Жаратылыстану негіздері



бет45/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

Бақылау сұрақтары:

  1. Литосфера туралы түсіндіріңіз.

  2. Жердің жасы, геологиялық жыл санау дегеніміз не, түсіндіріңіз.

  3. Жер қыртысының релефі қандай?

  4. Минералдардың физикалық қасиеттеріне тоқталыңыз.

  5. Минералдар классификациясын түсіндіріңіз.

  6. Тау жыныстары дегеніміз не?

  7. Мұхиттар мен материктерді салыстырыңыз.

  8. Материктер туралы салыстырамалы түрде сипататма беріңіз.

  9. Мұхиттир, олардың түрлері, ондағы тіршілік туралы түсіндіріңіз.

  10. Таулар мен жазықтарды салыстырыңыз.



Лекция №27-28
Тақырыбы: Гидросфера. Гидросфера және атмосфера туралы түсінік.
1.Жер сфераларының бірі – гидросфера туралы түсінік
5.Атмосфера, құрамы мен құрылысы

1.Гидросфера -Жердің су қабығы.Гидросфера Жер бетіндегі барлық химиялық түрдегі ,яғни сұйық, қатты, бу түріндегі суды алып жатыр.


Гидросфера –грекше “гидрос”- су, „сфера”-шар дегенді білдіреді. Жер шарының су қабатын гидросфера деп атаймыз. Гидросфераға дүние жүзілік мұхит,жер асты сулары, жер беті сулары жатады. Гидросфера-сұйық, қатты, газ тәрізді күйінде тәуелсіз химиялық жағынан байланыссыз бүкіл суды қамтитын Жердің су қабығы.
Жер-Күн системасының ең сулы планетасы,оның бетінен 70%-тен көбін Дүние жүзілік мұхиттың тұтастай қамтыған.
Гидросфераның пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар.Оның ішіндегі ғалымдардың қолданылатын пікірі мынау: ол бойынша жер бетіндегі су жермен бірге пайда болған деген және жер қабықтары: литосфера, гидросфера, атмосфера-магма заттарының балқуынан пайда болды деген пікірлер болды.Осыдан соң жер бетін түгел Мұхит басып,ол мұхит таяз, минералданған, жылы болған делінеді.Уақыт өткен сайын оның суы тереңдеп, көлемі қысқара бастайды. Жауын-шашын молайып , Жер бетіндегі тұщы судың көзі осыдан пайда болды деген жорамал бар.
Жер бетіндегі бүкіл гидросфераның көлемі-1,39 млрд .км.3 (1-кесте).
Гидросфера және оның сандық көрсеткіштері.

Гидросфераның бөлшектері

Судың клемі млн.км.3 есебімен

Гидросфераның жалпы көлемі % есебімен

Дүние жүзілік мұхит

1340,74

96,49

Жер беті сулары.
Мұздықтар.
Көлдер мен батпақтар.
Өзенедер
Топырақ суы.
Жер асты сулары.
Жер асты мұздары

24,87
0,19
0,002
0,02
23,4
0,3

1,79
0,0137
0,0001
0,001
1,68
0,022

Биологиялық сулар.

0,001

0,0001

Барлық гидросфера.

1389,53

100

Жер бетіндегі тұзды су мөлшері-97,4 %. Бұл негізінен мұхит сулары б.т. Жер бетіндегі тұщы су мөлшеріне 2,6% тиесілі. Бұлар негізінен мұздықтарда шоғырланған.Сондықтан қазіргі таңда тұщы су проблемасы негізгі ғаламдық проблемалардың бірі болып табылады.
Су Жер бетінің 86 %-ін:71 %-мұхиттар болса, 15 % құрлық сулары (мұздықтар, көлдер, өзендер, су қоймалары, батпақтар ) алып жатыр.
2.Табиғи судың аса маңызды қасиеттері.
Су сутегімен оттегінің қарапайым қоспасынан пайда болады.
Жер беті жағдайында тек су ғана 3 күйде кездеседі.Сондықтан ол Жер бетіндегі географиялық қабықтарының барлығында кездеседі.
Жылу қабылдағышы.Су-Жер бетіндегі ең жылы денелердің бірі болып табылып, жазда мұхиттардың, өзендердің, көлдердің беткі қабаттары Күннің сәулелерін өзіне жұтып, қыста сол жылуды өзінен шығарады. Табиғатта су 3 күйде кездеседі: қатты, газ, сұйық және соған байланысты географиялық қабықтың барлығында кездеседі немесе өзінің әсерін тигізеді. Табиғи судың маңызды қасиеттерінің бірі-оның бір күйден екінші күйге ауысуы. Судың сұйық немесе қатты күйінен буға айналуы және керісінше будан сұйық күйге өтуі су немесе мұз бетіндегі бу қысымының белгілі бір дәрежесінде мүмкін және ол температураға байланысты болады. Таза су қалыпты қысым жағдайларында 1000 С –та қайнайды, 00 –та қатаяды.
Судың тағы бір ерекше қаситеттерінің бірі-ол судың әрдайым қоспалармен кездесуінде. Мысалы: су әрдайым түрлі тұзды болып келуінде.
Судың келесі қасиеті-судың жылу өткізгіштігі мен жылу сиымдылығында болып табылады.Су қоймаларын қыздырғанда араластыру басты роль атқарады. Мұз бұдан да гөрі аз жылу өткізгіштікке ие бола отырып, суды суынудан жақсы сақтайды.
Судың тағы бір ерекшелігі оның молекула аралық құрылысымен олардың өзара орналасу ерекшеліктерінде болып табылады.
1 см 3 сұйық суда 00С температурада 3,35·1022 молекула болады.
Су қарапайым екі атомдардың қосындысы болғанымен, Жердегі бүкіл тіршілік иесінің тарауына және дамуына үлкен әсері бар. Ғалымдар басқа планеталарды зерттегенде ол планетадағы тіршілікті табу мақсатында ең бірінші ол планетадағы –судың бар жоқтығын зерттейді.
Су тірі организмдердің құрамдас бөлігі болып табылады.өсімдіктердің құрамында 90% -ін су құрайды, адамның құрамында 60-65%-ін, адам сүйегіні 22%-ін , адам миының -75%-ін , адам қанының 92 % ін судан құралады.
Адам организміндегі судың “міндеттері ” мыналар:
- дене температурасын реттейді;
- адам терісіне оттегі мен қоректік заттар тасымалдайды;
-тамақты энергияға айналуына әсер етеді;
-қоректік заттардың қеректі органдарға жетуге көмектеседі;
- адам организмінде жиналған қалдықтар мен шлактардың шығуына әсер етеді.
Адам организмінде қоректік судың мөлшерінің өзгеруі және судың құрамындағы тұздылығының өзгеруі салдарынан ас қорыту процесі өзгереді.
Адам өз организміндегі судың азаюы бірден әсер етеді және сусыз бірнеше тәулік қана өмір сүреді. Адам өз организмінінің 2% суын жоғалтса организм шөлдеу процесі басталып, 10 % суын жоғалтса галлюцинация және жұтыну процесі бұзылады. 10-20% суын жоғалтса өміріне кері әсер тигізе бастайды. Жануарлар 20-25 % организм суын жоғалтса өледі.
Жұмыс түріне ,сыртқы ортаға байланысты адам тәулігіне 2- 4 литр су ішеді. Орташа тәуліктік сумен қоректену 2-2,5 литрге тура келеді.
3. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.
Теңіз – мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі, Фиджи теңізі).Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.
Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына сніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон, Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парся шығанағын құрайды.
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950 км) және терең (5248 м) бұғаз – Дрейф бұғазы; ал ең ұзыны (1670 км) – Мозамбик бұғазы.
4.Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз (мұз), бу (газ) және сұйықтық. Жер қыртысындағы суларға барлық тайыз орналасқан тегеурінсіз жер асты сулары немесе жергілікті (локольды) тегеурінді Жер асты сулары жатады.
Жер қыртысының жоғарғы қабаттарына сіңетін су құрлықтың жер асты суларын құрайды. Жер асты суларының негізгі көзі- атмосфералық жауын-шашындары, бірақ Дүние жүзілік ылғал айналымы тұйық қалмайды, әрі судың біраз мөлшері жер қыртысына мантиядан келеді.
Жер қыртысында орналасқан жер асты суларын жату жағдайларына қарай, аэрация зонасы суына, грунт суымен пласт аралық суға (қысымды және қысымсыз) бөлуге болады.
Аэрация зонасының сулары топырақ суы мен ыза сулары қамтиды.
Аэрация зонасында су шектеулі таралады да уақытша болады. Толтырылмаған кеуектерде ауа циркуляциясы болады. Топырақ суы топырақтың өзінен ажырамайды және сонымен бірге қарастырылуға тиіс. Ол ең үстіңгі бетте жатады, су өткізбейтін қабаты болмайды және ілмелі деп аталады.
Ыза су – шектеулі тараған, жергілікті су өткізбейтін жыныстар үстінде уақытша жиналған жер асты суы. Ол жаңбыр және еріген судың сіңуі нәтижесінде пайда болады, ағып кетеді және буланады. Ыза судың деңгейі шұғыл ауытқып тұрады, бірақ су баяу сіңетін болғандықтан грунт суының деңгейі бірдей көтерілмейді, жауын-шашын түскеннен немесе қар ерігеннен кейін едәуір уақыт өткен соң барып көтеріледі.
Грунт сулары деңгейінің жағдайына орман әсер етеді. Мұнда ашық жерге қарағанда жер бетінен булануға ылғал шығыны аз болады. Грунт суларының айнасының беті әдетте рельфтің төмендеуіне қарайғы бағыт бойынша еңісті толқын тәрізді болады. Грунт сулары грунт тасқындарын түзе отырып еңіс жаққа қарай фильтрленеді. Сирек су өткізбейтін пластик беті үңгіме болады. Әдетте сол жерде грунт бассейні пайда болады.
Атмосфера (грек.atmos-бу және sphaira-шар) –Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. Ол газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы 5,15.1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын Атмосферарының қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де, біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді. Атмосфера негізінен азот (78%), оттегі (21%), көмірқышқыл газы (0,03%) басқа газдардан тұрады.
Атмосферада барлық метеорологиялық өлшемдердiң кеңiстiктiк өзгерiсi байқалады. Атмосфераны, белгiлi бiр қасиеттерiнiң вертикальдi бағытта өзгеруiне байланысты, қабаттарға бөледi. Мысалы, температураның биiктiк бойынша таралуы, ауа құрамының өзгеруi және зарядталған бөлшектердiң болуы, атмосфераның жер бетiмен әрекеттесу сипаты және де атмосфераның ұшатын аппараттарға әсерi. Атмосфераның ауа құрамына байланысты гомосфера мен гетеросфера қабаттарына бөлiнетiнi жоғарыда айтылды. Атмосфера қабаттарға әсiресе ауа температурасының биiктiк бойынша таралуымен айқын бөлiнедi. Бұл термикалық қасиетiне байланысты атмосфера бес негiзгi сфералық қабаттарға бөлiнедi: тропосфера (орташа биiктiгi 12 км-ге дейiн), стратосфера (орташа алғанда 12–55 км аралығы), мезосфера (55–90 км аралығы), термосфера: ионосфера (90–800 км аралығы) және экзосфера (800 км-ден жоғары). Ол негiзгi қабаттардың арасында төменгi қабаттың атымен аталатын жiңiшке (1–2 км) өтпелi қабатшалар - тропопауза, стратопауза, мезопауза және термопауза болады.



3-сурет. Атмосфераның құрылысы.
1 – тропосферадағы шарбы және будақ бұлттар; 2 – маржан бұлттар;
3 – күмiс бұлттар; 4 – поляр шұғыласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет