Жаратылыстану және география институты



Pdf көрінісі
бет13/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар әдістемесі 2023 2

4.5 Анықтауды жүргізу 
Бос көмір қышқылының концентрациясы қышқылдары жоқ суларды кері титрлеу 
әдісімен талдайды. Бұл үшін өлшегіш колбадан деңгейі тура 250 см
3
көлемді білдіретін белгіде 
тұратындай етіп судың бір бөлігін ағызып тастайды. Одан кейін колбаға 3-5 тамшы 
финолфталеин ерітіндісін және тамызғышпен 1,0 см
3
0,5н NaOH ерітіндісін (немесе 5,0 см
3
0,1н 
ерітіндісін) қосады. Колбаны тығынмен жауып, ішіндегіні мұқият араластырады. Сұйықтықты 
титрлеуге арналған колбаға құйып, сынама алуға арналған колбаны жаңадан қайнатылған 
тұзсызданған судың азғантай мөлшерімен (10-15 см
3
) 1 – 2 рет шайқайды. Оларды негізгі 
сынамаға қосып, қызыл күрең түске боялған сұйықтықты 0,1н тұз қышқылының ерітіндісімен 
индикатор бояуы кеткенге дейін титрлейді. Шығындалған қышқыл көлемін V

белгілейді. 
4.6 Нәтижелерді өңдеу 
Бос көмірқышқылының концентрациясын келесі формуламен есептейді (мг/дм
3
)

С(СО
2
)=

мұнда С
экв
(NaOH) – күйдіргіш натрдың титрленген ерітіндісінің нормальдік 
концентрациясы г-экв/дм
3
(эквиваленттердің молярлы концентрациясы, моль/дм
3
); V(NaOH ) – 
талдау кезінде қосылатын осы ерітіндінің көлемі, см
3
; V
1
– NaOH – тың артық мөлшерін кері 
титрлеуге шығындалған тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі, см
3
; С
экв
(HCl) – бұл ерітіндінің 
нормальдік концентрациясы, г-экв/дм

(эквиваленттердің молярлы концентрациясы, моль/дм
3
); 
V
сын
– талдауға алынған су сынамасының көлемі, см
3
М
экв
(СО
2
)=44 – СО
2
эквивалентінің 
молярлы массасы, г/моль. 
Бос минералды қышқылдары бар (рН<4,5 болатын) суларды да кері титрлеу әдісімен 
талдайды. Сынама алынатын тарирленген ыдыстан судың бір бөлігін тарирленген ыдыстың 
көлемін көрсететін белгіге дейін ағызып тастайды. Одан кейін колбаға 3 – 5 тамшы фенолфталин 
индикаторын және тамызғышпен 5,0 см
3
0,5н NaOH ерітіндісін қосады. Колбаны тығынмен 
жауып, ерітіндіні мұқият араластырады. Сұйықтықты титрлеуге арналған қолбаға құйып, 
сынама алуға арналған колбаны жаңадан қайнатылған тұзсызданған сумен шайқайды және 
ішіндегіні 0,1н тұз қышқылының ерітіндісімен фенолфталеиннің қызыл күрең түсі кеткенге 
дейін титрлейді. Шығындалған қышқыл көлемін V
2
деп белгілейді. Одан кейін талданатын 
сынамаға 1 – 2 тамшы метилоранж индикаторының ерітіндісін қосады және титрлеуді ерітінді 
қызғылт сары (бірақ қызыл емес!) түске боялғанға дейін бюреткаға қышқыл құймай титрлеуді 
жалғастырады. Бұл кезде шығындалған қышқыл көлемін V
3
деп белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет