Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Шаршау мен қажудың физиологиялық негіздері



бет12/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
УМК Окушылар физиол дамуы (1)

3.Шаршау мен қажудың физиологиялық негіздері.
Кез-келген ұзақ жұмыс организмнің шаршауына себепші болады, өйткені жұмыс процесінде оның клеткаларында жиналған және жұмыс істеуге қажетті энергия қоры біртіндеп таусылады. Ақыл-ойдың шаршауын адамның жұмысқа қабілетінің кемуімен байқауға болады: жасалатын еңбектің мөлшері кеміп, сапасы нашарлайды, жұмыстың творчестволық сипаты әлсірейді, зейін мен есте сақтау нашарлап, өз күшіне сенбеушілік пайда болады. Ми ткані жасушаларының, сондай-ақ тұтастай алғанда организмнің жұмысқа қабілетінің бұлайша уақытша кемуі шаршау деп аталады. Бұл заңды физиологиялық құбылыс. Ақыл-ой шаршауының физиологиялық табиғаты мен нервтік механизміне түсінік берген Сеченов пен Павлов болатын. Балалардағы шаршау белгілері, әдетте, 4-5 сабақтың соңына қарай байқалады: оларда сылбырлық, ұйқышылдық пайда болып, зейіні шоғырланбайды, тәртіп бұзушылығы жиілейді.Егер туа бастаған шаршауды жасушалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіруге қажетті тынығумен алмастырмаса, онда организмде қажу пайда болады. Бұл организм үшін өте зиянды, өйткені, ол ми қыртысы жасушаларының функциясын
зорықтырумен байланысты, шектен шынығу болып та табылады. Қажу организмге күш түскен соң бірден немесе біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін. Мысалы, баланың жазғы каникул кезіндегі демалысы дұрыс ұйымдастырылмаса, оқу жылының басында оқу үлгеріміне әсер етпеуі мүмкін, бірақ дегенмен де жазда демалған балаға қарағанда жұмысқа қабілеті ерте төмендейді. Тез шаршауды болдыртпау үшін қалыпты түнгі ұйқының өзі де жеткілікті. Шаршаудың алдын алу үшін ең алдымен оқушы еңбегін дұрыс ұйымдастыру керек. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуын мұғалім қамтамасыз етеді және оның зор тәрбиелік маңызы бар: оқу үлгірімін арттыруға жәрдемдеседі, балалардың бойында тиянақтылық, ұқыптылық, мақсатқа талпынушылық, еңбекке адал қарау.


4.Сабаққа қойылатын талаптар және оның маңызы.
Мектептегі педагогикалық процесс балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жіктелген.
Сабақтың ұзақтығы 45 минут. Мектеп оқушыларының жұмыс өнімділігінің динамикасын зерттеу үздіксіз оқу, жазу және есептеу ұзақтығы Н.В.Черпинскийдің анықтауы бойынша мынандай, яғни 1-2 сыныптарда оқу 15-20 минут, жазу 8-12 минут, есептеу 5-7 минут: ал, 3-4 сыныптарда оқу 20-25 минут, жазу 15-20 минут, есептеу 8-10 минут. Сонымен бірге, сабақ үстінде әсіресе 1-4 сыныптарда балаларға бір ғана іс-әрекет түрін ұсынуға болмайды, яғни іс-әрекетті түрлендіріп, балаларды жұмыстың бір түрінен екінші түріне ауыстырып отыру қажет. Іс-әрекет түрін ауыстырғанда тітіркендіру сипаты өзгереді де, әр түрлі анализаторлар, яғни ми қыртысының түрлі учаскелері қозып, бұрынғы қызмет атқарып тұрған жасушалардың тежелуіне (демалуына) мүмкіндік беріп, оқушылардығы жұмысқа қабілеттілігін ұзартады.
Іс-әрекетті ауыстыруда дене шынықтыру сабағы ерекше орын алады, оны мұғалім өзі өткізеді,ол қажудан құтқарады. Төменгі сыныптарда дене сабағы 2-ші сабақтан, ал жоғары сыныптарда 3-ші сабақтан бастап өтілуі керек. Өткізу уақыты –жұмысқа қабілеттіліктің кеми бастаған кезінен басталады: төменгі сыныптарда сабақтың 25-30 минутынан кейін, ал жоғары сныптарда 30-35 минуттан кейін басталады. Негізі қай пәнді өткізгенде де сабақта дұрыс ұйымдастыру үшін жақсы көптеген көрнекі құралдарды пайдаланып, яғни пәнді сезіммен қабылдау жолын қарастыру қажет.
Сабақта ұйымдастыруда гигиеналық нормаларды және оқушыларды партаға отырғызу ережелерін сақтауға, сондай-ақ ауа-жылу режимін және т.с.с. сақтауға ерекше орын беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет