Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет49/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Жабық тапсырма (Ұсынылған нұсқаудан бір, не бірнеше дұрыс жауабы таңдалады)

Мысалы: 1. Қайсысы жыртқыш жануарларға жатады?
а) тиін, құлан, жолбарыс
в) түлкі, арыстан, қасқыр
с) арқар, күзен, аю
д) ит, ешкі, бүркіт
е) тырна, аққу, ақкіс

  1. Қай қатарда бунақденелілердің атаулары берілген?

а) кесіртке, бақа, бұғықоңыз
в) көбелек, шегіртке, ақкіс
с) жылан, тасбақа, қаңқыз
д) бал арасы, зауза қоңызы, инелік
е) шіркей, шыбын, қарға

  1. Кесіртке, жылан, тасбақа жануарлардың қай тобына жатады?

а) сүтқоректілер
в) қосмекенділер
с) балықтар
д) бунақденелілер
е) жорғалаушылар

  1. Қазақстанның Қызыл кітабына қандай жануарлар енгізілген?

а) күзен, арқар, сұңқылдақ аққу
в) ақбастырна, аю, бұғы
с) қарға, торғай, мәлін
д) сауысқан, қоңыр қаз, бірқазан
е) қызыл қасқыр, түлкі, қайшыауыз

  1. Қайсысы улы жәндік?

а) қанқыз, өрмекші
в) бүйі, құмрысқа
с) қарақұрт, бүйі
д) шыбын, сона
е) маса, көбелек

  1. Ашық тапсырма. Оқушы жауапты өзі құрастырады. Мысалы: Қандай жануарлар аралас қоректенеді

  2. Аралас білім тексеру тапсырмаларының үлгілері:

1. Адам денесінің тірегі:
а) қаңқа, бұлшық ет
ә) буын, бұлшық ет
б) қаңқа, буын
в) қаңқа, бұлшық ет, тамырлар
2. Табиғи денелерді көрсет:
а) үй, ағаш, Ай
ә) Ай, Күн, өзен
б) Күн, темір жол, тау
в) топырақ, тас, көпір
3. Әрбір 1000 метр биіктікке көтерілгенде ауа температурасы қалай өзгереді:
а) 60 С-қа жоғарылайды
ә) 160 С-қа жоғарылайды
б) 60 С-қа төмендейді
в) 160 С-қа төмендейді
4. Қайсысы кенді пайдалы қазбаның мысалы бола алады:
а) темір, мыс, алюминий
ә) тас көмір, мұнай, алтын
б) тұз, әктас, мәрмәр
в) су, топырақ, қорғасын
5. Қайсысы бунақденелілер тобына жататын жануарлар:
а) бақа, тасбақа, кесіртке
ә) бүркіт, инелік, шортан
б) алабұға, аю, жолбарыс
в) қоңыз, көбелек, инелік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет