Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет51/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

У. Қарапайым аспаптармен (тұсбағдар, термометр, желбағар, және т. б ) жұмыс істеу іскерлігін тексерген дұрыс. Мұндай тексеру сарамандық сабақтарда, кластағы ғана емес, үй жұмысын орындағанда да, танымжорық кезінде де жүргізіп отырады.
УІ. Дидактикалық карточкалар, перфокарталар, мысалы:
І

  1. Өсімдіктің өсуіндегі жапырақтың маңызы қандай?

  2. Жапырақтан сабаққа, гүлге, тамырға баратын заттарды жаз

ІІ

  1. Қандай пішінді жапырақтарды білесің?

  2. Басқа мүшелерден жапыраққа баратын заттарды жаз.

Бастауыш кластарда қандай да бір сабақта тексеру түрінің бәріне неғұрлым көбірек орын бере отырып, сабақтың мақсатын, оның мазмұнын, жұмыс әдістерін басшылыққа ала отырып, тексерудің барлық түрлерін ұштастыру керек екенін есте ұстау керек.


Дүниетану танымжорықтары ( экскурсиялар)

Танымжорықтар –кәдімгі сабақтар. Олардың өту жағдайлары басқа, табиғат аясында, мұражайда, көрмеде, шаруашылықта, мектепте т. б. өткізіледі. Дүниетану танымжорықтарына көзқарас сабақтағыдай болуы тиіс. Олар бастауыш мектептің дүниетану пәнінің бағдарламасына енген, әрбір кластарда оқу жұмысын жылдық және тақырыптық жоспарлауда белгілі орын алады.


Танымжорықтардың кестесі басқа сабақтарды өткізуге кедергі келтірмейтін болып құрылуы тиіс. Жоспарлау басқа сабақтарды үзбейтін етіп құрастырылады.
Танымжорық жасалатын орнына байланысты түрлері:
-Табиғатқа
-Мұражайларға, көрмелерге

Тақырыпты өту мерзіміне қарай танымжорықтар:

  1. Кіріспе

  2. Ағымдағы

  3. Қорытынды

деп бөлінеді.
Танымжорықтардың тақырыбы дүниетану бағдарламасы бойынша анықталады. Танымжорықтардың тақырыптарын келесі топтарға бөлуге болады:

  • органикалық дүниенің көптүрлілігімен таныстыру, әртүрлі жыл мезгілдерінде табиғат құбылыстарын бақылау

  • жергілікті жерді бағдарлау, жер бетінің формасымен танысу, өз жеріндегі пайдалы қазбалармен таныстыру

  • тіршілік ортасына ағзалардың бейімделуін анықтайтын экологиялық танымжорықтар, табиғи бірлестіктердің әртүрлерімен, өз жерінің табиғи байлықтарымен және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен таныстыру

  • өлкетану мұражайына, көрмелерге, өндіріске танымжорықтар

Пәнді алғаш оқи бастағанда табиғат құбылыстарын бақылау, табиғатта өзін ұстау ережелерімен таныстырылады. Білім көзінің өсуіне байланысты тақырып та күрделенеді, соңында экологиялық танымжорықтар өткізіледі, ағзалардың бірлестіктегі өзара қарым-қатынасын, байланысын зерттеу жүргізіледі. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы, адамның табиғат байлығын пайдалануы және табиғатқа әсері қарастырылады. Танымжорықтардың бөлінбес құрамыдас бөлігі болып табиғатты қорғау бағыты саналады.
Бағдарламадағы танымжорықтар міндетті түрде өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет