Бақылау сұрақтары:
Гидросфера туралы түсінідіріңіз.
Судың қасиеттері қандай?
Судың адам өміріндегі маңызы туралы шағын Эссе жазыңыздар.
Теңіз, бұғаз, шығанаққа сипаттама беріңіздер.
Атмосфера, оның құрылысы, құрамы туралы түсіндіріңіз.
Лекция №29-30.
Тақырыбы: Биосфера. Географиялық қабықша
Биосфера, оның шекаралары
Географиялық қабық туралы түсінік
1.Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді, яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралы көп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп. атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп. қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процестер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті.
Биосфераның жоғарғы қабаты 25 км-де шоғырланған - “озон” қабатына дейін, ал биосфераның төменгі шекарасы литосфераны қамтыған.Төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар бұл қабатының шекарасын бірнеше метр тереңдікке дейін деп жорамалдаса, кейбір ғалымдар бірнеше жүздеген киллометрге дейін шоғырланған деген пікір айтады.Өйткені бұл тереңдікте кейбір тереңдіктегі бактериялар өмір сүреді.Биосфераға гидросфераның барлық аймақтары кіреді.
Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді.
Жер бетіне тірі организмдердің кең көлмде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.
Қазіргі таңда биосфераның сандық құрамы:
-жануарлар: 1,5-1,7 млн түрі.
-өсімдіктер: 350-500 мың түрі бар. Жер бетінде жануарлардың түрінің саны өсімдіктердің түрінің санына қарағанда көп болғанымен, Жердің биомассасының үлкен бөлігін өсімдіктер алып жатыр.
Гидросфераның тіршілігі 3топқа бөлінеді.
1.Планктон(planktos-блуждающий) –су бетінде ағысқа қарсы тұра алмайтын ,екі түрге бөлінетін –фитопланктон- өсімдіктерден құралған планктон дар, зоопланктон дар- жануарлардан құралған планктон дар
2.Бентос(benthos-глубина) – су түбіне жабыса өмір сүретін өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер.
3.Нектон(nektos-плавающий)-суда еркін жүзе алатын –балықтар т.б.
3.Географиялық қабық дегеніміз-Жердің сыртқы қоршаған қабығы, оның құрамына-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі. Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырын және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.
Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ.Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі. Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе(25 км биіктікте), төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км-ге жетеді.Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан.
Географиялық қабыққа тән ерекшеліктер:
-жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі организмдерден )тұрады;
-организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауларында тіршілік таралмайды;
-жерге түсетін күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланған. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты.Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңымен таралмайды;
-географиялық қабық құрамды болғанымен, біртүтас дүние;
-географиялық қабық әр-түрлі заттық құрамнан шоғырланған;
-географиялық қабықтың құрамындағы заттар 3 күйде кездеседі;
-тек географиялық қабықта тіршілік кездеседі.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге “суб” (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.
Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субтропиктік – тропиктік пен қоңыржай белдеулердің; субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) – қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |