Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Сабақта әр түрлі жолдармен ұғымдар және түсініктерді қалыптастыру әдістері мен тәсілдері



бет31/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Сабақта әр түрлі жолдармен ұғымдар және түсініктерді қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жету жолдары деген мағынаны білдіреді. «Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым- қатынас және іс- әрекет». Оқыту әдістері- оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал- тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс- әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады. Оқыту әдістерін топтастырудың ең көп тарағаны- білім беру көздеріне сәйкес топтастыру:

  • сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;

  • көрнекілік әдістер;

  • тәжірибелік әдістер.

Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептеледі, т.с.с.
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация, және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: сарамандық, зертханалық, графикалық, әртүрлі жаттығу жұмыстары.
Ең көп тараған әдіс- сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Мұғалім сөзі әсерлі, тартымды,, сенімді, дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекілік және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Әңгіме- мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады.
Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (сурет, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды осылайша ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру, бағалау үшін қолданылатын әңгіме.
Сабақтағы мұғалім әңгімесінің ұзақтығы бастауыш мектепте оқушы жасына, берілетін материалдың сипатына байланысты болып келеді. 1-2 кластарда әңгіме ұзақтығы 7-8 минут, 3-4 кластарда 9-12 минуттан аспауы керек, оқушының зеін тұрақтылығы әлі дұрыс қалыптаспағандығын ескерген дұрыс.
Сабақта жұмыстың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін қолдану, балалардың бұрыннан бар түсініктерін пайдалану, түрліше көрнекіліктер қолдану мұғалімге жалпы дүниетану ұғымдарын қалыптастыруға көмегін тигізеді. Ұғымдардың қалыптасуында мұғалімнің баяндауының белгілі жүйеде болуының үлкен мәні бар. Жүйелілікке оқу процесінің барлық бөліктері жетекші оймен байланысқан және оны ашуға, қостауға қызмет еткен жағдайда жетуге болады.
Мұғалімнің жүйелі әңгімесінде көрнекілік үлкен орын алады: балалар көрнекі көріп қабылдаудан қорытуға, яғни ұғым құруға оңай барады.
Көрнекі құралдар тек жеке нақтылы заттардың түсініктері мен бейнелерін туғызу үшін ғана емес, сонымен бірге ұғымды қалыптастыру үшін бастапқы материал ретінде де пайдаланылады.
Балалардың бақылаулары, көрген фильмі, талқылаған картиналары немесе диафильмдері бойынша жүргізілген әңгіме оқушылардың бағдарламалық материалды саналы түрде игеруіне көмектеседі. Ал оны саналы түрде игеру негізінде балаларда дұрыс табиғат, оның құбылыстары жөнінде ұғымдары қалыптасады.
Мұғалім заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін ашуда әңгімелерге жауапты қарауы тиіс. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және бағдарламалық материалды саналы түрде емес, тек механикалық түрде игеруін көрсететін сұрақтар қоймауы керек. Сұрақтарды, оларға қайтарылатын жауап оқушылардың берілген анықтамаларды түсінгендігін көрсететіндей етіп қою керек. Сұрақтарды былай қоюға болмайды: Құдық деген не? Мұхит деп нені атайды? т. с.с. Алдымен балаға картинадан, сызбадан, кестеден жер бетінің сұлбасы мен, картадан немесе жылғаның бастауы деп нені айтатынын сұрауға болады. Оқушыларға сілтеме сұрақтар мен шубалаңқы сұрақтар қоюға болмайды, өйткені олар балалардың табиғат құбылысының мазмұнын түсінетіндігін айқындамайды, қайта оларды түсінбей жаттап алуға итермелейді.
Жалпы ұғымдарды қалыптастыру жұмысын жүргізіп, мұғалім балалардың өз білімдерің қолдана білуіне көңіл бөлуі керек. Мәселен ''Географиялық карта'' деген жалпы ұғым қалыптасты делік. Балалар карта оқи біле ме, оның шартты тілін түсіне ме, картадан тауларды, өзендерді, теңіздерді т.б. таба ала ма? –мұғалім міне, осыларды тексеруі керек.
ІІ класта ''Өсімдіктер тіршілігіне не қажет?'' тақырыбы мен танысқанда: топырақ, ауа, су, жарық, жылу керек екендігін тәжірибе қою арқылы үйренеді. Арнайы белгіленген ыдыстарға бидай не бұршақ тұқымдары егіліп, әртүрлі жағдайларға қойылады. Жылу болмаса тұқым өнбейді, су болмаса тұқым өнбейді, ауа болмаса тұқым өнбейді, барлық жағдай жасалған ыдыстағы тұқым өнеді, оған оқушылардың көздері тәжірибе қорытындысын шығарғанда жетеді. Тәжірибені оқушылар мұғалімнің басшылығымен қойып, бақылау жүргізеді. Нақты тәжірибе нәтижесі арқылы түсінік пен ұғым қалыптасады. Сұраққа жауапты өздері жүргізген тәжірибенің қорытындысын пайдаланып мынандай тірек сызбасы түрінде қорытындылауға болады:
Сонымен, оқушылардың ғылыми білім негіздерін берік игеруі және ұғымдарының қалыптасуы, қабылдау, түсініктер қалыптастыру және олардың мәнін ұғу арқылы өтеді.
Көрнекілік әдіс оқушылардың оқу материалын көзбен көріп, нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді. Оған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, зат нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Демонстрация практикалық оқу әрекетімен үштаса жүргізіледі. Оған қойылатын талаптар:

  1. Көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;

  2. оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды;

  3. көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;

  4. көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет