Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


 «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытудың



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#17239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
2.1 «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытудың

әдістемелік ерекшеліктері

«Математика және информатика» білім саласының мазмұны  «Математика

(алгебра және анализ бастамалары, геометрия), «Информатика» пәндері арқылы

жүзеге асырылады.



Математика (алгебра және анализ бастамалары, геометрия)

Математика 

жаратылыстану

ғылымдарының

көшбасшысы 

ретінде


қоғамның

дамуына 


белгілі 

бір 


дәрежеде 

ықпал 


етеді. 

Сондықтан,

жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту

оқушылардың жоғары оқу орнында болашақ мамандығы бойынша білім алуын

жалғастыруға қажетті  математикалық білім  мен  біліктіліктің белгілі  деңгейін

қамтамасыз етуі тиіс.

Математикалық білім  беру  мазмұны  оқушылардың бойында қоршаған

әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық

қабілеттерін дамытуға  ықпал  ететін  жалпы ғылыми  біліктерді  меңгеруіне

бағытталады. Қоршаған әлемдегі және  сабақтас  пәндердегі үдерістер  мен

құбылыстардың математикалық моделін  интерпретациялау мен құрастыру

біліктігі  теориялық мәселелерді  зерттеуде  және қолданбалы  есептерді  шығару

барысында қолданылады. Математиканы  оқытуда қалыптасқан  теориялық

сұрақтар  мен  есептерді  шешудің зерттеу  аппараты  жаратылыстану-математика

пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.



19

Жалпы  орта  білім  деңгейінде математиканы оқыту  келесі мақсаттарға

жетуге бағытталған [25]:

салалас пәндер  мен қолданбалы  есептерді  шығару  және  сипаттау үшін



математикалық модельдерді құрастыру мен зерттеу;

математикалық материалдар  бойынша  есептерді  шығару  алгоритмдерін



өздігінен құру және орындау;

практикалық жағдайларда қолдануға қажетті  математикалық білім  мен



біліктер жүйесін дамыту;

практикалық есептерді  шығару құралы  ретінде  математикалық тілді



меңгеру;

практикалық сипаттағы есептеулерді орындау;



математикалық

формулаларды

қолдану  және  жеке  жағдайларды

жалпылау негізінде математикалық формулаларды өздігінен құру.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  сыныптарда  математика  пәнін

оқыту, оқушыдан математика бойынша білім мен біліктілігінің белгілі деңгейін

талап  ететін,  мамандық бойынша  оқу  орнында  оқушының оқуын  жалғастыру

мүмкіндігін қамтамасыз  етуі  тиіс. Сондықтан,  жаратылыстану-математикалық

бағыттағы  11-12  сыныптарда оқытылатын  математика  пәнін  игеру  жоғары оқу

орнындағы математика курсын игеріп  кететіндей  етіп, қалыпты  көшіп  отыруы

қамтамасыз ететіндей  жүргізілуге  көңіл  бөлінуі керек.  Осы  себептерге

байланысты,  математика  бағдарламасын  тізбектердің шегі  мен  функцияның

нүктедегі  шегі,  комплекс  сандар,  комбинаторика,  векторлық

алгебра,

аналитикалық геометрия тарауларымен  толықтыру қажеттілігі  туындады.

Жоғары  оқу  орындарында  бастапқы  кезеңде  математиканың осы  тараулары

оқытылатындықтан, бірінші курста студенттердің оқуды бастап кетуі барынша

жеңілдейді.

Мамандыққа  бейімдеудің мектептен  басталуы да қоғамдық қажеттіліктен

туындаған. Осы бейімдеу математикалық мазмұн сабақтастығын іске асыру мен

мамандарды дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін береді. Мазмұн сабақтастығын

іске  асыру үшін  мынадай қағидаға  сүйену  керек  деп  санаймыз: қандай  да

математикалық мазмұн  жоғары  оқу  орнында қайта қарастыруды  талап

етпейтіндей  етіліп  немесе  тоқтаған  жерінен  ары

қарай  жалғастыруға

болатындай  етіп  берілуі  керек,  яғни мектеп  пен  жоғары  оқу  орындарындағы

математикалық білім  беру  мазмұнының сабақтастығы  екі  бағытта  жүзеге  асуы

тиіс (2-сурет):

1)  жоғары  оқу  орнының оқытушылары  жоғары  оқу  орындарында

материалдарды мектепте оқылған материалдармен байланыстырады;

2)  орта  мектеп  мұғалімдері  мектеп  материалдарын  жоғары  оқу

орындарында игерілген материалға байланыстырады.

2-сурет


Орта мектеп математика

курсы мазмұны

Жоғары оқу орнындағы

математика курсы мазмұны




20

Оқу мазмұнындағы сабақтастықты жүзеге асыру жаңа мен бұрыннан таныс

білімдердің  өзара  байланысына  жол  ашып,  сүйенуді,  іріктеліп  алынған  оқу

материалын қолдануды және одан әрі дамытуды қажет етеді.

Осы  айтылғандарды  іске  асыру  бойынша,  математика ғылымының дамуы

үшін алдымен  математиканы  тереңдетіп  оқытуға  мүмкіндік  болатындай  орта

қалыптасуы керек.  Осы  ортада  оқытудың

жүйелі


әдіс-тәсілдері  керек.

Мектептің соңғы  сатысында  жоғары  мектепке  тән  оқыту  формалары  мен

әдістерін қолдану,  ақпараттық және  коммуникациялық технологияларды

қолдануға негізделген  оқыту  аймағын қалыптастыру,  түлектің бейіні  бар

саланы  нақты  анықтауға  мүмкіндік  беретін  тәсілдерді қолданып  сол  саламен

терең айналысуға мүмкіндік жасалуы тиіс.

Сонымен,  орта  мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы

математика  мен  жоғары  математиканың сабақтастығын қамтамасыз  ету үшін

мынадай жұмыс түрлерін жүргізу қажет [29, 30, 31]:

жоғары оқу орындары мен орта мектептер белсенді түрде қарым-қатынас



жасау (мектепте математикадан арнайы курс бағдарламаларын құрастыру және

оны жүргізу, кеңестер беру, қашықтықтан оқыту, семинарлар және т.б.);

жоғары  оқу  орындарымен  және  мұғалімдердің біліктілігін  арттыру



институтымен қарым-қатынас жасау (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру);

математика  пәндерін  оқыту  кезінде  мектеп  курсы  бойынша  сәйкес



мәселелерге үнемі  талдау жасап  отыру  керек;  логикалық, математикалық-

әдістемелік байланыстарды  ашып  көрсету;  белгілі  фактілер  мен ұғымдарды

студенттердің есіне қайтадан  жаңғыртуға  байланысты  біртекті ұғымдарды,

ережелер мен теоремаларды салыстыра, олардың жалпы және ортақ жақтарын,

айырмашылықтарын тағайындау;

мектептің математика  курстарынан  алынған  есептерді  студенттердің



өзіндік және  бақылау  жұмыстарына,  екінші  жағынан,  жоғары  математика

курсынан  алынған  есептерді  жоғары  сынып  оқушыларының  өзіндік  және

бақылау жұмыстарына енгізу;

жоғары сынып оқушыларын жоғары оқу орындарының оқыту әдістерімен



және  тәсілдеріне  толығымен  даярлау,  яғни  оқытудың дәрістік-семинарлық

түрлерін қолдану;

мектептің математика  курстарында қолданыс  тауып  жатқан,  оқулықтар



мен бағдарламалардың ерекшеліктеріне көбірек назар аудару.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  сыныптарда  математика  пәні

осы бағыттар «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» курстары

бойынша  бөлініп  оқытылады.  Бұл  пәндердің  өзіндік  мақсаты  мен  міндеттері,

мазмұндық бағыттары, білім мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет