КІРІСПЕ. МОДУЛЬ 1. «Оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктері» пәні және мазмұны. Оқушылардың өсу мен дамуының жалпы заңдылықтары Дәріс тақырыбы: 1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні және оның анықтамасы, басқа ғылымдармен
байланысы.
2. Оқушылардың физиологиялық дамуы ғылымының міндеттері мен әдістері.
3. Оқушылардың физиологиялық дамуы ғылымының даму тарихы.
4. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
5. Нерв жүйесінің маңызы және нейронның функциялары.
6. Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
7. Балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтері.
8. Балаларды ұйықтатуға қойылатын талаптар.
9. Тірек-қимыл аппаратының маңызы және сүйектің химиялық құрамы.
10. Балалар мен жасөспірімдерде қимыл сапаларын дамыту.
11. Мебельдің балалар сымбатына әсері және мектеп жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
12.Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақаттануынан алдын-ала сақтану.
13. Анализаторлар және сезім мүшесі және анализаторлардың өзара әсер етуі.
14. Көру анализаторлары және оның функциялық бөлімдері.
15. Мектеп үйіндегі жарық режимі және жарықтың жұмысқа қабілеттілікке әсері.
16. Көрудің бұзылуы мен көздің жұқпалы ауруларының сақтану шаралары.
1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні және оның анықтамасы, басқа ғылымдармен байланысы. Физиология функциялар туралы, яғни мүшелердің, жүйелердің және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді. Адам физиологиясының өзі еңбек, дене жаттығулары және спорт, тамақтану физиологиясы, және жас өспірімдер физиологиясына бөлінеді.
Оқушылардың физиологиялық дамуы организмнің бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді. Оқушылардың физиологиялық дамуы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б.) кезінде, сол сияқты лабораториялық жағдайда зерттей отырып, организмнің клеткаларында, ұлпаларында, мүшелерінде және жүйелерінде жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.
Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әртүрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскопиялық, гистохимиялық және т.б. әдістер қолданады.
Оқушылардың физиологиялық дамуы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрайды. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ғылымының негізінде балалардың аурулары мен олардың емдеу туралы ғылым. Сонымен қатар, жас өспірімдер физиологиясы бірқатар (физика, химия, медицина т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдылықтарын пайдаланумен байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілікпен тығыз байланыста қаралады.