Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет18/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

 
Сабақ беру және оқыту әдісі: тақырып бойынша берілген 
сұрақтарға ауызша жауап алу, тесттік бақылау жүргізу және тӛменде 
берілген тапсырмаларды орындау. 
Жасуша - тірі ағзалар құрылымының ең қарапайым бӛлігі, олардың 
құрылысы мен тіршілігінің негізін құрайды. Тіршілікті жасуша 
тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. 
Жасуша ӛз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, 
кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе кӛп клеткалы 
жануарлар мен ӛсімдіктер ұлпаларының құрамында кездеседі.
«Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыс -
танушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Клетканың диаметрі 0,1 – 0,25 
мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) 
дейін жетеді.
Адам организмі - миллиардтаған жасушалардан құралған, ӛздгінен 
реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзаның даму 
үдерісінде жасушалар мен жасуша аралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге, 
мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді. 
Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік ӛлшемі. Барлық тірі ағзалардың 
денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны мәлім. Жасушаның 
құрылысы электронды микроскоптың кӛмегімен терең зерттелген.
Электронды 
микроскоппен жасуша 
құрылымдарының 
ӛте 
ұсақ 
бӛлшектеріне дейін анық кӛруге болады.


24 
Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым
цитология (гр. kytos - жасуша, logos - ғылым). 
Тiрi ағзаларды құрылымына қарай жасушаға дейінгі және 
жасушалық ағзалар деп бӛледi.
Жасушаға дейінгі ағзаларға вирустар мен фагтар жатады. Олардың
денесi нуклеин қышқылдары (ДНК немесе РНК) мен оны қоршаған 
ақуызды қабықшадан тұрады. Вирустар мен фагтар қоршаған ӛлі
табиғатта кристалдық құрылым түзiп, тек басқа тірі ағзалардың: 
микроорганизмдердiң, ӛсiмдiктердiң жене жануарлардың жасушаларына 
енгенде ғана тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді (зат алмасу, кӛбею
және т.б.) кӛрсетеді. Яғни олар тiрi және ӛлi табиғатта аралық орын
алады, ӛйткені олар әртүрлі орталарда тiрi ағзаларға және ӛлi 
объектілерге тән қасиеттер кӛрсетеді. 
1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден 
мен зоолог Т. Шванн кӛптеген деректік материалдарға сүйеніп 
жасушалық теорияны құрастырды. Т. Шванн жасушаны ӛсімдіктер мен 
жануарлардың универсалдық құрылымдық компоненті деп қарастырды. 
Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі жасушалар, құрылымы 
жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Жасушалық теория 
барлық тірі табиғаттың біртұтас екендігін кӛрсетеді. Ол теория 
биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуына үлкен 
прогрессивтік әсер кӛрсетті. 1838 және 1839 жылдары немістің екі 
ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн кӛптеген деректік 
материалдарға сүйеніп жасушалық теорияны құрастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет