Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Екіншіден, әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп 1-4 сыныптарда үздіксіз оқытылады. Үшіншіден



бет28/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Екіншіден, әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп 1-4
сыныптарда үздіксіз оқытылады.
Үшіншіден, әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның еңбек әрекеті және
бөлінбес бөлігі ретіндегі табиғатпен, мүшесі ретіндегі қоғаммен әрекеттестік қарым
- қатынасы туралы білім мазмұны арқылы жүзеге асады.
Дүниетану пәнінің тағы бір ерекшелігі – бұл пән мазмұны қазіргі замандағы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларынан (қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер, т.б.) хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, эксперимент, модульдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім мазмұнын қамтитын ақпараттардың әрсалалығы мен ауқымдылығы, мазмұн берілуінің жүйелілігі, білімнің теориялық деңгейінің жоғарылығы дүниетану пәнінің пропедевтикалық сипатын айқындайды және келесі сатыларда оқушылардың физика, химия, биология, тарих, қоғамтану, т.б. сияқты ғылым негіздерін нәтижелі зерделеуін қамтамасыз етеді, адамтану проблемаларына арналған арнайы курс жасауға бастама болады.
Пәнаралық байланыс. Бастауыш сатыда жекелеген пәндер, ең алдымен, оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыруға, яғни оның жекебас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет ететіндіктен, білім мазмұнының интегративті біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бір класта барлық пәнді бір мұғалім оқытуының да мәні осында.
Бұл тұтастық үш түрлі ұстаным негізінде жүзеге асырылады.
1.’’Қосарлана ену заңы’’ ұстанымы- білімнің базистік салалары жалпы білім мазмұнына екі түрлі жолмен: 1) жеке курс (пән) және 2) басқа пәндер мазмұнының бөлінбес бір бөлігі түрінде енгізіледі. Мысалы, ана тілі әрі өз алдына жеке пән, әрі оның оқушы тілін дамыту, сөздік қорын байыту т.б. сияқты мәселелері барлық пәндерде де ұдайы қолданылып,жетіліп отырады. Сол сияқты, математиканың өлшемдер жүйесі, заттардың кеңістіктегі салыстырмалы орны, т.б. сияқты мағлұматтары басқа пәндерде үнемі қарастырылады, т.с.с.
2. Зерттеу объектісінің немесе әдісінің ортақтығы, ‘’Түпкі мақсат- түрлі мақсат бірлігі ‘’ ұстанымы.
Мысалы, қазақтың киіз үйі дүниетану пәнінде халықтың көшпенді өміріне тән тұрмыс- тіршілігінің бір басты сипаты ретінде қарастырылса, бейнелеу өнерінде – архитектуралық ғимрат, еңбек пәнінде- киіз үйдің шиін тоқу, киіз басу, әртүрлі баулары сияқты бөліктерін дайындау біліктерін меңгертудің объектілері ретінде қарастырылады; олардың өлшемдерін, мөлшерін, пішінін белгілеуге математика қатысады. Ал, оқу әрекетін қалыптастыру тәсілдері барлық пәнде жүргізіледі.

  1. Бір пәннен алған білім, білік дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, яғни кәдімгі пәнаралық байланыс ұстанымы. Мысалы, дүниетануда жыл мезгілдері туралы алған ғылыми түсініктерді бейнелеу өнерінде‘’ күз бояулары’’, ‘’жапырақ мозаикасы’’ т.б. сияқты тақырыптарды пайдалану, еңбек пәніндегі ауылшаруашылығы еңбегімен байланыстыру.

Білім мазмұнының көпдеңгейлілігі.
Білім берудің мақсатына орай, қазіргі заманғы психологияда зерттеліп анықталған бастауыш саты кезеңіндегі баланың жасымен байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып және оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, ең алдымен, мектеп ұсынатын оқу материалының базалық (инварианттық) деңгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс, бұл деңгей бастауыш сатыда қандай типті екеніне қарамастан кез-келген мектептің әр оқушыға ұсынатын білім мазмұнға құрылады.
Оқу үрдісінде бұл мазмұнды оқушылардың меңгеруі біркелкі болмайтыны белгілі: бір оқушылардың оны толық жан-жақты, меңгереді. Бұл – білім мазмұнының жоғарғы деңгейіне сәйкес келеді. Екінші біреулері – толық меңгеруге шамасы жетпейді. Осымен байланысты білім мазмұнының ең аз, бірақ әр оқушы үшін меңгерілуі қажетті деңгейі оқушы дайындығының ең аз міндетті деңгейіне қойылатын талаптар түрінде анықталады. Бұл екі деңгейдің арасында біршене деңгейлер болатыны сөзсіз.
Бірақ оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылар міндетті деңгейден төмен болмауы керек.
Базалық мазмұнның жоғарғы шегінен артық білім алуға әлеуеті жететін оқушылар үшін арнайы факультативтік курстар, т.б. жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет