Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын


олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары



бет2/8
Дата24.10.2022
өлшемі42,85 Kb.
#45112
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жалпы б.б. пән олимпиадасы

олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.08.2014 № 340 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы (бұдан әрі – Президенттік олимпиада) өткізу қағидаларын анықтайды, Президенттік олимпиадаға қатысу және жеңімпаздарды өткізіу тәртібін белгілейді.





2. Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады.


3. Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:


1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;


2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;


3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

2. Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4. Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:


1) бірінші (өңірлік) кезең – 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін;


2) екінші (іріктеу) кезең – 2 турда өткізіледі:


1 тур (қашықтық) – 15 қарашаға дейін;


2 тур (шығармашылық) – қашықтық турды өткізу күні;


3) үшінші (республикалық) кезең – 30 қарашаға дейін.


Екінші (шығармашылық) турға қатысушылар 45 минут ішінде 1 беттен аспайтын көлемде эссені олардың оқу тілінде жазады.


Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде мынадай төрт пән бойынша тапсырмаларды оқу тілінде орындайды: математика, физика, химия және биология.


Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


5. Президенттік олимпиаданың барлық кезеңдерін тапсырмалармен 0амтамасыз етуді дарынды балалармен жұмыс жүргізу саласындағы ұйым - "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады (бұдан әрі – "Дарын" РҒПО).

6. Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РББҰ), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ) және "Республикалық физика-математика мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "РФММ" КеАҚ) өткізеді.


Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


7. Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі Интерактивті студия желісі арқылы республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өткізіледі.

8. Президенттік олимпиаданың іріктеу және республикалық кезеңі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - Министрдің бұйрығы) "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен өткізіледі

3. Президенттік олимпиадаға қатысушылар

9. Президенттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатысады.


10. Өңірлік кезеңнің нәтижелері бойынша іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, "НЗМ" ДББҰ құрамы 20 адамнан аспайтын команда (әрбір пән бойынша 5 қатысушыдан артық емес), РББҰ және "РФММ" КеАҚ құрамы 8 адамнан аспайтын команда (әрбір пән бойынша 2 қатысушыдан артық емес) ұсынады.


Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


11. Республикалық ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) іріктеу кезеңінің 2 тур нәтижелері бойынша Президенттік олимпиаданың үшінші (қорытынды) кезеңіне қатысушылардың тізімін бекітеді.
4. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы және ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет