25
Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Жасушалық
теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс
дәрігері Рудольф Вирхов
(1859) «жасуша жасушадан ғана пайда болады» деген қорытынды жасап
жасушалық теорияны одан әрі дамытты.
Прокариот Эукариот
1 – сурет. Прокариот және эукариот жасушаларының жалпы
кӛрінісі.
Жасушалық
құрылымды тiрi ағзалар прокариоттар мен
эукариоттарға жiктеледi.
Прокариоттарға жасушасында ядросы қалыптаспаған ағзалар
(грекше
‘’про‘’-дейiнгi, ‘’karion‘’-ядро, ядроға дейiнгi) жатады.
Прокариоттар жасушаларында қабықшаның жетілген жүйесі және
қабықшалы органоидтар болмайды. Олардың генетикалық материалы
қарапайым
құрылысты, гистонды ақуызы жоқ, цитоплазмада бос
жататын сақиналы бiр тiзбектi ДНҚ (геноформ, нуклеоид) молекуласынан
тұрады. Прокариоттарға бактериялар мен кӛк-жасыл балдырлар жатады.
Прокариоттар амитоз жолымен бӛлiнеді.
Ядросы бар ағзаларды
эукариоттар (грекше ‘’eu’’-нағыз, ‘’karion’’-
ядро) деп атайды. Олардың ядросы цитоплазмадан
ядро мембранасымен
шектелген. Эукариоттардың генетикалық материалы ядрода орналасқан
күрделi құрылысты ДНҚ тiзбегi мен ақуыз молекуласынан тұратын
хромосома. Эукариоттар митоздық жолмен бӛлiнедi. Эукариоттарға
Достарыңызбен бөлісу: