Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет133/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

мультиполярлы (кӛпшілігі);  
- униполярлы;  
- биполярлы 
- псевдоуниполярлы 
Мультиполярлы – нейрондар денесінде кӛптеген ӛсінділері бар, біреуі 
ұзын - аксон, қалғандары тармақталған қысқа - дендриттер. Униполярлы – 
бір ӛсінділі, аксоны ғана болады. Биполярлы – денесінде екі ӛсінді болады, 
бірі аксон, екіншісі дендрит. Псевдоуниполярлы – денесінен бір ӛсінді 
шығып, кейіннен екіге бӛлінеді, бірі аксон, екіншісі дендрит. 
Нейрондар ӛсінділері арқылы бір-бірімен синапстық байланыста 
болып, 
рефлекторлық 
доғаны 
құрайды. 
Рефлекторлық доғадағы 
қызметтеріне тәуелді нейрондардың үш түрін ажыратады: афферентті, 
эфферентті, ассоциативті.  
Афферентті (рецепторлы, сезімтал) нейрондар импульстарды орталық 
жүйке жүйесіне (ми мен жұлын) таратады. Бұл жасушалардың денелері 
жұлын түйіндерінде, мидың сезімтал түйіндерінде орналасады. Нейрондары 
жалған униполярлы немесе биполярлы болып келуі мүмкін. Бір ӛсіндісінің 
ұшында рецептор, ал екіншісінің ұшы миға дейін жетеді. Рецепторлары 
(қабылдағыш) үшке ажыратылады: терморецептор, механорецептор, 
ноцирецептор.  
1. Терморецепторлар – температураның ӛзгеруін сезеді; 
2. Механорецепторлар – сипап сезу құбылысын сезеді; 
3. Ноцирецепторлар - жанға бату, ауырсыну құбылысын сезеді.  
Ассоциативті (қыстырма) нейрондар қозуды афферентті және 
эфферентті нейрондарға жеткізіп, арасын байланыстырып тұрады. 
Жасушалары мультиполярлы деп саналады. Қыстырма нейрондар орталық 
жүйке жүйесінің құрамында болады. 
Эфферентті (қозғалғыш) нейрондар импульстарды жұмысшы 
мүшелерге жолдайды. Жасушалары мультиполярлы болып келеді. 
Кӛлденең салалы бұлшық еттерге арналған нейрондардың денелері 
жұлынның алдыңғы мүйіздеріндегі ядроларында және ми бағанасындағы 
қозғалғыштық ядроларында орналасса, бірыңғай салалы бұлшық еттің 
қозғалғыштық 
жолдарының 
нейрондары 
вегетативтік 
түйіндерде 


167 
орналасады. Аксондары жұмыс атқаратын мүшелерге дейін созылады. 
Жұмыс атқаратын мүшелердің екі түрі болады: 
1. Анималді мүшелер – бұлшық еттер; 
2. Вегатативті мүшелер – бірыңғай салалы ет ұлпасы мен бездер. 
Нейрондар мен олардың талшықтары арасындағы байланысты немесе 
контактіні синапс деп атайды (2-сурет). Бұл терминді 1897 жылы 
Шеррингтон енгізген. Морфологиялық тұрғыдан синапс нейрондар 
цитоплазмасының микроскопиялық ӛсіндісі. Электрондық микроскоппен 
зерттегенде синапстың құрамындағы импульсті ӛткізуші және қабылдаушы 
синапстық саңылау бар екені анықталған, оның мӛлшері 20 нм шамасында. 
Синапстық саңылау пресинапстық және постсинапстық мембраналармен 
қапталған. Пресинапстық мембрана бірінші нейронның мембранасындағы 
импульсті ӛткізетін бӛлік. Постсинапстық мембрана екінші нейронның 
мембранасынан импульсті қабылдайтын маманданған бӛлік. Пресинапстық 
мембрана 
құрамында 
ацетилхолин 
бар 
синапс 
кӛпіршіктерімен 
байланысады.  
Постсинапстық мембрана ацетилхолин – экстеразаның жоғары белсенді 
болуымен сипатталады. Сонымен, синапстың құрылысы бірнеше 
бӛлімдерден тұрады:  
1. аксонның кеңейген ұшы (ішінде синапс кӛпіршіктер бар; 
2. пресинапстық мембрана; 
3. синапс саңылауы; 
4. постсинапстық мембрана.  
Құрылысы мен орналасу ерекшеліктеріне байланысты синапстарды үш 
топқа бӛледі: нейрон аралық, рецептор нейрондық, нейроэффекторлық. 
Нейрон аралық синапс келесілерге бӛлінеді: аксон - сомалық синапс – 
бір нейронның аксоны мен екінші нейронның денесі арасындағы жанасу; 
аксон – дендриттік – бір нейронның аксоны мен екінші нейронның дендриті 
арасындағы жанасу; аксон – аксондық – екі нейронның аксондары арқылы 
жанасуы және дендра – сомалық, дендра – дендриттік, сома – сомалық деген 
түрлері де бар.  
Синапстар әртүрлі болғанымен, олардың құрылысында ортақ белгілері 
бар. Синапс аймағындағы аксондар мен дендриттердің ұштары кеңейген 
және миелинді қабықшасы болмайды, митохондриялар мен синапстық 
кӛпіршіктер кӛп болады. Синапстық кӛпіршіктерде медиаторлар (mediator -
аралық) болады, олар ацетилхолин, адреналин, глутамин қышқылдары. 
Медиаторлар – физиологиялық белсенді заттар. Әрбір нейрон белгілі бір 
медиаторлардың түрін ғана бӛліп шығарады. Нейрондарды ӛздеріне тән 
медиаторлар түрін бӛліп шығаруларына байланысты бірнеше топқа бӛледі: 


168 
1. Холинэргиялық - ацетилхолинді бӛліп шығаратындар; 
2. Адренэргиялық – катехоламиндерді – норадреналин мен адреналинді  
бӛліп шығаратындар; 
3. серотонинэргиялық – серотонинді бӛліп шығаратындар; 
4. пептидэргиялық – пептидтер мен амин қышқылдарын бӛліп 
шығарады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет