Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Қазіргі кездегі жасушалық теорияның негізгі қағидалары



Pdf көрінісі
бет19/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Қазіргі кездегі жасушалық теорияның негізгі қағидалары: 
1. Жасуша — тіршіліктің ең нәзік әрі кішкене бірлігі 
(единицасы); 
2. Түрлі организмнің жасушалары құрылысы жағынан ұқсас; 
3. Жасушалар бӛліну арқылы кӛбейеді; 
4. Кӛп жасушалы организмдер жасушалар мен олардың 
туындыларының жиынтығы. 
Т. Шванн жасушаны ӛсімдіктер мен жануарлардың универсалдық 
құрылымдық компоненті деп қарастырды. Алайда, М. Шлейден мен Т. 
Шванн организмдегі жасушалар, құрылымы жоқ заттан пайда болады 
деп қате түсінген. Жасушалық теория барлық тірі табиғаттың 
біртұтас екендігін кӛрсетеді. Ол теория биологияның дамуына ғана емес, 
философияның да дамуына үлкен прогрессивтік әсер кӛрсетті. 
Ф.Энгельс жасушалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы 
жаңалықтың (энергиянын тұрақтылық заңы, жасушалық теория және Ч. 


25 
Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Жасушалық 
теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов 
(1859) «жасуша жасушадан ғана пайда болады» деген қорытынды жасап 
жасушалық теорияны одан әрі дамытты.
Прокариот Эукариот 
 
1 – сурет. Прокариот және эукариот жасушаларының жалпы 
кӛрінісі. 
Жасушалық құрылымды тiрi ағзалар прокариоттар мен 
эукариоттарға жiктеледi.
Прокариоттарға жасушасында ядросы қалыптаспаған ағзалар 
(грекше 
‘’про‘’-дейiнгi, ‘’karion‘’-ядро, ядроға дейiнгi) жатады. 
Прокариоттар жасушаларында қабықшаның жетілген жүйесі және
қабықшалы органоидтар болмайды. Олардың генетикалық материалы 
қарапайым құрылысты, гистонды ақуызы жоқ, цитоплазмада бос 
жататын сақиналы бiр тiзбектi ДНҚ (геноформ, нуклеоид) молекуласынан
тұрады. Прокариоттарға бактериялар мен кӛк-жасыл балдырлар жатады.
Прокариоттар амитоз жолымен бӛлiнеді.
Ядросы бар ағзаларды эукариоттар (грекше ‘’eu’’-нағыз, ‘’karion’’-
ядро) деп атайды. Олардың ядросы цитоплазмадан ядро мембранасымен
шектелген. Эукариоттардың генетикалық материалы ядрода орналасқан 
күрделi құрылысты ДНҚ тiзбегi мен ақуыз молекуласынан тұратын
хромосома. Эукариоттар митоздық жолмен бӛлiнедi. Эукариоттарға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет