Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет32/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Қосындылар - жасушадағы метаболизмнің әртүрлі сатыларын
кӛрсететiн тұрақсыз жасуша ішілік түзілістер. Оларға жасушаның зат 
алмасу ӛнiмдерi (пигменттер, секреторлық жасушалардағы ақуыз 
тамшылары) немесе қор ретінде жиналатын қоректік заттар (гликоген, 
май тамшылары) жатады. Жасушаның тіршілік циклының белгілі 
кезеңдерінде ғана анықталады. 
Қосындылардың жіктелуі:
1. Трофикалық қосындылар – жиналған қоректік заттар. Оған 
гликоген мен май, белоктар, кӛмірсулар, витаминдер жатады.
2. Пигменттік қосындылар - экзогенді және эндогенді болып 
бӛлінеді. Экзогендіге жататындар – каротин, шаң тозаңдар мен бояулар 
немесе сыртқы ортадан ағзаға келіп түсетін әртүрлі заттар. Каротин – 
ӛсімдіктерде кездесетін қызыл – сары түсті пигменттері, олар ағзада А 
витаминінің 
түзілуіне 
қатысады. 
Эндогендіге 
жататындар 

эритроциттерге қызыл түс беретін гемоглобин, меланоциттердегі 
меланин,игемосидерин, билирубин, липофусцин. Меланин – қоңыр қара 
түс беретін пигментоциттер, кӛбінесе кӛздің нұрлы қабығындағы 
пигментті эпителийде, теріде кездеседі. Кейбір жасушаларда (жүйке, 
бауыр, жүрек жасушалары - кардиомиоциттерде) қартайған кезде 
лизосомаларда қоңыр түсті қартаю пигменті липофусцин жиналады.
Гемосидерин – ескірген эритроциттерді фагоцитоз әдісімен жойған 
макрофагтарда кездеседі. Олардың цитоплазмасында сары – қоңыр түсті 
түйіршіктер болады. 
3. Секреторлық қосындылар – химиялық құрамы жағынан белоктар, 
полисахаридтер, липопротеидтер, гликопротеидтер және басқа түрлері де 


44 
кездеседі. Олар секреторлық жасушаларда анықталады және организм 
қызметтерінің атқарылуына қажет биологиялық белсенді заттардан 
тұрады (белоктар мен ферменттер, бокал тәрізді жасушалардың 
шырышты қосындылары және т.б). Бұл қосындылар мембранамен 
қапталған кӛпіршіктер тәрізді, олардың құрамындағы ӛнімнің электронды 
тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін және жиі ашық түсті жолақпен 
қоршалған.
4. Экскреторлы қосындылар – ағзадан бӛлініп шығатын 
жасушалардағы метаболизмдік ӛнімдер: бүйректің нефрон түтікшелері 
арқылы бӛлінетін аммиак, несеп қышқылдары және тағы басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет