Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


МОДУЛЬ 3. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ішкі мүшелері және олардың маңызы, атқаратын қызметтері



бет15/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
МОДУЛЬ 3. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ішкі мүшелері және олардың маңызы, атқаратын қызметтері



1. Ас қорытудың маңызы және оның атқаратын қызметі.
2. Бауыр мен қарын безінің қызметі.
3. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің өзара іс-әрекеті.
4. Ішкі секреция бездері мен гормондар.
5. Бездердің өзара байланысы және олардың әрекетінің реттелуі.
6. Гипофиз бен эпифиздің атқаратын қызметі.
7. Мойын мен кеуде қуысы тұсында орналасқан бездердің ішкі секрециясы.
8. Бөліп шығару процестерінің маңызы.
9. Балалардың несеп шығару жүйесінің қызметі. Несептің химиялық құрамы.
10. Несеп шығару актісі мен бүйрек қызметін реттеуші механизмдерді дамыту.
11. Қанның маңызы және оның атқаратын қызметі.
12. Балалар жүрегінің ерекшелігі.
13. Туа біткен және кейін пайда болған қан айналудың бұзылулары.
14. Тыныс алудың маңызы және көмейдің физиологиясы.
15.Дыбыс құраудың теориясы мен механизмдері.
16. Тыныс алу актісі, типтері, жиілігі және тереңдігі.
17. Өкпенің бір минуттағы ауа айналымы және өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
18. Мектеп үйірмелерінің микроклиматы.
19. Желдетудің түрлері.
20. Балаларда болатын тыныс жолдары жұқпалы ауруларының алдын алу.



  1. Ас қорытудың маңызы және оның атқаратын қызметі.

Ас ауызға түсіп, одан әрі ас қорыту жүйесінің бөлімдерінен өтетін тағам күрделі физикалық-химиялық түрлерге ұшырайды. Физикалық және химиялық өңдеулердің нәтижесінде нәрлі заттар анағұрлым қарапайым заттарға бөлшектенеді де қанға сіңеді. Яғни, ас қорытудың маңызы огранизмді қажетті құрылымдық заттармен энергиямен қамтамасыз етуінде болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың ас қорыту жүйесі атқаратын қызметі жағынан ғана емес, мөлшері және қуыстарының көлемі жағынан да айырмашылығы бар. Ауыз қуысы- бұл ас қорыту жолының басқы бөлігі. Тістер-ас қорыту жүйесінің ең басты элементтерінің бірі. Жас балада ол әдетте 6-7 айлығында шыға бастайды. Бұл сүт тістер. 13-14 жасқа қарай олар тұрақты тістермен алмасады. 20-22 жастан бастап кейде одан да ерте үлкен азу тістері мен ақыл тістері шығады. Олардың саны төртеу болады, бұлар өте осал келеді және шайнау іс-әрекетіне қатыспайды.
Тістермен шайнау қызметін атқаратын бұлшық еттер асты майдалайды. Өйткені онсыз тағамның қорытылуы мүмкін емес. Одан өзге олар бет-пішінге әр береді және сөз айтуда, ән салуда белгілі бір роль атқарады.
Ыстық тамақтан соң суық су немесе сусын ішу де тіске зиянды әсерін тигізеді. Ауыз қуысында микробтар өсіп-өнетін ортаны азайту үшін түнге қарай тісті тазалап, ал таңертең ауызды жылы сумен шаю ұсынылады.
Мектепте ұдайы жылына 1-2 рет барлық оқушылардың тісі мен ауыз қуысы медициналық байқаудан өткізіліп отырылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет