155
Миосимпластта жасуша орталығы жоқ, яғни олар бӛлініп, кӛбеймейді.
Соған байланысты бұлшық еттің регенерациясы
миосателлитер арқылы іс
жүзіне асырылады. Жараланған бұлшық ет талшығына жақын жатқан
миосателлиттер бӛлініп, миобластар пайда болады, жарақаттанған жерде
кӛптеген жаңа талшықтар қалыптасады.
Миосателлиттер – аз дифференциацияланған жасушалар, ет
ұлпасының регенерациясына қатысады. Олар миосимпласттың сыртындағы
базальді мембрана мен сарколемманың арасында орналасады.
Кӛлденең салалы бұлшық еттің құрылысы күрделі,
оған шоғырлану
тән. Шоғырланудың бірнеше қатары болады. Бірінші реттік шоғырланудың
арасын байланыстыратын борпылдақ дәнекер ұлпа, ол арқылы қан
тамырлары мен жүйке талшықтары ӛтеді. Ал, кейінгі қатарлары дәнекер
ұлпасының тығыз қабатымен бірігіп, бұлшық
етті тұтас қаптап тұратын
тығыз қабықшаға айналады. Бұлшық ет сіңірлер арқылы сүйекпен
байланысып, дене бӛліктерін қимылға келтіреді.
Құстардың, сүтқоректілердің және адамның бұлшық ет талшығының
ядролары сарколемманың астында цитоплазманың шет жағында
орналасады. Тӛменгі сатыдағы омыртқалылар мен барлық омыртқасыздарда
ядро талшықтың ішінде, немесе ортасында орналасқан. Электрондық
микроскоппен зерттеу саркоплазманың
құрамында мембраналармен
шектелген цистерналар мен түтікшелер жүйесінің болатынын кӛрсетті.
Құрылысы
басқа
жасушалардың
эндоплазмалық
торына
ұқсас
болғандықтан, оны
саркоплазмалық тор деп атайды. Саркоплазмалық
торда гликоген синтезделеді және кальцийдің ионы болады. Гликоген -
бұлшық еттің жиырылуына қажет энергия кӛзі, кейде энергия кӛзі ретінде
май қышқылдары да пайдаланылады. Саркоплазмада миофибриллалар саны
кӛп, ол талшықтың қызмет атқаруындағы негізгі бӛлігі болып саналады.
Саркоплазма миофибриллалар арасын толтырып,
ядроны қоршап тұрады
және мӛлшері ауытқымалы.
Кейбір бұлшық ет талшығында миофибриллалар кӛп, саркоплазма аз
болады. Ондай талшықтардың жиырылу күші жоғары болғандықтан тез
шаршап, жұмсалған энергияны жылдам қалпына келтіре алмайды. Ал,
талшықтары аз, саркоплазмасы кӛп бұлшық еттер ұзақ уақыт жұмыс
атқаруға қабілетті.
Моифибриллалардың арасында саркоплазмада кӛлденең орналасқан
сарколеммамен байланысқан Т-жүйесі (кӛлденең түтікшелер) болады.
Белгілі жерлерде саркоплазмалық тордың екі
цистернасының арасында Т-
жүйесінің түтікшелері орналасады. Бір Т-жүйесінің түтікшесі мен екі
цистерналар комплексін
триада деп атайды. Түтікше мен цистерналар ӛзара
156
кӛлденең мембраналық кӛпіршіктер арқылы жалғасқан. Цистерналар Са
2+
иондарын ұстайды және босатуға қатысады, яғни кальций иондарының
концентрациясы азаяды немесе кӛбейеді.
Бұл процесс АТФ-азаның
активтігіне әсер етіп, бұлшық ет талшығының функциясына ықпал
кӛрсетеді.
Жарық микроскопымен бұлшық ет ұлпаларын зерттеу барысында,
оның құрылымында кӛлденең жолақтар бар екені кӛрініс берген.
Электрондық микроскоппен зерттеу, ол жолақтардың
актин және миозин
талшықтары екенін анықтады.
Бұлшық ет талшығының саркоплазмасында
саркосома деп аталатын
митохондриялар кӛп, оның құрамында тыныс алу процесіне қатысатын
ферменттер бар. Ал, саркоплазмадағы ерігіш пигментті белок –
миозин
химиялық құрамы бойынша эритроциттің гемоглобиніне жақын, ол оттегін
байланыстырады және қажетіне қарай бӛліп беруге қабілетті.
Бұлшық ет талшығын сыртынан дәнекер ұлпа -
эндомизий қаптап
қабат құрады. Бірнеше талшық бірігіп шоғыр түзеді,
оның сыртын
қаптайтын қабат –
перимизий. Бұлшық еттің сыртқы қабаты
эпимизий
немесе
фасция.
Достарыңызбен бөлісу: