Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын


жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі



бет6/8
Дата24.10.2022
өлшемі42,85 Kb.
#45112
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жалпы б.б. пән олимпиадасы

жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі


Секциясы



Пәні



1. Физика



Физика



2. Техника



Физика



3. Жер және ғарыш туралы ғылымдар



Физика



4. Математика



Математика



5. Қолданбалы математика



Математика



6. Информатика



Математика, информатика



7. Экономика



Математика, география



8. Биология



Биология



9. Химия



Химия



10. Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау



Биология



11. Тарих



Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы



12. Адам және қоғам



Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам



13. Өлкетану



География және Қазақстан тарихы



14. Әдебиет



Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті



15. Этномәдениеттану



Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті



16. Тіл білімі



Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері



Жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық ғылыми
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына
4-қосымша

Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру
және өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) студенттері арасында орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.





2. Орындаушылардың республикалық конкурстарын (бұдан әрі – конкурстар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының студенттері (бұдан әрі – қатысушы) арасында білім алушылардың кәсіби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсіруі және Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау мақсатында өткізеді.


3. Конкурстардың негізгі міндеттері оқушы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру мен дамыту, орындаушыларды оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін іріктеу және енгізу, білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық қызметін ынталандыру болып табылады.


Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


4. Конкурстар "Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері", "Ән салу", "Музыка теориясы" мамандықтары бойынша осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мамандану бағыттары кезегімен ауысып өткізіледі.

5. Конкурстарға қатысуға орындайтын конкурстық бағдарлама дайындаған және білім беру ұйымы педагогикалық кеңесінің ұсынымын алған қатысушылар жіберіледі.


6. Білім беру ұйымы конкурстарға қатысуға әрбір номинация бойынша 2-ден көп емес қатысушы ұсынады.


7. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстарға қатысуға өзге де музыкалық мамандықтардың студенттері жіберіледі.


8. Ұйым қатысушыларды алып жүру үшін концертмейстерді және бір оқытушыны анықтайды және жолдайды.


9. Конкурстарға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті көрсеткен мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған түрде ғана осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылданады.


Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:


1) туу туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке куәліктің көшірмесі);


2) 10х15 см көлеміндегі бір фотосурет;


3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымы;


4) конкурсқа қатысушылардың турлар бойынша бағдарламасы.


10. Конкурстардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.


11. Ұйымдастыру комитеті конкурстың өткізілетін орнын айқындайды, конкурс материалдарын дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне бекітуге ұсынады.


12. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстың өнер көрсетулерін бағалайды, конкурстық тапсырмалар аяқталған соң нәтижелерді хабарлайды. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды.


13. Конкурстық комиссияның шешімі ашық түрде қарапайым дауыс беру арқылы конкурстық комиссия құрамының 3/2 қатысқан кезде қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.


14. Қазылар алқасының мүшесі қазіргі уақытта өзі оқытып жүрген қатысушылардың кандидатурасы бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.


15. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне баға береді, оларға бірінші, екінші және үшінші орын береді, оларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

2. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

16. Қатысушылар орындайтын музыкалық шығармаларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Конкурс бағдарламасы жасалады, Конкурс бағдарламаға сәйкес өтеді. Қатысушылардың өнер көрсету кезегі ұйымдастыру комитеті 1-турдың алдында өткізетін жеребе бойынша анықталады және конкурс аяқталғанша сақталады.


17. "Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері", "Ән салу" мамандықтары бойынша Конкурстың әрбір туры мына көрсеткіштер бойынша 25 балдық жүйемен бағаланады:


музыкалық дарындылықтың айқындылығы - 5 балл;


орындау техникасы (тазалығы, сауаттылығы, айшықталуы) - 5 балл;


шығарманы стильдік айшықтау - 5 балл;


әртістігі - 5 балл;


жеке-даралығы - 5 балл.


Екінші турға жиынтығында кемінде 18 балл алған қатысушылар жіберіледі.


Үшінші турға әрбір аспап (дауыс) бойынша жиынтығында кемінде 21 балл алған қатысушылар жіберіледі.


18. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларды өзгертуге жол берілмейді. Барлық шығармалар жатқа орындалады. Әрбір шығарма бір рет қана орындалады.


19. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстар нысандары мен мазмұны әртүрлі 3 турда өткізіледі:


1) сольфеджио және гармония мамандандыруы бойынша конкурс:


2 тапсырмадан тұрады, біреуі - сольфеджиодан, екіншісі - гармониядан.


Қатысушылар соңына дейін барлық турларға қатысады:


1 тур - жазбаша жұмыс;


2 тур - ауызша жауап;


3 тур - есту бойынша талдау және орындау.


Әрбір тапсырма 10 балдық бағалау жүйесі бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:


Бірінші тур екі бөлімге бөлінеді:


сольфеджиодан диктант;


гармониядан есеп.


Сольфеджиодан диктант мына параметрлерден тұрады:


диктантты сауатты әрі дұрыс жазу;


жазу уақыты.


Диктантты жатқа сақтағаны бойынша қайталаған қатысушы қосымша балл алады.


Гармониядан есептер шығару мына көрсеткіштермен бағаланады:


функционалды сауаттылық;


қызықты фонизм;


мүлтіксіз дауыс меңгеру.


Есепті 2 нұсқада шешкен қатысушы қосымша балл алады.


Екінші тур - парақтан оқу және секвенциядан тұрады.


Парақтан оқу мына параметрлермен белгіленеді:


мелодияны сауатты орындау;


мәнерліп ән салу.


Өзін-өзі сүйемелдеген қатысушы қосымша балл алады.


Секвенция мына параметрлермен анықталады:


сауатты орындау;


адым мен бағытты таңдау;


музыкалық сезімталдығы.


Ұсынылған 2 секвенцияның екіншісін орындаған қатысушы қосымша балл алады.


Үшінші тур екі бөлімнен тұрады: есту арқылы талдау және периодты ойнау.


Есту арқылы талдау мына параметрлермен бағаланады:


тональдық жоспарын есту арқылы анықтау;


музыкалық материалдың такт бойынша аккордтық мазмұнын анықтау.


Жатқа (алдын ала жазусыз) есту бойынша, талдау жасаған қатысушы қосымша балл алады.


Ойнау кезеңі мына көрсеткіштермен бағаланады:


Ойластырылған аккордтан тыс дыбыстарды қолдана отырып, дауыстың сауатты меңгерілуі (алдын ала берілген басталуы мен тональдық жоспар бойынша периодты ойнау - ең жоғары балл - 5; берілген тоналдық жоспар бойынша өздігінен периодты бастап ойнау - 4; алдын ала дайындалған периодты ойнау - 3);


Стильдік біркелкілік. Периодтың жанрлық өңдеуін жасаған қатысушы қосымша балл алады.


2) "Музыкалық әдебиет" мамандандыруы бойынша конкурс 3 турдан тұрады:


концертке кіріспе сөз;


викторина;


коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау.


Бірінші тур "Концертке кіріспе сөз" екі бөлімнен тұрады:


концертке кіріспе сөзді жазба ресімдеу (90 мин.);


қатысушылардың ауызша сөйлеуі (5-7 мин.).


Бірінші турдың бөлімдері 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.


Концертке кіріспе сөзді жазбаша ресімдеу мына көрсеткіштермен бағаланады:


баяндаудың толықтығы;


баяндаудың логикасы;


баяндаудың стилі.


Ауызша сөйлеу мына көрсеткіштермен бағаланады:


сөйлеу мәдениеті;


сөйлеу техникасы;


әртістігі.


Екінші тур "Викторина" 20 нөмірден тұрады. Бір нөмірді тыңдау уақыты - 1 минут, нөмірді ресімдеу - 1 минут.


Екінші тур 20 балдық жүйе бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:


табылған нөмірлерінің саны;


жауаптың толықтығы (композитор, шығарма, әрекет, бөлім, тональдығы).


Үшінші тур "Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау" екі бөлімнен тұрады:


коллоквиум (әңгіме түрінде 10 сұраққа ауызша жауап беру);


музыкалық тақырыптарды орындау. Тізімде кемінде 100 нөмір болуы керек.


Қатысушы 10 тақырыпты орындауы керек.


Үшінші турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.


Коллоквиум мына көрсеткіштермен өлшенеді:


материалды толық білуі;


сөйлеу мәдениеті.


Музыкалық тақырыптарды орындау мынадай көрсеткіштермен бағаланады:


орындау сапасы (орындаудың дұрыстығы, сауаттылығы);


орындаудың музыкалық сезімталдығы.


"Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар бойынша ең жоғарғы балдың қосындысы 60-қа тең.

3. Конкурстардың қорытындыларын шығару

20. "Аспапта орындаушылық" мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға тиісті балл жинағанда мынадай орындар беріледі:


1 - орын және лауреат атағы - кемінде 24-25 балл;


2 - орын және лауреат атағы - кемінде 22-23 балл;


3 - орын және лауреат атағы - кемінде 20-21 балл.


Кемінде 18 балл алған конкурстарға қатысушыларға дипломант атағы беріледі.


21. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға мына орындар беріледі:


1-орын және лауреат атағы - кемінде 57-60 балл;


2-орын және лауреат атағы - кемінде 54-56 балл;


3-орын және лауреат атағы - кемінде 51-53 балл.


Дипломант атағы 48-50 балл жинаған қатысушыларға беріледі.


22. Барлық лауреаттар өз қалауларымен конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.



Орындаушылардың республикалық
конкурстарын ұйымдастыру және
өткізу қағидаларына 1-қосымша

Орындаушылар конкурсының мамандану бағыттарының кезектесуі


конкурсты өткізудің 1-ші жылы


конкурсты өткізудің 2-ші жылы


"Аспапта орындаушылық":


1) үрлемелі ағаш аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон-альт, саксофон-тенор);



"Аспапта орындаушылық":


1) фортепиано;



2) үрлемелі мыс аспаптар (валторна, труба, тромбон, туба), урмалы аспаптар;



2) скрипка, альт, виолончель, контрабас.



3) қазақ халық аспаптары (домбыра, шертер, қобыз, қыл-қобыз);



"Ән салу" дауыс бойынша:


1) сопрано;



4) орыс халық аспаптары (баян, аккордеон, гитара, домра-прима, домра-бас).



2) меццо сопрано;





3) тенор;





4) баритон;





5) бас.





"Теориялық музыка" кезекпен ауысып:


1) музыкалық әдебиет (бірінші жылы);





2) гармония және сольфеджио (екінші жылы).



Орындаушылардың республикалық
конкурстарын ұйымдастыру және
өткізу қағидаларына 2-қосымша


Нысан

ӨТІНІШ

Мамандық ____________________________________________________________


Мамандану ___________________________________________________________


Қатысушының аты-жөні ________________________________________________


_____________________________________________________________________


Жынысы ______________________________________________________________


Туған жері мен күні _________________________________________________


_____________________________________________________________________


Оқу орнының аты, курс _______________________________________________


Мұғалімнің аты-жөні _________________________________________________


_____________________________________________________________________


Концертмейстердің аты-жөні __________________________________________


_____________________________________________________________________


Алып жүретін адамның аты-жөні _______________________________________


_____________________________________________________________________


Мекен-жайы __________________________________________________________


_____________________________________________________________________


Телефон нөмірі, факс ________________________________________________


Код _________________________________________________________________


Өтінішті толтырған күні _____________________________________________


Қолы ________________________________________________________________


Оқу орны басшысының аты-жөні _______________________________________


_____________________________________________________________________


МО Қолы



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына 5-қосымша

Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары

Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.08.2017 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет