Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет34/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

4 Тапсырма: Препарат. Жылқы аскаридасының жұмыртқа 
жасушасындағы центросоманы тауып суретін салу.
Бояу: Темір қосылған гематоксилин.
Препарат жылқы аскаридасы жатырының кесіндісінен тұрады.
Жатыр қуысында жұмыртқа жасушаларының жатқаны кӛрінеді. Олар 
әртүрлі даму сатысында. Жұмыртқа жасушалары қабықшамен 
қоршалған, онда бӛлшектену процесі жүріп жатыр. Жұмыртқа 
жасушаларынан бірінші бӛлшектенудегі анафазаны немесе метафазаны 
тапқан дұрыс. Бұл кезде ядро қабықшасы болмайды да, хромосомалар 
жасушадағы экватор бойында орналасады немесе оның полюстеріне 
қарай жылжи бастайды. Осы сатыда жұмыртқа жасушасының 
полюстерінде қара дақтар кӛрінеді, оларға бӛліну ұршығының жіпшелері 
жақындайды да, одан радиальді тараған талшықтар «жұлдызша» немесе 
центросфера түзейді. Центросферамен бірге, оның ортасында орналасқан
центриоль - центрасома деп аталады. Жануарлар жасушасындағы 
центриоль – бӛліну ұршығы микротүтікшелерінің орталығы. 
Жасуша қосындылары зат алмасу нәтижесінде уақытша шығарылған 
немесе зат алмасудың соңғы ӛнімдері болып табылады.
5 Тапсырма: Препарат. Құйрықты амфибияның (аксолот) 
бауырындағы пигментті жасушаларды тауып суретін салу.
Бояуы: Гематоксилин-эозин.
Омыртқалы 
жануарлардың 
ішінде 
құйрықты 
амфибияның 
жасушалары ірілеу болып келеді. Сондықтан, жануарлар жасушасымен 
танысу үшін бұл препарат ӛте ыңғайлы объект болып табылады. Бауыр 
жасушаларының (гепатоциттер) кесіндідегі кӛрінісі кӛп бұрышты. 
Олардың цитоплазмасы қызғылт түске боялған. Жасуша ядролары 
дӛңгелек, күлгін түсті. Ядро ішінде хроматин жіпшелері мен қызғылт 
түсті екі ядрошық кӛрінеді. Бауыр жасушаларының арасында пигментті 
жасушалар шашырап орналасқан, оның цитоплазмасы қоңыр пигментті 
гранулаларға (меланин) толы. Капилляр қуысында эритроциттерді кӛруге 
болады. Олардың пішіні сопақ және жақсы боялған ядролары да сопақша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет