үлкен, бірақ оны одан ары үлкейтуге (ортаның рН-ын жоғарылатып) болмайды, өйткені күшті
сілтілі ортада тұнбаға түсетін магний гидроксиді (Mg(OH)
2
)
түзілуі мүмкін.
Талданатын суға металлоиндикатордың ерітіндісін қосқанда (мысалы, көк қышқылды
хром К), ол Са
2+
және Mg
2+
иондарымен комплекс түзеді, бұл кезде ерітінді түсін өзгертеді
(шарапты-қызыл түске боялады):
Ca
2+
+HInd
2-
+NH
3
→CaInd
-
+NH
4
+
;
Mg
2+
+HInd
2-
+NH
3
→MgInd
-
+NH
4
+
.
Одан кейін боялған ерітіндіге жайлап ЭДТА ерітіндісін қосады. Кальций және магний
иондарының ЭДТА-мен комплекстерінің тұрақтылық константалары кальций және магний
иондарының индикатормен комплекстерінің тұрақтылық константаларына қарағанда жоғары.
ЭДТА-ны қосқанда кальцийдің (магнийдің) индикатормен комплекстері бұзылып, кальцийдің
(магнийдің) ЭДТА-мен түссіз комплекстері түзіледі. Оның нәтижесінде ерітінді бос
индикатордың көкшіл түсіне ие болады:
CaInd
-
+H
2
Y
2-
+NH
3
→CaY
2-
+HInd
2
-
+NH
4
+
;
MgInd
-
+H
2
Y
2-
+NH
3
→MgY
2-
+HInd
2-
+NH
4
+
.
Индикатор түсінің өзгеруіне дейін шығындалған ЭДТА көлемі бойынша кальций және
магний иондарының концентрациясын есептейді.
Талданатын суда болатын Cu
2+
, Fe
3+
, Zn
2+
, Mn
2+
катиондары индикатормен өте берік
комплексті қосылыстар түзеді және титрлеу процесінде ерітіндінің түсі өзгермейді немесе
ЭДТА-ның өте көп артық мөлшерінде де өте баяу өзгереді. Бұл құбылыс индикатордың
тыйымдалуы деген атқа ие болды. Бәсекелесетін реакциялардың алдын алу үшін кедергі
келтіретін металл иондарын тұндыру немесе экстракция арқылы ерітіндіден алып тастау қажет.
Әр ионға (Са
2+
немесе Mg
2+
) байланысты кермектікті жеке анықтау үшін ЭДТА тек
біреуіне ғана әсер ететіндей жағдай жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: