170
тамырлары біріккен жердегі эпендимді эпителиоциттер цереброспинальді
сұйықтықты (ликвор) ӛндіреді. Кӛптеген эпендимиоциттер секреторлық
қызмет атқарады, қанға және ми қарыншаларына активті заттар бӛледі.
Астроглия (3-сурет, Б) орталық жүйке жүйесіне тіректік аппарат
болып саналады. Жасушалары астроциттер. Олардың ӛсінділері жүйке
жасушаларының ӛсінділері мен денелерінің арасындағы кеңістікті толтырып,
нейрондар орналасатын тор құрайды. Жасушалары майда кӛп ӛсінділі,
олардың екі түрі бар:
протоплазмалы және талшықты.
Протоплазмалы
астроциттер мидың сұр затында орналасады, денесінде ӛсінділері кӛп, олар
қысқа және тармақталған. Атқаратын қызметтері шектеуші (миды
бӛліктерге бӛледі) және трофикалық.
Талшықты астроциттер ӛсінділері
ұзын және жіңішке болады, олар мидың ақ затында орналасып, тіректік
қызмет атқарады. Сонымен қатар, олар нейрондарды қоректендіретін
шекаралық глиялық периваскулярлық мембраналар түзеді. Астроциттердін екі
типі ӛзара бір-бірімен байланысып, нейрондар орналасатын үш ӛлшемді
шырматылған тор құрайды. Астроциттердің бӛлінуі жиі байқалады,
орталық жүйке жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық ұлпалар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: