Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Центромераларының орналасуына тәуелді



Pdf көрінісі
бет49/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142
Центромераларының орналасуына тәуелді 
хромосомалардың 5 типі 
 
 

 
Хромосомалар 
типі 
Сипаттамасы 
1 Метацентрлiк 
иiндерінің ұзындығы тең 
 
2 Субметацентрлiк 
иiндерінің ұзындығы біршама тең 
емес 
3
3 
Акроцентрлiк 
бір иiні кішкентай, екіншісі ұзын 
4 
4
4 
Спутниктік 
екiншi буылтық пайда болады, 
хромосоманың ол бӛлігін спутник 
деп атайды 
5
5 
Телоцентрлiк  
бiр иiнi бар, центромерасы 
хромосоманың шетінде орналасады 


63 
 
 
 
 
 
Митоздың биологиялық маңызы  
Митоздың биологиялық маңызы – ұрпақтан ұрпаққа жасушалардағы 
хромосомалар санының және тұқым қуалайтын ақпараттың мӛлшері мен 
мағынасы бойынша ӛзгермей берілуін қамтамасыз етеді.  
Хромосомалар: 
а) генетикалық ақпараттың сақталуын,  
б) сол ақпараттың жасушалар құрылымын жетілдіріуге және 
сақталуына пайдалануын,  
в) тұқым қуалайтын ақпараттың іске асырылуын реттеуді,  
г) генетикалық материалдың екі еселенуін (ӛзін ӛзі еселендіру), 
д) оның аналық жасушадан ұрпағына берілуін қамтамасыз етеді.  
Сонымен бірге митоз келесі маңызды процесстерді қамтамасыз етеді: 
эмбриональдық дамуды, ӛсуді (гиперплазия), мүшелер мен ұлпалардың 
қайта қалпына келуін (мысалы, шаянтәрізділердің аяқтары), қызмет 
атқару барысында жасушалардың ұдайы жаңаруына байланысты
ұлпалардың 
құрылымдық 
біртұтастығын 
сақтауды 
(жойылған 
эритроциттердің орнын алмастыру, түлеген тері жасушаларының, ішек 
эпителийінің қалпына келуін және т.б.). Кӛптеген ағзалар жыныссыз 
жолмен митоздық бӛліну арқылы кӛбейеді.   
Митоздық жолмен ӛсімдіктер жасушасының бӛлінуін 1874 жылы 
орыс ботанигі И.Д.Чистяков, ал жануарлар жасушасында жүретінін 1878 
жылы орыс гистологы П.И.Перемежко ашқан. Бірақ, митоз процестерінің
морфологиясын ӛсімдіктерде нақты зерттеген - Э.Страсбургер (1844 - 
1912), жануарларда зерттеген – В. Флемминг (1843-1905). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет