Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет37/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Ядро мембранасы. Электрондық микроскоптың мәліметтері 
бойынша ядро қабықшасы екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі 
мембраналардан. Әрқайсысының қалындығы 7 нм шамасында. 
Морфологиялық жағынан клетка ішіндегі басқа мембраналардан 
айырмасы жоқ, белоктар мен липидтерден тұрады. Сыртқы және ішкі (42-
сурет) мембрана арасында перинуклеарлық кеңістік бар, оның ені 20 нм-
ден 60 нм-ге дейін жетеді. Ядроның қабықшасы клетканың бӛліну 
кезеңінде жойылып цитоплазманың құрамына кіреді де, клетка 
мембранасының жалпы қорын толтырады. Ядро қабықшасының екі 
қабатты екенін 1882 ж. Флемминг ашқан.
 Ядро шырыны ядроның iшкi ортасын түзеді, оны кариоплазма 
немесе кариолимфа деп атайды. Онда интерфазалық ядроның ядрошығы 
мен хромосомалар орналасады. Жарық және электрондық микроскоппен
кӛрінбейді. Ядро шырынының мӛлшері әртүрлі болып келеді. Бір 
ядроларда кариоплазма аз (тимустың лимфоциттерінің ядроларында т. 
б.), екіншілері кариолимфаға бай болады. Ядро шырынының тұтқырлығы 
цитоплазманың негізгі затының тұтқырлығындай. Ядро шырынында 
белоктар мен РНҚ және нуклеин кышқылдарының синтезіне қатысатын 
ферменттер мен липидтер болады. Мұнда ядроға тән ферменттер кӛп. 
Олардың ішінде АТФ түзуге қатысатын гликолиз ферменттері маңызды 
рӛл аткарады. Ядрода (кариоплазмада) фосфорлық алмасу ферменттері, 


50 
бос нуклеотидтерді синтездеу мен ыдыратуға қатысатын ферменттер 
тобы, АТФ-азаның ерекше орыны бар. 
 Ядрошық - интерфазалық ядроның тұрақты бӛлігі. Бактериялар мен 
кӛкжасыл балдырлардан басқа барлық тірі ағзаларда ядрошық бар. 
Ядрошық тұрақты құрылым емес, митоздың бас кезінде жойылып, 
телофазаның аяғында қайтадан түзіледі. Ядрошықтың функциялық 
ӛзгерістері олардың саны мен кӛлемінің ауытқуына байланысты. 
Ядрошықта рибосомалар қалыптасатын болғандықтан, ядрошықтың саны 
мен кӛлемі ӛзгерген кезде рибосомалардың түзілу жылдамдығы да 
ӛзгереді, яғни белоктің синтезделуі артады. Ядрошық хромосомалардың 
белгілі бір бӛлігіне жанасып тұрады, осы бӛлік ядрошықты 
ұйымдастырушы деп аталады. Оның бақылауымен ядрошықтың 
нуклеинқышқылдық материалы синтезделеді және бұл материалдың 
тығыз денешікке ұйымдасуы жүреді. Ядрошық ӛзінің шығу тегі жағынан 
хромосомамен байланысты, бірақ, қызметі жағынан ӛзгеше. Ядрошықтың 
зақымдалуы бүкіл клетканың метаболизміне әсер етеді, атап айтқанда 
РНҚ-ның, яғни белоктың да синтезі бұзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет