Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет47/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

телофаза (48- сурет). Митоздың нәтижесінде пайда болған жас 
жасушалардағы 
хромосомалардың 
саны 
мен 
сапасы 
аналық 
жасушадағымен бірдей болады. Митоз - бұл хроматидтер бір бірінен
ажырап, екі жас жасуша арасында теңдей бӛлінетін, ядроның бӛліну
процесі. 
Сомалық жасушаның митоздық бӛліну кезіндегі әр фазасында 
жүретін ӛзгерістердің сипаттамасы: 
 Профаза - ядрода хромосомалар спиралданады, микроскопта 
жіпшелер тәрізді кӛріне бастайды, әр хромосома екі хроматидтен тұрады 
және олардың арасы когезин ақуызының кӛмегімен байланыста болады. 
Хромосомаларда РНҚ-ның синтезі толық тоқтайды, рибосомалық 
гендердің активсізденуіне байланысты ядрошықтар жойылады, бірте-
бірте ядро мембранасы да бұзылып, кӛпіршіктерге айналады. 
Цитоплазмада ӛзгерістер жүріп, ЭПТ мен Гольджи аппараты жойылып, 
екі диплосомалар жасушаның полюстеріне қарай жылжып, бӛліну 
ұршығының қалыптасуына қатысады. 
Метафаза - хромосомалар максимальді дәрежеде спиралданады 
және жасушаның экваторлық кеңістігіне қатарласа орналасады, 


61 
хромосомалардың 
метафазалық 
пластинкасын 
немесе 
аналық 
жұлдызшаны түзеді. Бірте-бірте хромосомалардағы хроматидтер 
арасындағы когезин ақуыздары бұзылады. Метафазаның соңына 
хроматидтер бір-бірінен толық ажырап, тек центромера аймағында 
байланыс бар сияқты болады.
Тубулин ақуызының полимеризациясы нәтижесінде бӛліну ұршығы 
қалыптасады. Оның құрамына 3 түрлі микротүтіктер кіреді: 
1. Кинетохорлы – хроматидті диплосоманың бір жіпшесімен
байланыстырады. 
2. Полярлі – бір диплосомадан ұршықтың орталығына бағытталады, 
онда басқа полюстің микротүтіктерімен бүркенеді. 
3. Астарльді – диплосомадан жасушаның үстіңгі жағына 
бағытталған.
Анафаза - митоздың ең қысқа фазасы, әр хромосомадағы 
хроматидтер спиралданған жағдайларын сақтай отырып, бір-бірінен 
ажырап, қарама-қарсы полюстерге қарай жылжиды. Осы кезде олардың 
центромералары 
полюске, 
теломерлері 
экваторға 
бағытталады. 
Сондықтан, пайда болған екі жас жасуша, бір хроматидтен тұратын 
хромосоманың толық және теңдей жиынтығын алады. 
Хромосомалардың жылжуы бірнеше факторлармен қамтамасыз 
етіледі: 
1. Бӛліну ұршығының микротүтігі қатысады: 
- кинетохорлы микротүтіктер қысқарады, 
- полярлы микротүтіктер ұзарады. 
2. Ақуыз-транслокаторлар қатысады: 
- оның біреуі хромосомаларды кинетохор түтігінің бойына 
орналастырады, 
- басқасы полярлы микротүтіктерді бір-бірінен шет жаққа қарай 
ығыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет