Жүргізуші. Мен сіздің сөзіңізді бөліп, көрермендерге сұрақ берейін. ''Орман қорғаушы'' ретінде қандай жануарлар түрі пайдалы?
Көрермен(20) Құстар. Шымшықтардың жанұясы бір жазда мыңдаған дернәсілдерді құртады. Құмырсқалар. Олардың бес илеуі зиянкестерден гектар орманды қорғайды. (видеофильм '' құмырсқа мен қанқыз'')
Жүргізуші. Әрине, көптеген пайдалы құстар бар, мысалы торғайлар, тоқылдақтар т.б.жәндіктер әлемінде біздің ''жауларымыздың жаулары''. Олар дернәсілдерді құртады. Бірақ та химиялық күрес жолдарына қайта оралайық, сөйтсе де қандай жағдайларда химиялық заттарды қолданады?
Орман қорғаушы. Зиянкестердің жаппай көбеюі кезінде, ағаштарды іс жүзінде зиянкестер жойып жіберетін болғанда пестицидтер қолданылады.
Жүргізуші. Бұл жерде мен мынаны қосар едім. Көп жылдар химиялық препараттар қолданылған ормандарда табиғи ''жыртқыш- қорегі'' және ''паразит- иесі'' байланыстар үзілген. Егер химикатты қолдануды күрт тоқтатса, орман өледі. Осындай химикаттандырылған орман экожүйесі – ''наркомандар'' сияқты, сондықтан популяциядағы жыртқыш және паразитті қалпына келтіру үшін уақыт қажет. Біз орман кесілгеннен кейін табиғи қалыпқа келтіру үшін ағаш отырғызу туралы әңгіме қозғадық. Мен қатысып отырған орманды экологиялық сауатты пайдалану жайлы әңгімелеп беруін сұрайық деп отырмын.
Орманшы. Орманды экологиялық сауатты пайдалану негізіне табиғатты тиімді пайдалану принципі кіреді. Әрбір кесілген орман үлескісінде ағашты қалпына келтіру жағдайлары жасалу керек. Ағаштар тұтас кесілмейді, оның ішінде тұқым шашып, одан жаңа өскін өсе алатын ағаштар қалдырылады. Орман типіне байланысты бір гектар орман қайта қалпына келіп, өсіп шығуы үшін қанша ағаш қалдырылуы керектігі жөнінде нормативтер белгілі. Егер кесу дұрыс жүргізілмесе, онда ол қалпына келеді. Табиғи қалпына келуге көмектесу- ол орманды сақтаудың негізгі тәсілі.
Жүргізуші.Мұнда негізгі рольді ағашты дұрыс пайдалану кіреді.
Орманшы. Иә, орманды кесудің өзі экологиялық сауатты орындалу керек: кесілген ағашты әкеткенде топырақтың беткі қабатын бұзбау керек, ағаш кесілген жерде қалдық үйіндісі қалдырылмау керек, онда зиянкестер көбейетіндігі айтылды.