Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет122/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   142
миофибриллалар мен миофиламенттерге. Сонымен қатар, миоциттер мен 
симпластар цитоплазмасында жасуша қосындылары – гликоген, миоглобин 
мен липидтер және митохондрия ӛте кӛп болады. Митохондрия – арнайы 
органоидтар бұлшық еттің жиырылуына қажетті жылуды синтездейді.
Гликоген мен липид - энергия қорын құрайды. Миоглобин — белок -
пигмент (гемоглобин сияқты) оттегімен байланысып, оттегі қорын 
жинайды, бұлшық ет жиырылып, қан тамырлары қысылған кезде, сол оттегі 
қоры жұмсалады. Миофибриллалар мен миофиламенттердің жиырылуы 


151 
құрамындағы кальций ионының қатысуымен актин мен миозин 
белоктарының ӛзара әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асырылады. 
Бұлшық ет ұлпаларының жіктелуіне морфофункциональді және 
гистогенетикалық (шығу тегі) ерекшеліктері негіз болған. 
Морфофункциональді – құрамындағы жиырылғыш органоидтарға 
тәуелді 2 топқа бӛлінеді (1, 2 - суреттер):  
1. Кӛлденең салалы бұлшық ет ұлпалары – құрылымдық бірлігі 
симпластар; 
2. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары - құрылымдық бірлігі 
миоциттер. 
Гистогенетикалық - шығу тегіне тәуелді 5 топқа бӛлінеді: 
1. 
Мезенхимадан дамыған;  
2. 
Эпидермальді (тері эктодермасынан дамыған); 
3. 
Нейральді (жүйке түтігінен дамыған); 
4. 
Целомды (спланхнотомның миоэпикардиальді пластинкасынан дамыған); 
5. 
Сомиттік (миотомнан дамыған). 
Алғашқы үш тобы бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасына жатса, соңғы 
екеуі кӛлденең салалы бұлшық ет ұлпасына жатады. 
 
 
1 - сурет. Бҧлшық ет ҧлпаларының тҥрі мен қҧрылысы. (bibil.tikva.ru) 
Бірыңғай салалы бҧлшық ет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет