Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді



бет26/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:
- оқушыларда жеке тұлғаның қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру; өзінің көңіл-күй /сезім/ ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;

  • табиғат обьектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, кұйі туралы ұғымдарды меңгерту; табиғи обьектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттық және кеңістіктік өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;

  • оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Әрине, бұл міндеттер әр білім аймағымен шектеліп, жеке-жеке шешілмей, бір-бірімен астасып, байланысып, шешілетіні түсінікті.


Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы
білім мазмұны тұжырымдамасы
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазақстан Республикасы Конституциясы, ''Білім туралы'' Заңы – осының кепілі.
Балабақшадан бастап сауат ашуды, есептей білуді, тіпті жазуды, шет тілін үйретуді бастауға бет бұру, бастауыш сыныптар үшін ''Әдеп әліппесі'', ''Елтану'', ''Экология элементтері'' т.б. сияқты жаңа пәндердің қаптап жасалып жатқаны – сол талпыныстардың жемісі.
Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады.
Оқу мақсаты приоритетінің өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына айқындауға және осымен бір мезгілде нақтылы міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет