21
3. Жарық микроскопының қҧрылысы және жҧмыс істеу
ережелерімен танысқаннан кейін, тӛменде кӛрсетілген препараттарды
кіші және үлкен ұлғайтқыштар астында зерттеп, суреттерін салыңдар.
1. Тұрақты препарат: Пияз қабықшасы;
2. Уақытша препарат – айқасқан шаш талшықтары.
Уақытша препараттар дайындау әдісі:
Таза зат әйнегіне тамызылған бір тамшы суға немесе глицеринге
дайындаған объектіні саламыз да жабынды шынымен жабамыз.
Жабынды шынының астында ауа қалмас үшін:
1)
су тамшысын жеткілікті мӛлшерде алу қажет;
2)
жабынды әйнекті оң қолдың екі саусағымен ұстап, зат әйнегінің
үстіндегі суға бір қырымен жанастырып, біртіндеп тӛмендетіп барып
жабамыз.
Егер сұйықтық жабын әйнегінен сыртқа шығып тұрса, оның артық
мӛлшерін сорғыш қағазбен сорғызамыз. Керісінше, егер сұйықтық жабын
әйнектен тӛменгі кеңістікті толық жаппай тұрса, онда оның жиегіне тағы
бір
тамшы
сұйықтық
тамызып,
толықтырамыз.
Дайындалған
препараттарды зат үстеліне қойып қараймыз. Мұндай препаратты ұзақ
уақыт сақтауға болмайды. Егер объектіні ұзақ сақтау қажет болса, онда
тұрақты препараттар жасалады.
Шаштан уақытша препаратты дайындау: шаштан ұзындығы 3 см
мӛлшеріндегі қиындыны қайшымен қиып алып, оны екіге тең бӛліп, зат
әйнегінің үстіне айқастырып қояды, үстіне пипеткамен бір тамшы су
тамызып, жабынды әйнекпен жабады. Содан кейін препаратты МБР-1
микроскопымен зерттеуге болады (3 сурет).
Кіші және үлкен ұлғайтқыш астында зерттеп салынған суреттерді
салыстырып,
айырмашылықтарын
альбомға
жазыңдар.
Жасуша
компоненттерін кӛрсетіп, белгілеңдер: 1 – жасуша мембранасы; 2 –
цитоплазма; 3 – ядро.
Достарыңызбен бөлісу: