ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Өмірханқызы Балжан, Полатова Альвина Қабылдаған: Қалиева А.Н. Дәріс №12 Крестгүлділер тұқымдасы құрамындағы дәрілік өсімдіктер түрлері Кәдімгі жұмыршақ (Пастушья сумка обыкновенная) Capsella bursa-pastoris L.,
Қалақайлар тұқымдасы - Қосүйлі қалақай (Крапива двудомная)- Urtica dioica L.
12 практикалық сабақ Сарғалдақтар тұқымдасы (Семейство лютиковые) Ranunculaceae Juss. Сасық маралоты (Василистник вонючий) - Thalíctrum foétidum L., Торжеміс тегеурінгүл (Живокость сетчатоплодная) - Delphinium dictyocarpum DC.
Жоспары:
1. Кәдімгі жұмыршақ (Пастушья сумка обыкновенная) Capsella bursa-pastoris L.
3. Сасық маралоты (Василистник вонючий) – Thalictrum foetidum L.
2. Қосүйлі қалақай (Крапива двудомная)- Urtica dioica L. КӘДІМГІ ЖҰМЫРШАҚ Кәдімгі жұмыршақ (лат. Capsella) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік. Сабақтары әр түрлі биіктікте өседі, кейде 50 см-ге дейін жетеді. Сабақтары жеке де, бұтақты болып та келе береді. Төменгі жапырақтары бөлініп тұрады да жоғарылары бүтін болып келеді. Ұсақ гүлдері ұзын шашақ болып жиналып тұрады. Жемісі – үш бұрышты бұршақ тектес. Сәуір айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Арам шөп ретінде Қазақстанның барлық жерінде өседі.
Дәрі мақсатында өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін пайдаланады. Шөбінің құрамында жеңіл ыдырайтын бурсин алкалоиды бар, оны жұмыршақты зерттеушілер 1880 жылы тапқан. Сонымен бірге оның құрамында бурс және бурсинді глюкозды қышқылдар, эфир майы, илік заттар, алма және лимон қышықлдары кездеседі. Халық медицинасында жұмыршақ шөбін ерте заманнан бері қан тоқататын, қан ұйытатын дәрі ретінде пайдаланып келеді. Шындығында ғылыми зерттеулер мен клиникалық тексерулер бұл шөптің қан тоқтатарлық әсері бар екенін дәлелдеуде, және оның препараттары жатырдан қан кеткенде, етеккір көп кеткенде жиі қолданылады.
Жұмыршақты басқа да дәрі өсімдіктерімен қоса өкпе туберкулезінің фиброзды-кавернозды(тесілген) формасына, геморройға, жатыр мойнының эрозиясы мен жарасына қарсы қолданады. Өйткені, оның препараттары жатыр бұлшық еттің жиырылуы қасиетін арттырып, шеткері жатқан қан тамырларын кеңейтетіні экспериментті түрде дәлелденген. С.А.Томилин жұмыршықтың қан қысымын төмендететін, сонымен қатар ішек перистальтикасын(қуық мүшелердің жиырылуы) күшейте түсетін қасиеті бар екенін анықтады. Сондықтан оның препаратын гипертониялық ауруларға және ішек атониясына қарсы қолдану ұсынылады. Халық медицинасында сонымен бірге жұмыршақты несеп жүргізетін, жараны жазатын, «қан тазартатын» дәрі ретінде, сондай-ақ ревматизмге, бүйрек құмына, басқа қан құйылғанға, жүрек қатты соққанға, қан түкіргенге, іштің жай және қан аралас өткеніне, ұрығы тоқтамағанға, шыжың ауруына , геморройға, өт тасына, бауырдың қаны тоқтап қалғанда, қуық ауруларына, климактериялвқ кезеңде жатырдан қан кеткенге қарсы қолдынылады.
Биіктігі 1 метрге жуық.
Сабағы төрт қырлы, түзу, жоғарғы жағында бұтақтары көп.
Жапырақтары жүрек тәрізді, ұш жақтары сүйірлеу, бір-біріне қарама-қарсы орналасады, сағақтары ұзын, шеттері ірі, ара тісті. Жапырақтары мен сабағы тиген жерді дуылдататын күйдіргіш түк басқан.
Гүлдері майда, көкшіл түсті. Бір өсімдікте аталық гүлдер өссе, екіншілерінде тек аналық гүлдер ғана өседі, сондықтан қалақайды "қос үйлі" деп атайды. Маусым айынан қыркүйекке
дейін гүлдейді.
Қосүйлі қалақай үй маңайында, жол жиегінде, бос алаңдарда, егістік жерлерде өседі.