167
орналасады. Аксондары жұмыс атқаратын мүшелерге дейін созылады.
Жұмыс атқаратын мүшелердің екі түрі болады:
1. Анималді мүшелер – бұлшық еттер;
2. Вегатативті мүшелер – бірыңғай салалы ет ұлпасы мен бездер.
Нейрондар мен олардың талшықтары арасындағы байланысты немесе
контактіні
синапс
деп атайды (2-сурет). Бұл терминді 1897 жылы
Шеррингтон енгізген. Морфологиялық
тұрғыдан синапс нейрондар
цитоплазмасының микроскопиялық ӛсіндісі. Электрондық микроскоппен
зерттегенде синапстың құрамындағы импульсті ӛткізуші және қабылдаушы
синапстық саңылау бар екені анықталған, оның мӛлшері 20 нм шамасында.
Синапстық саңылау пресинапстық және постсинапстық
мембраналармен
қапталған. Пресинапстық мембрана бірінші нейронның мембранасындағы
импульсті ӛткізетін бӛлік. Постсинапстық
мембрана екінші нейронның
мембранасынан импульсті қабылдайтын маманданған бӛлік. Пресинапстық
мембрана
құрамында
ацетилхолин
бар
синапс
кӛпіршіктерімен
байланысады.
Постсинапстық мембрана ацетилхолин – экстеразаның жоғары белсенді
болуымен сипатталады. Сонымен, синапстың құрылысы бірнеше
бӛлімдерден тұрады:
1. аксонның кеңейген ұшы (ішінде синапс кӛпіршіктер бар;
2. пресинапстық
мембрана;
3. синапс саңылауы;
4. постсинапстық мембрана.
Құрылысы мен орналасу ерекшеліктеріне байланысты синапстарды үш
топқа бӛледі:
Достарыңызбен бөлісу: