Құралдың сипаттамасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қондырғыны пайдалану алдында қондырғы құрамына кіретін пайдалану құжаттамасымен мұқият танысыңыз.
Негізгі техникалық сипаттамалар
Сипаттама
|
Мәні
|
Габаритті өлшемдер, мм
|
360x380x650
|
Салмағы, кг
|
8
|
Орындалуы
|
үстел үстіне қойылатын
|
Пайдалану қуаты, , артық емес
|
50
|
Электр қуаты:
- бір фазалы айнымалы ток көзінен нольдік жұмысшы және қорғалған сымдар келетін кернеу, В;
- жиілігі, Гц.
|
220
50
|
Жиынтықпен бір мезгілде және белсенді пайдаланатын адамдар саны
|
2
|
«Ауаның жылу сыйымдық қатынасын анықтау» оқу-зертханалық құралдары жиынтығының жалпы түрі 1-суретте көрсетілген.
1-сурет. «Ауаның жылу сыйымдық қатынасын анықтау» оқу-зертханалық құралдарының жиынтығының жалпы түрі
Құралдың сипаттамасы мен құрамы
«Ауаның жылусыйымдық қатынасын анықтау» оқу-зертханалық құралдарының жиынтығы кеңістікті конструкциялы, үстелге қойылатын зертханалық қондырғы түрінде жасалған.
Зертханалық қондырғының құрамы:
Құрамы келесідей кеңістіктік конструкция:
көлемі 20 литр колба;
қорек блогы бар компрессор;
манометр;
қылтүтіктер мен крандары бар панель;
ауаның шығу клапанымен, басқару түймелерімен байланыстырылған сандық секундомер.
Зертханалық қондырғы жиынтық құрамындағы желілік шнур арқылы ~220В/50Гц айнымалы ток көзіне қосылады. «220В» кернеуді қосу жалғағышы зертханалық қондырғының бүйір бетінде орналасқан. Модуль беткі панельде орналасқан «СЕТЬ» батырмасының көмегімен іске қосылады.
Зертханалық қондырғының беткі панелі шартты белгілермен бірге 2-суретте көрсетілген
2-сурет. Зертханалық қондырғының беткі панелі: 1- крандар (К1-К6), 2 - қылтүтіктер, 3 – секундомер таблосы, 4 - «Сеть» батырмасы, 5 – манометр
Зертханалық стенд беткі панель арқылы басқарылады (3-сурет). Компрессор «Компрессор» батырмасын басып, ұстап тұру арқылы қосылады. Компрессорды қосылғандығын «Компрессор» жарықдиоды көрсетеді. «Старт/Стоп» батырмасы ауаны шығару клапанын ашады және автоматты түрде секундомерді іске қосады. Ауаны шығару клапанының қосылғандығын «Клапан» жарықдиоды көрсетеді. Клапанды жабу «Старт/Стоп» батырмасын екінші рет басу арқылы жүзеге асырылады, ол автоматты түрде секундомерді өшіреді. «Сброс» батырмасының көмегімен секундомер көрсеткіші тасталады.
7-сурет. Беткі панель (басқару).
Жұмысты орындау реті
І. Жұмысқа дайындалу:
Контрукцияны үстелге орнату.
Желілік кабельді контрукция жалғағышына және желіге қосу.
Су манометрінің өлшегіш түтігіндегі су деңгейі «0»-ді көрсететіндей етіп су қую.
Беткі панельдегі барлық крандарды жабу.
ІІ. Тәжірибені орындау тәртібі:
1. Атмосфералық қысым кезіндегі манометрдегі сұйықтың деңгейін өлшеңдер (h0).
2. «Компрессор» батырмасын басып, баллонға манометрдегі сұйық деңгейі 20-25 бөлікке орын ауыстырғанша ауа кіргізіңдер.
3. 2-3 мин уақыт өткен соң манометрдегі сұйық деңгейін өлшеңдер.
4. К1 кранын ашыңдар.
5. «СТАРТ/СТОП» батырмасын басып, ауаны шығару клапанын ашыңдар және манометрлердегі сұйық деңгейлерін теңестіріңдер.
6. Деңгейлер теңескенде «СТАРТ/СТОП» батырмасын басып, клапанды жабыңдар.
7. 3-5 мин уақыт өткен соң манометрдегі сұйық деңгейін өлшеңдер.
8. Алынған нәтижелерді 3-кестеге жазыңдар. Тәжірибені 3-5 рет қайталаңдар.
9. Келесі формула бойынша -тің мәнін есептеңдер:
10. -тің орташа мәнін және келесі формула бойынша өлшеу қателігін есептеңдер:
.
3-кесте
11. Келесі формула бойынша -тің теориялық мәнін есептеңдер:
12. және мәндерді салыстырыңдар
13. Ұзындықтары әртүрлі қылтүтіктер үшін тәжірибені қайталаңдар.
ІІІ. Қауіпсіздік техникасы
Қондырғыны пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Қондырғыны пайдалануға берілген паспорт пен пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысып шыққан және қауіпсіздік техникасымен таныс азамат жіберіледі.
Қондырғыны пайдалану алдында оның өшірулі тұрғанына көз жеткізу керек.
Кезкелген ақау мен бұзылу анықталған жағдайда, сонымен қатар түтін, ұшқын және күйік иіс байқалған жағдайда лезде қондырғыны токтан ажырату қажет.
Бұзылған қондырғыны пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Қондырғыны және оның құрамындағы бөлшектерді өзінің мақсатынан өзге мақсатта пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Қондырғының ішін ашуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Қондырғының принциптік сұлбасын және оның жалпы мақсатын өзгертуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Қондырғы салқын бөлмеде сақталған және қыс ауысында тасымалданған жағдайда оны желіге қосу алдында қаптамадан шығарылған күйінде кем дегенде 6 сағат бөлме темперасында тұруы тиіс.
Қондырғыны пайдалану кезінде «Пайдаланушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерін» және «Пайдаланушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін» сақтау қажет.
Қондырғыны ток ұру қауіпі төмен бөлмеде ғана пайдалану қажет.
Ток ұруды болдырмау үшін және қондырғының құрамдас бөліктерінің істен шығуының алдын алу үшін сыртқы қорек көздерін пайдалануға тыйым салынады.
Қондырғыны тез өртенетін және отты тез тарататын заттарға жақын жерге орнатпаңыз.
Қосулы қондырғына қараусыз қалдырмаңыз.
Қондырғының ішіне сұйық заттардың енуіне жол бермеңіз.
Қондырғыны күту режимінде ұзақ қалдырмаңыз (12 сағаттан аспауы тиіс).
Сынып қалмау үшін басқару батырмаларын пайдалану кезінде көп күш салмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тек жұмыс істеп тұрған электр көздеріне жалғағыштарды пайдаланыңыз. Олар бір-біріне берік киілетіндігіне көз жеткізіңіз. “Үштіктер” мен ұзартқыштарды пайдалану кезінде олар берік жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Заттың жылу сиымдылығы деп нені айтамыз?
2. Газдың меншікті жылу сиымдылығы дегеніміз не?
3. Газдың молярлық жылу сиымдылығы дегеніміз не? Оларды қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?
4. Ауа үшін СР және СV молярлық жылу сиымлығының мәндері қандай ? СР СV болса, мұны қалай түсіндіруге болады?
5.Р, СР=СV+ Р теңдеулері қандай жылу сиымдылықтар үшін дұрыс болып есептелінеді?
6. еркін дәрежесінің саны деп нені айтамыз?
7.γ адиабаттардың көрсеткіш мәні қандай: а) екі атомды газ үшін ? б) үш және көп атомды идеал газ үшін
8.Қандай газ үшін ( бір атомдық немесе екі атомдық)- адаибаталық графигі өте тік болады.?
9.Адибалық процесс үшін термодинамиканың бірінші бастамасын жазыңыз.
10. PV= const: PVγ= const теңдіктерімен қандай процесстер сипатталған?
11.Газдың температурасы мен қысымы қалай өзгеруі мүмкін: а) адиабаталық ұлғаюда б) адиабаталық сығылуда .
12. Диаграммада көрсетілген (2-сурет, 89 б.) баллондағы ауа қандай күйде болуы мүмкін: а) бөлме температурасында; б) атмосфералық қысымда болуы мүмкін.
13. Егер баллонда ауа қысымы артық болса, К2 кранын ашуда қандай процесс орындалады ?
14. Газды адиабаталық ұлғайту тәжірибесінен кейін қандай процесс орындалады?
15.γ адиабата көрсеткішін есептеу үшін жұмыста қандай шамаларды өлшеу керек?
16.γ жылу сиымдылықтарының қатынасының мәні қандай формуламен анықталады:
а) тәжірибелік; б) теориялық?
Достарыңызбен бөлісу: |