Жаратылыстану негіздері



бет21/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Лекция № 13-14
Тақырыбы: Өсімдік қауымдастықтары
Жоспары:
1.Өсімдік биосфераның бір бөлігі ретінде
2.Өсімдік қауымдастықтарының құрылуы мен құрылымы
Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді, яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралы көп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп. атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп. қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процестер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті.
Биосфераның жоғарғы қабаты 25 км-де шоғырланған - “озон” қабатына дейін, ал биосфераның төменгі шекарасы литосфераны қамтыған.Төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар бұл қабатының шекарасын бірнеше метр тереңдікке дейін деп жорамалдаса, кейбір ғалымдар бірнеше жүздеген киллометрге дейін шоғырланған деген пікір айтады.Өйткені бұл тереңдікте кейбір тереңдіктегі бактериялар өмір сүреді.Биосфераға гидросфераның барлық аймақтары кіреді.
Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді.
Жер бетіне тірі организмдердің кең көлмде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.
Қазіргі таңда биосфераның сандық құрамы:
-жануарлар: 1,5-1,7 млн түрі.
-өсімдіктер: 350-500 мың түрі бар. Жер бетінде жануарлардың түрінің саны өсімдіктердің түрінің санына қарағанда көп болғанымен, Жердің биомассасының үлкен бөлігін өсімдіктер алып жатыр.
2.Өсімдіктер мен жануарлар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Сондықтан да олар бірлестік түзеді. Онда әр жеке организм басқаларына әсер етеді және дәл осы мезгілде олардан да әсер алады. Осылай тіршілік ету барлығына пайдалы және әр түрге тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бірлестіктерге мысал ретінде мүк үйіндісі, ескі ағаш түбіртегі, шабындық , батбақ , дала, шөлейт, орманды келтірсе болады. Әр бірлестікте белгілі бір тіршілік иелері мекендейді. Мысалы далалы жерде ғана ақбөкен, сарышұнақ , дуадақты, ал өсімдіктерден ақ селеуді не жусанды кездестіруге болады. Жапырақты орманда мекендейтін түрлер басқа, бұларға үйеңкі, емен, жөке, ал жануарлардан жорға торғай, теңбіл торғай, жабайы шошқа, ақ тиін жатады. Бірлестікте тірі организмдер бір-бірімен ғана байланысты емес, өлі табиғатпен де байланысты. Бірлестік түзетін тірі организмдер қоршаған ортамен үнемі зат пен энергия алмасып отырады. Міне, осы процестер негізінде бірлестік пен қоршаған орта біртұтас күрделі жүйені құрайды, оны биогеоценоз ( гірекше биос-өмір, гео-жер, ценоз-бірлестік ) немесе экожүйе деп атайды.
Кез келген экожүйеде организмдердің үш тобын бөлуге болады. Бұлардың негізгісі органикалық заттарды өндірушілер-жасыл өсімдіктер. Бұлардың өздерінің фотосинтездеу қабілеті арқылы өздерінде өзгерген күн энергиясын көп мөлшерде жинайды. Оны органикалық заттар түрінде жинап, басқа тірі организмдерге пайдалана алатындай түрге өзгертеді.
Тұтынушыларға әр түрлі өсімдікқоректілер, талғаусыз қоректенетін және жыртқыш жануарлар жатады.
Бұзушыларға көптеген бактериялар, саңырауқұлақтар, топырақ құрттары, көмбекей қоңыздар және басқа да жануарлар жатады.
Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған.Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады.Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроорганизімдер тіршілік ете алмас еді.
Кез келген биосферадағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды. Өсімдіктердің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі. Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да аз, экватор маңында өте қалың және сан алуан.
Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға, солардың ішінде, әсіресе климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына) байланысты. Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйкес, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.
Өсімдік өлі табиғаттың заттарынан, яғни минералдық тұздардан, судан және көмірқышқыл газынан, күн сәулесінің әсерінен тіршілік үшін қажетті зат түзеді және оттегін бөліп шығарады.Өсімдікті шөп қоректі жануарлар жеп күнелтеді. Өз кезегінде шөп қоректілер жыртқыштардың жемі болады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын майда организмдер ыдыратып, өңдеп оны қайтадан өсімдіктер бойына сіңіре алатын қоректік затқа айналдырады.
3. Өсімдіктер экологиясы - өсімдіктің және олардың популяцияларының бір – бірімен және олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн-нан астам түрі бар. Жыл сайын ғылымға жаңа түрлері еніп отырады. Өсімдіксіз тіршілік атаулыны елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Қазақстанда орман қоры 21,8 млн га жерді алып жатыр. Яғни, елімізде барлық жерінің 3,35%-ын құрайды. Біздің өлкеміздің ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типі бар. Олар – сексеуіл, қылқан жапырақты және аралас ормандар, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға қысқара түсуде. Құрлықтың 62 млн км2 жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайынашар. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар, өрт, ауа райының өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануы.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 5700-дей түрі өседі. Оның 500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы “Қызыл кітап” шығарылды. Оның мақсаты – жойылып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Бұл жұмысты іске асыру үшін көптегени қорықтар ұйымдастырылуда.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 7 ұлттық табиғи саябақ, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар бар.
Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен “Жас орманшылар”, “Жасыл патрульшілер”, “Жас экологтар”, “Жас натуралистер”, т.б. үйірмелер ұйымдастырылған.
Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктерді қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталары көп шоғырланған. Әсіресе алтынтамыр, маралоты, дәрмене жусан, қылша, шайқұрай, жалбыз, бәйшешек түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр т.б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкентте осындай дәрілік өсімдіктерден (жәрмене жусан) дәрі-дәрмек жасайтын фармацевтикалық зауыт бар.
Еліміздің шөлді және шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі – біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн га-ға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.
Сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп, отынға, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштар қорғауды қажет етіп отыр.
Өсімдіктер түрлі экологиялық факторларға байланысты бірнеше типтерге бөлінеді.
І.Ылғалға қатысты өсімдіктердің экологиялық типтері
1)Гидрофиттер – сулы ортаға бейімделген өсімдіктер
2)Гигрофиттер – ылғалы мол топырақта өсетін өсімдіктер
3)Мезофиттер – ылғалы жеткілікті қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер
4)Ксерофиттер – ылғалы тұрақты немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер.
ІІ. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық типтері
1)Сциофиттер – қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер
2)Гелиофиттер – жарық мол болса, соғұрлым жақсы өсетін өсімдіктер
Бұдан басқа да өсімдік типтары көптеп кездеседі.
4..Өсімдік бірлестігі дегеніміз-бірдей жағдайда (топырақ, климат) өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресіп отыратын өсімдік түрлерінің жиынтығы.
Кез келген өсімдік түрінің табиғатта жеке өсуі өте сирек кездеседі. Өсімдіктер су, жарық топырақ және қоректік заттарды қажетсінулеріне, сондай-ақ өздерінің қажет етулеріне ортақ жаулары мен өлі табиғаттың қолайсыз жағдайларына қарсы күресу мүмкіншіліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасайтын күрделі өсімдік жамылғысын түзеді. Өсімдіктер жамылғыларының құрамына қарай өсімдік бірлестіктерін: шалғынды, батпақты, орманды, далалы жерлердің өсімдіктері деп топтастыруға болады. Олар мұнан гөрі де ұсақ бірлестіктерге де бөлінеді. Мысалы, шалғындық жерлер - суарма шалғынды, құрғақ алқаптық шалғынды, тау шалғынды, ал батпақты жер-шымтезекті, шөпті болып бөлінеді.
Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері, өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің белдеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындықтары - әр түрлі болады:өсімдіктердің даму жылдамдығы да әр түрлі:өсімдік жамылғысына кіретін өсімдіктер бір түрден екінші түрге ауысуға икемді болады.
3.Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған организмдер тіршілік бірлестігін құрайды. Жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер бірлестігін биоценоз деп атайды (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ). Биоценоздың мысалы ретінде батпақ, көл, шалғын, тоғай, құмды шөл, сор және т.б.атауға болады.
4.Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты.Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып саналады.
Демек, өсімдік - адам үшін азықтың қайнар көзі. Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер-дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), дәнді - бұршақты (соя, бұршақ, асбұршақ), майлы(күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы), талшықты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ, қызан, бақлажан, қарбыз, қауын), дақылдар мен жеміс-жидектер (алма, шие, таңқурай,қара қарақат, грек жаңғағы,т.б.) болып табылады.
Өсімдіктер әлемінен органикалық заттар өте көп өндірілуде, бірақ халықтың саны да жедел өсіп барады. Сондықтан табиғи өсімдіктерден алынатын өнімдерді молайтып, халықты тағаммен, өнеркәсіпті шикізатпен, малды жем - шөппен қамтамасыз ету мәселесі барған сайын маңызды болып түсуде.
“Орман-ел дәулеті, жер сәулеті” дап халық бекер айтпаған. Ағаштардың сүрегінен 20 мыңнан артық бұйымдар дайындалады. Тынымбақтардағы өсімдіктердің хош иісі, сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып,көңіл күйін шаттандырады.
4.Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Себебі ол – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікие түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.
Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып табылады. Өсімдіктің медицинада алатын орны ерекше. Өсімдіктердің 150-ден астам түрлерінен дәрі жасалады. Адам өсімдіктерді сәндік үшін де өсіріп, эстетикалық ләззат алып, рақаттанады.Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Тынымбақтардағы өсімдіктердің хош иісі, сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл күйін шаттандырады.
Сонымен қатар өсімдіктер басқа көптеген жерлерде де қолданылады. Сондықтан да өсімдіктерді қорғау және оларды көбейту – біздің басты борышымыз.
5. Қазіргі таңда өсімдіктерді қорғау мақсатында қорықтар мен бау-бақшалар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар орманды сақтау, көгалдандыру жұмыстары да қолға алынып жатыр. Көгалдандыру мен жайылымдарды сақтау үшін біріншіден, жер бетін лас нәрселерден тазарту керек; екіншіден, топырақ құнарлылығын сақтау керек; үшіншіден, улы өсімдіктермен тұрақты күрес жүргізу керек.
Қазақстан орман шаруашылықтарында жыл сайын 90 мың гектарға ағаштар отырғызылады.Онда табиғи өсімдіктердің 5 000 мыңнан астам түрлері өседі. Олардың ішінде дүниежүзінде кездеспейтін реликті (ертеден келе жатқан түрлер) өсімдіктер де бар. Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақүйеңкі тоғайы планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді.
Республикамыздың табиғи өсімдіктерінің 400 астам түрі қала парктерінің, көше бойларын және жекелеген алаңдарды көріктендіру үшін қолданылады. Өсімдік әлемінің түрлерінің көп болуы адамдарға байланысты. Олар өсімдіктерді қолдан өсіру арқылы және олардың түрлерін көбейтуге дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік түрлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар.Мысалы, адаиның дұрыс қарамау нәтижесінде дүниежүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жойылып кетті, қазір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет