Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Дүниетануды оқыту құралдары



бет34/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Дүниетануды оқыту құралдары


Білім көздері ретінде пайдаланылатын құралдар
1. Натурал объектілер
а) Табиғи жағдайда оқылатын натурал объектілер: танымжорықтық, табиғи, шаруашылық объектілері
2. Натурал объектілер мен құбылыстарды қайталап көрсететін құралдар :
а) Класта оқылатын натурал объектілер : (коллекциялық) жинақтамалық материалдар, кеппе шөптер жинақтамасы т.б.
Практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын құралдар
1. Табиғат құбылыстарын қайталайтын, талдайтын құралдар:
а) Көлемді оқыту құралдары: көлемді модельдер, макеттер, муляждар
ә) Жазықтық оқыту құралдары: статикалық картиналар, кестелер, слайдтар
б) Вербальды оқыту құралдары : динамикалық құралдар, кинофильмдер, оқулықтар, мәтіндік кестелер
в) Приборлар: химиялық, географиялық, физикалық приборлар
г) (Инструменттер) Құралдар мен ыңғайланған құралдар: өлшеуге арналған құралдар
Жаратылыстануды оқыту құралдары бір типке біріктірілген. Оның негізіне білімділік және тәрбиелік қасиеттерін, таным процесін анықтайтын белгілі дидактикалық мақсат еңгізілді. Олар сызбалар, приборлар, жануарлар т.б. бола алады. Осы топтың объектілері өз қызметіне байланысты екі топқа бөледі:

  1. Білім көзі ретінде қолданылатын

  2. Білім алуға қажетті және оқушылардың белгілі әрекетін қамтамасыз ететін.

Бірінші топтағыларды реалды объектілер мен құбылыстарды бейнелеу, көрсету әдісіне, ал екіншісі объективті шындықты оқыту тәсіліне қарай бөлінген.
Белгілер жиынтығы бір туысқа жуық табиғи жағдайда оқылатын барлық натурал объектілер, сол сияқты приборлар мен құралдар біріктірілген. Жіктеудің туыстық деңгейі - ол жаратылыстануды оқытудың жалпы әдістерінің деңгейі: оқулықпен, картамен жұмыс т.б.. Осы жіктеудің айқын дидактикалық бағыты бар, оның кез-келген деңгейі қай мақсатта, қандай таным міндеттерін шешуге, қай оқыту құралы қолданылатынын айқындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет