 1 грамм май бөлшектенген кезде 9,3 ккал энергия береді. Ішекке сіңген кез келген май негізінен лимфаға және өте аз мөлшерде қанға түседі.
Бала тағамындағы май сапасының ерекше маңызы бар. Жалпы балалар үшін сүт майын пайдаланған жөн. Бір жасқа дейін емшек сүтінің майы 94-98 процентке дейін, ал қолдан тамақтандырғанда 85 процентке дейін сіңеді.
Балаларға өсімдік майын бермей қоюға болмайды. Оларда өсуге, терінің қызметін жақсартуға, қандағы холестеринді азайтуға ерекше жағдай жасайтын қанықпаған жоғары май қышқылдары болады.
Өсімдік майлары сары майлар сияқты97-98 проценті сіңіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет