136
adventicius - сырттан келген) немесе периваскулярлық жасушалар деп
атаған.
Перициттер жасушалардың басқа түрлеріне айнала алады –
фибробластарға, макрофактарға, қан жасушаларына және бірыңғай бұлшық
ет жасушаларына. Оптикалық микроскоппен қарағанда ядросы сопақша
болып кӛрінеді, ал цитоплазмасы гематоксилин –
эозинмен боялған
кесінділерде солғын болып байқалады. Электрондық микросуреттерде
жасуша денесінен цитоплазмалық ӛсінділердің тарайтыны кӛрініс береді.
Пигменттік жасушалар адамның алғашқы борпылдақ қалыптаспаған
дәнекер ұлпасында пигменттік жасушалар кездеседі. Пигменттік жасуша
тармақталмаған ұршық пішінді болып келеді.
Цитоплазмасында пигмент
меланиннің ұсақ түйіршіктері бар. Пигменттік жасушалардың бір түрі
пигментті ӛздері синтездейді, оларды -
меланоциттер деп атайды.
Екінші
түрінің фагоциттік қабілеті болғандықтан, дайын пигментті жұтып
құрамына енгізеді. Пигменттік жасушалар кӛздің тамырлы және түсті
қабаттарында, емшек ұшының маңында және басқа жерлерде де байқалады
(4-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: