Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Май жасушалары (липоциттер) немесе адипоциттер



Pdf көрінісі
бет109/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

 Май жасушалары (липоциттер) немесе адипоциттер ретикулалық 
жасушалар мен гистиоциттерден дамып жетіледі (2-сурет). Цитоплазмасында 
май жиналады. Сүтқоректілер мен адам май ұлпасының екі түрі бар: ақ 
және қоңыр. Май жасушалары ірі 30 – 50 мкм, домалақ, ортасында үлкен 
май тамшысы орналасқан, ядросы шетке ығысқан, сондықтан пішіні 
сақина тәріздес. Ақ май ұлпасы адамда бүйрек майында, санда, бӛкседе, 
шарбыда, құрсақтың тӛменгі бӛлігінде орналасады. Қоңыр май жаңа туған 
нәрестелерде және қысқы ұйкыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр 
май ұлпасы ересек адамда кездеспейді, ал сүтқоректілердің жауырын 
аймағында, мойынында, омыртқа жотасының бойында, тӛсте, қол 
белдеуінің бұлшық еттерінің арасында орналасады. Май ұлпасының
қоңыр түсті болуы ұсақ қан тамырлар торы мен цитохром пигменттерінің 
кӛп болуына байланысты. Майдың ыдырауынан кӛп мӛлшерде энергия 
мен су бӛлінеді, яғни май ұлпасы макроэнергия синтезіне қатысып, ағзадағы 
судың депосы да болып табылады. 
Адам ашыққан кезде іш майын, тері астындағы және бүйрек майын
жоғалтады. 
Сондықтан май жасушаларының ішіндегі талшықтар жойылып, 
жасушалардың пішіні ӛзгереді. Май ұлпасы ішкі мүшелерді соққыдан 
сақтайды, организмдегі жылудың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ұлпалық базофильдер (лаброциттер, гепариноциттер) адам мен 
сүтқоректілердің борпылдақ дәнекер ұлпаларында, көмекей безінде, 
бауырында, алқым безінде, жатыр қабырғасында, сүт бездерінде, 
асқорыту жолының кілегей асты қабатында, тілде байқалады. Осы 
мүшелерде
ұлпалық базофильдер ұсақ қан мен лимфа тамырларын бойлай 
орналасады. Ұлпалық базофильдердің негізгі қызметі қанның ұюын 
тӛмендетіп, 
қан 
тамырлар 
қабырғасының 
ӛткізгіштік 
қасиетін 


135 
жоғарылатады, қабыну процесіне қарсы тұрады, иммуногенезге 
қатысады Ұлпалық базофильдер цитоплазмасында түйіршіктер болады. 
Олардың құрамында қанның ұюына кедергі болатын гепарин бар.
Кейбір жануарларда сонымен бірге гиалурон, хондриотин күкірт 
қышқылдары және физиологиялық активті заттар — гистамин мен 
серотонин бар. Физиологиялық активті заттар жасуша аралық заттардың 
құрамын реттеп отырады. Ұлпалар зақымдалған кезде гистамин бӛлінеді. 
Ол тамырлардың кеңеюін, бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуын 
қамтамасыз етеді және асқазан сӛлінің бӛлінуіне себепші болады. 
Соныменен, ұлпалық базафильдер ӛзіне жақын аумақтарға ғана әсерін 
кӛрсете алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет