169
Пептидтер мен амин қышқылдарын бӛлетін пептидэргиялық нейрондар
тобына – мидың тӛмпешік асты аймағында орналасқан нейрондар жатады.
Синапс бойы арқылы қозу импульсі ӛтеді, нейронға жеткен импульс
синапс саңылауында медиатордың түзілуін қамтамасыз етеді. Медиатр
постсинапстық
мембранаға жетіп, оның потенциалын ӛзгертіп, жүйке
жүйесіндегі қоздыруды күшейтеді немесе тӛмендетеді. Бұл құбылыс
кӛптеген жағдайлармен тығыз байланысты. Мысалы, натрий, калий және
хлор иондарының концентрациясына тәуелді.
Синапстағы импульстің
таралу жылдамдығы жүйке талшығындағыға қарағанда тӛменірек болады.
Химиялық синапстар қоздырушы және бӛгеуші болып бӛлінеді.
Нейроглия – жүйке ұлпасының аралық заты, және оның құрамына
кіріп, сан – алуан қызмет атқаратын маңызды бӛлігі. Нейроглияның
жасушалары жүйке импульстарын ӛткізбейді, бірақ олар жүйке
ұлпасында
тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функцияларды атқарады.
Мидағы эпифиз бен гипофиздің негізгі массасын құрап, секреторлық
функция атқарады. Нейроглиядағы жасушалар саны нейрондарға қарағанда
10 есе кӛп. Бұл жасушалар орталық жүйке жүйесінің
жасушаларын қоршап,
олардын арасындағы кеңістікті толтырып, механикалық тіректік функция
атқарады. Глиялық жасушалардың зат алмасу қарқындылығы ӛздерін
қоршаған жасушалардың метаболизміне тығыз байланысты деп есептеледі.
Есте сактау процестеріне қатысуы мүмкін.
Шванн жасушалары деп
аталатын нейроглияның серіктері миелинді талшықтардың қабықшаларын
синтездейді, ал қалған жасушалар фагоцитоздық функция атқарады.
Нейроглияның жасушалары үлкен екі топқа бӛлінеді:
глиоциттер
немесе
макроглия және
микроглия. Макроглия жүйке түтігінен дамыса,
микроглия мезенхимадан дамып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: