Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Үзілісті өткізуге қойылатын талаптар



бет13/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
5. Үзілісті өткізуге қойылатын талаптар.
Сабақ арсындағы үзілістер оқушылар мен мұғалімдердің дамуына, сондай-ақ оқушылапдың келесі сабақтар өтетін кабинеттерге, лабораторияларға және сыныптарға ауысуына арналған. Үзілісті физиологиялық-гигиеналық тұрғыдан алғанда дұрыс ұйымдастыру-кезекті сабақта неғұрлым толық еңбек етудің міндетті шарты. Үзілістің ұзақтығы 10 минут, ал екінші сабақтан кейін 20 минуттық үзіліс беріледі. Ал бұлай етпеген жағдайда бұл оқушыларға ауырлық келтіріп, аса қажуға және неврозға әкеп соғуы мүмкін.
Балалар үзіліс кезінде ақыл-ой еңбегінен тынығады, сондықтан бұл кезде оларға келесі сабаққа әзірленуге болмайды. Олар сынып бөлмелерін босатып, желдетілген демалатын бөлмеге немесе ауладағы ашық спорт алаңына шығады. Үлкен үзіліс кезінде ертеңгілік ыстық ас ішу керек.
6. Мектептегі оқу жұмысының кейбір түрлеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Кітап оқу гигиенасы. Бастауыш сыныптардағы оқу сабақтарына ерекше көңіл бөледі, өйткені бастауыш сыныптағы оқуды педагогикалық тұрғыдан дұрыс оқыту қалған барлық пәндерді ойдағыдай меңгеруге септігін тигізеді. Осыған орай мектеп оқушыларының қалыпты көру өткірлігін сақтау үшін көру анализаторының қажу заңдылықтарын зерттеудің маңызы зор. Жалпы кітап көзден 35-40 см қашықтықта 15-30 градус бұрыш жасай орналасуы тиіс, бұл мүсіннің бұзылуынан сақтандырады.
Мектеп оқушысының сыныпта үздіксіз кітап оқу ұзақтығы 10 минуттан, ал оқу залында ол35-45 минуттан аспауы тиіс. Бұдан соң көз, ал дауыстап оқуда дауыс аппараты тынығуы үшін үзіліс жасау қажет.
Жазу жұмысының гигиенасы. Жазу сабағында ми ғана емес, сондай-ақ көптеген бұлшық еттерде жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар талаптар қойылады: парта да дұрыс отыру, жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама-қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының баланың жасына сәйкестігі.
Парта оқушының бойына сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі (12-15 градус) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет